Әйелдің жыныс гормондары эстрогендер - деп аталады, олар аналық безді түзеді. Негізгі гормон эстрадиол, ол эстронға қарағанда активтілігі 20 есе аз эстриолға айналуы немесе (активтілігі эстриолға қарағанда 40 есе аз) эстронға айналуы мүмкін.
Химиялық табиғаты жағынан холестеринің туындысы А сақинасында үш қос байланысы бар және ОН тобы С3, С17, С16 кездеседі. Эстрадиолда екі ОН тобы бар (С3, С17); Эстриолда үш ОН тобы бар (С3, С16, С17); Эстронда тек бір ОН тобы бар (С3). Жалпы физиологиялық әсерінен басқа әйел организміне ерекше әсер тигізеді. Әйел жыныс органдарының қалыптасуына және қызметін атқаруына ықпал етеді. Миометрий және эндометрий стромасының өсуі есебінен эндометрий қан тамырларының дамуын, жыныс бездерінің өсуін арттырып, жатырдың жетілуін, жыныс гормоны аналық ұрық жүретін жол, қынап, сүт бездерінің өсуін қамтамасыз етеді. Эстрогендер сүт бездері қызметінің реттелуіне қатысады. Бұл гормон жетіліп келе жатқан фолликулаларда түзіледі, ал бөлінуі етеккір цикліне тәуелді, овуляция кезінде өте көп мөлшерде бөлінеді (овуляция дегеніміз фолликуланың жарылуы). Жарылған фолликуланың орнына сары дене пайда болады. Сол кезде эстрогендер синтезі бірден азаяды. Бұл денеде лютеостерон немесе прогестерон деген гормон синтезделеді, бұл гормондарды екіқабаттық гормон дейді. Сары денеден басқа прогестерон нәрестенің жолдасында, ұрық безінде, бүйрек үсті безінде синтезделуі мүмкін. Қанға тек қана сары денеде синтезделген прогестерон түседі, басқа тіндерде түзілген прогестерон жергілікті әсер етеді. Химиялық табиғаты жағынан кортикостероидтарға (КС) ұқсас, сондықтан аз болса да, осы гормондардың әсерін тигізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |