7 бөлім. Ортағасырлық Батыс және араб-мұсылман мәдениеті мәдениеті Батыс мәдениетінің архетиптері мен хронотоптары. Христиандық діннің мәдени
өрісі. Христиандық дүниетаным және мәдени тұтастық. Иудаизм және алғашқы
христиандық мәдениет. Ресми-шіркеулік және халықтық карнавалдық мәдениет.
Еуропадағы қалалық мәдениет және бұқаралық сананың ырғақтары.
Ренессанс ұғымының мәдениеттанулық маңызы. Еуроорталықтық Ренессанс
ілімдеріне сын. Батыс және Шығыс Ренессансы. Итальян Ренессансы. Батыс Еуропа
Ренессансындағы поэзия мен бейнелеу өнерінің рөлі.
А. Яссауидiң "Диуани хикмет" еңбегінің мәдени-тарихи мәнi. Орта ғасырлардағы
исламдық көркем мәдениет. Араб-мұсылман Қайта өрлеуінің ақындары (Фирдоуси,
Хафиз, Хайям, Науаи және т.б.).
8 бөлім. Жаңа замандық Батыс мәдениеті Қазіргі Батыс өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері. Батыстық өркениеттің
әлеуметтік-мәдени негіздері: алғашқы қор жинау, нарық, азаматтық қоғам, вестернизация.
"Фауст" адам және протестанттық этика. Жаңа Заман философиясы және еуропалық ойлау
стилінің қалыптасуы. Өнеркәсіптік төңкерістер мен техникалық өркениеттің қалыптасуы.
Реформация. Ағартушылық пен Романтизм. Отаршылдық пен әлем бөлінісі. Әлеуметтік
қақтығыстар. Атеизм, революциялық сана мен материализм. Француз ағартушылары Ж.-
Ж. Руссо, Д. Дидро, Ш.Монтескье және П. Гольбахтың прогресске сену, бостандық ой,
дінді сынау туралы ой-пікірлері. Ағылшын ағартушылығы: өмір сүрудің, жеке меншіктін
құқығы жайындағы теориялары.
Қазіргі Батыс мәдениетінің парадигмалары. ХХ ғасырдағы әлеуметтік жанжалдар
және бүкіладамзаттық өркениеттіліктің қалыптаса бастауы. Күш көрсетпеу этикасы және
жаңа гуманизм. ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттер және батыстандыру шектері.
Бұқаралық және экрандық мәдениет.
9 бөлім. Ресей мәдениеті Ресейлік мәдени типтер (Н.Бердяевтың зерттеулері). Славяндық мәдени типке
Н.Данилевскийдің берген бағасы. Византиялық, скандинавтық, түріктік ықпал. Киев Русі
және христиандықты қабылдау. Шығыс славяндары мәдениетіндегі ескі діни наным-
сенімдердің алатын орны. Ежелгі орыс жазбалары. Татар-моңғолдық кезең. Батыспен
мәдени байланыстардың азаюы. Шығыс славяндардағы этникалық ыдырау. Мәскеулік
кезең. Күшті мемлекеттілік идеясы. Мәскеу – ІІІ Рим. Сословиялар мен патримониалдық
басқару жүйесінің қалыптасуы. Христиандырылған Шығыс және латындық Батыс
Еуроазиялық мәдени тип. І Петр кезеңі. Мәдени реформалар. Ресейді батыстандыру. Орыс
мәдениетінің "алтын және күміс" ғасырлары. Славянофилдер мен батысшылдар.
Империялық мәдениет. Ресейлік интеллигенцияның ерекшеліктері. Орыстың социалистік
мәдениеті. Тоталитарлық мәдениет коллизиялары. Иммиграциялық орыс мәдениеті. Кеңес
Одағы ыдырауының әлеуметтік-мәдени себептері. Ресей мәдениетінің болашағы.