Қабылдаған: Рустамбекова М



бет3/3
Дата02.03.2023
өлшемі42,83 Kb.
#71352
түріҚұрамы
1   2   3
Ұйым штаты – басшылық органдарда жұмыс істейтін 370-тей адамнан, сондай-ақ 3 500 адам шамасындағы далалық миссиялар қызметкерлерінен тұрады
Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан арасындағы байланыстар сонау Қазақстан тәуелсіздігін алған соң басталады. КСРО ыдырап оның орнына бірнеше мемлекеттер құрылған болатын,солардың әрине біріде бірегейі ол Қазақстан.Қазақстанның әлемдегі 4 ші мықты атом қаруына еге болып қалуы әлем жұртын біраз алаңдатқан болатын сол қарсаңда Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы да өз қатарына қосуға мүдделі болды .Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ қосылуы туралы өзінің ойында бұл Қазақстанды әсресе сол кездегі ешкім біле бермейтін жаңа Қазақстанды әлем алдында таныту болды деген.Алғашында Қазақстан ұйым шарттарына келісе отырып Хелсинки пактісіне қол қойды,кейін Жана Париж актісіне де қол қойып осы ұйымның белді мүшесіне айналды .Елбасымыз Н.Назарбаев ұйым жұмысына белсенді араласты ол Хелсинки .Будапешт,Лиссабон ,Стамбулдағы саммиттеріне белсенді қатысты.Будапеште өткен саммитте әлем қайраткерлерімен қатар бір трибунада сөз сөйлеп,әлем алдында Қазақстанды танытты.1998 жылы 2-3 желтоқсанда ҚР мен ЕҚЫҰ арасында өзара түсінік туралы мемарандумға қол қойылды.1999 жылы Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталыға ашылды.Ол кейін 2007жылы елордамыз Астанада Орталық болып қайта ашылды .ҚР Президенті Н.Назарбаев 1999 жылы Стамбулдағы саммитке қатысады.1993 жылы ЕҚЫҰ басшылары ресми іссапармен келді.
Қазақстан 2003 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету ниетін білдіреді.Ол 2005 жылы Қазан қаласында өткен ТМД мемлекеттер басшыларынын жиынында қолдау тауып беделді ұйымға төрағалық ету жұмыстарына әзірлік басталады. Кейін бұл ниет ЕҚЫҰ жиынында талқыланды.ЕҚЫҰ басшылары Қазақстанға келді сол кездегі басшысы испания өкілі Қазақстанға келіп Н.Назарбаев,сенат төрағасы Қ.Тоқаев.К.Мәсімов.Д.Ахметовпен кездесіп осы ұйымға басшылық ету ұсынысын талқылады.2009 жылы қарашада Мадридте ЕҚЫҰ сырты істер министрлері кеңесі 15 ші отырысында АҚШ пен Ұлыбритания қарсылық білдірді,ал Нидерланды,Германия,Испания,Франция жіне ТМД елдері өз келіскмдерін беру нәтижесінде ЕҚЫҰ на Қазақстан 2010жылы басшылық етуі жөніндегі шешімі қабылданды.2010 жылы елордамыз Астанады ЕҚЫҰ-ның саммиті өткен болатын.Астана саммитіне 55елдін басшылары мен өкілдері,6 мыңға жуық қонақ,1.5мыңнан астам БАҚ өкілдері келген болатын.
Қорытынды
Еуропалық Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әлемдегі қауіпсіздікпен дағдарыстың алдын алу мақсатында құрылған бірегей ұйым.Ұйымға 56-57 ел мүше болып табылады.Ұйым Хелсинки және Жаңа Париж хартиясы негізінде жұмыс атқарады.Ұйым міндеті Халықаралық жанжалдар мен соғысты болдырмау қауіпсіздікті сақтау және дағдарыстың алдын алу болып табылады.Ұйымның өз басқару құрылымы да бар.Саммиті өтіп тұрады.Саммитте көптеген Хаоықаралық мәселелер қаралыды.Хелсинки,Будапешт,Лиссабон,Стамбул,Астан қалаларында саммиттері болып өткен.Ұйым жұмысына сыртқы істер басқармасы басқарушылары және ел басшылары белсенді қатысады .Қазақстан ұйымға 1992 жылы мүше болып қабылданды.Сол жылдан бері өзара тығыз қарым-қатынаста болып келеді.Елбасымыз тұңғыш президент Н.Назарбаев ұйым жұмысына белсенді араласты.Ол Хелсинки,Будапешт,Лиссабон,Стамбул,Астана саммиттеріне белсене қатысты.1994 жылы Будапешт саммитінде сөз сөйлеп 55ел басшыларымен өткен саммитте өз ойын жеткізді.2003 жылы Қазақстанның осы ұйымға басшылық ету өтінішін білдірді.Ол ТМД және Еуропа елдерінен қолдау тауып 2010 жылы Қазақстан осы ұйымға басшылық ету мәртебесі берілді.2010 жылы Астанада саммит өтті.Ол саммитке 56 ел басшылары қатысты.Қазақстанды әлемге танытқан ең елеулі оқиға болды.

Қолданылған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет