Қабылдаған: Рустамбекова М


ЕҚЫҰ-ның негізгі органдары



бет2/3
Дата02.03.2023
өлшемі42,83 Kb.
#71352
түріҚұрамы
1   2   3
ЕҚЫҰ-ның негізгі органдары: Саммит (жоғары деңгейдегі кездесу) – қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының мерзім сайын өткізіліп тұратын кездесуі. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) – қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы (жоғары деңгейдегі кездесуден басқа жылдары) кездесуі. Тұрақты кеңес – жыл бойы осы лауазымдағы төрағаның же­тек­ші­лігімен тұрақты негізде саяси консультациялар өткізіп, шешім қа­былдайды (апта сайын Венада, Ұйымның штаб-пәтерінде жиналады). Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум – қарулануды бақылау және Сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар (СҚНШ) мәселелерін тұрақты талқылайды (Венада апта сайын жиналады). Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы коммисар. ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жө­ніндегі бюросы. ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясы. БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкіл – қатысушы мем­лекет­тердегі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жағдайдың дамуын бақылайды. ЕҚЫҰ басшылығы Төраға – ЕҚЫҰ-ның ағымдағы қызметін басқарады. ЕҚЫҰ меке­мелері/институттарының жұмысын үйлестіреді. Ұйымнан өкілдік етеді, қауіпсіздік саласындағы үдерістерді бақылайды және жанжалдар мен дағдарысты жағдайларды шешуге ықпал етеді. Бас хатшы – хатшылыққа жетекшілік етеді. Министрлер кеңесімен 3 жыл мерзімге тағайындалады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның ресми тілдері: ағылшын, испан, итальян, неміс, орыс, француз тілдері болып табылады. Негіз қалаушы құжаттар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытынды актісі, 1975 жыл. Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясы, 1990 жыл. Еуропадағы кәдуілгі қарулы күштер туралы шарт, 1990 жыл. Бонн құжаты, 1990 жыл. Копенгаген құжаты, 1990 жыл. Еуропа қауіпсіздігі хартиясы, 1999 жыл. Негізгі міндеттер мен мақсаттар Бірінші «себет» немесе әскери-саяси өлшем: қаруланудың таралуын бақылау; жанжалдардың алдын алу жөніндегі дипломатиялық күш-жігер; сенімді қарым-қатынас құру және қауіпсіздік жөніндегі шаралар. Екінші «себет» немесе экономикалық және экологиялық өлшем: экономикалық-экологиялық қауіпсіздік. Үшінші «себет» немесе адами өлшем: адам құқын қорғау; демократиялық институттарды дамыту; сайлаулар мониторингі. Барлық қатысушы мемлекеттер теңдей мәртебеге ие. Шешімдер консенсустық негізде қабылданады. Олар заңдық міндетті сипатқа ие емес, бірақ үлкен саяси маңызы бар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет