Қабілетті оқушылармен жұмыс жоспары Бастауыш сынып мұғалімі: 2021-2022 оқу жылы



бет1/2
Дата18.02.2023
өлшемі51,12 Kb.
#69062
  1   2
Байланысты:
Қабілетті оқушымен жұмыс жоспары


М.Тоқжігітов атындағы №42 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қабілетті оқушылармен
жұмыс жоспары


Бастауыш сынып мұғалімі:

2021-2022 оқу жылы

Түсінік хат
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді.
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарыққол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарлан боз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Сонымен, дарынды дегеніміз – адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.


Мақсаттары мен міндеттері:

  • Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық жәнеә леуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

  • Жан-жақты ақпараттандыру;

  • Коммуникативті бейімдеу;

  • Білімнің бағасын арттыру,

  • Пән бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,

  • Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру

  • Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет