Реферат Тақырыбы: Қазақ хандығының ХҮІғ. басындағы әлеументтік-экономикалық және саяси жағдайы
Орындаған: Мустафина З.А. Студент: АиУ-22-1 Қабылдаған: Алланиязов Т.К.
Жоспар: I.Кіріспе: 1. Қазақ хандығының құрылуы мен саяси алғышарттары 3
II.Негізгі бөлім: 1. XVI ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайына шолу 6
2. Ел басындағы әлеуметтік-экономиялық жағдайлардың халыққа әсері 15
III.Қорытынды бөлім: 1. XVI ғасырда қазақ халқының бастан өткерген қиын кезеңіне мәлімет бере кету 26
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 27
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты:қазақ халқының мәдениетінің, шаруашылығының және тұрмысының, қазақ қоғамының таптық-сословиялық бөлінуінің ерекшеліктерін ашып көрсету. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғы шарттарын, осы үдерістегі саяси қайраткерлердің ролін көрсету. Сонымен қатар қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуін және жоңғар шапқыншылығын атап өту.
Жұмыстың міндеті: студент білуі қажет:
- XVIІ-XVIІІ ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы;
- Есім ханның Сырдарья қалаларына жүргізген күресі;
- қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі;
- Тәуке ханның билік жүргізген жылдары;
- жоңғарлар агрессиясы және оның салдары;
- Қазақстанның Ресейге қосылуындағы алғышарттары.
Жұмыстың өзектілігі: Қазақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең байтақ жерінде етек алған әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Әр текті экономикасы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілікті, сауда-қолөнер кәсібі бағытындағы қала шаруашылығы бар облыстардың табиғи интеграциясы негізінде XIV—XV ғғ. бірыңғай экономикалық аймақтың құрылуы сол аймақтың барлық жерін саяси құрылымға біріктіруге жағдай әзірледі.