Қабілеттілік


Қабілеттілік туралы теориялар



бет4/7
Дата23.10.2022
өлшемі116 Kb.
#45067
1   2   3   4   5   6   7
4. Қабілеттілік туралы теориялар.


Психология ғылымында қабілеттілік жайлы әртүрлі теориялар қалыптасты. Кеңінен тараған теориялардың бірі — қабілеттіліктердің тұқым арқылы берілетіндігі, адамның туа біткен психикалык ерекшелігі туралы теория. Идеалистік философияның атасы Платон қабілеттіліктер туа біткен қасиеттер деп тұжырымдады.
Ал XVII гасырда Декарттың еңбектерінде туа біткен идеялар туралы ілім ретінде қарастырылады.
Ғылыми психология қабілеттіліктердің туа біткендігін жоққа шығарады.
1875 жылы ағылшын антропологі әрі психологі Ф.Гальтон "Таланттың тұқым қуалауы, оның заңдары және салдары" атты кітабын жариялады. Ол еңбегінде тарихқа белгілі адамдардың туыстық байланыстарын зерттей келіп, дарындылық тұқым арқылы берілетіндігін дәлелдемек болды. Бірақ Галътонның тұжырымдарында ғылыми негіз болмады. Гальтонның материалдары бойынша бірден-бір жасауға болатын қорытынды белгілі, бай және білімді адамдардың отбасылары интеллектуалдық еңбекпен айналысу үшін қажетті сапаларды дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыратындығы туралы айтқан ойларын атауға болады.
Гальтонның зерттеуі бойынша атақты композитор Бахтардың отбасында, мысалы, музыкалық талант алғаш рет 1550 жылы аңғарылды және бес ұрпақтан кейін ұлы композитор И.С.Бахта талант ерекше аңғарылды. Бахтардың отбасынан 60-қа тарта музыкант шықты, оның ішінде 20-сы ұлы музыкант болды.
Осыдан кейбір жалпы қорытындылар жасайтын болсақ, көп жағдайда ұлы адамдардың тұқымдарын зерттеу биологиялық түқым қуалауды емес, әлеуметтік жағдайлардың қабілеттіліктерді дамытуға қолайлы әсер ететіңдігін аңғаруға болады.
Сонымен қатар Бахтардың отбасынын үлгісі музыкалық нышандардың тұқым арқылы берілетіндігі туралы негіздің орын алатындығын ескерген жөн. Оларда бір ұрпақтан екінші ұрпаққа есту анализаторларының құрылымы мен іске асуының белгілі ерекшеліктері тұқым арқылы берілуі мүмкін.
Френология ғылымының пайда болуы Франц Иосиф Галль (1758-1828) есімімен тығыз байланысты.
Адамның немесе жануарлардың психологиялық ерекшеліктері бас сүйектің сыртқы бітімімен байланыстылығы туралы ілім.
Оның ілімінің негізіне бүкіл адамзаттың қабілеттіліктері "ақыл" мен "жүректің" барлық сапалары бас мидың жартышарларында өзінің арнаулы орталықтары орналасқан. Бұл сапалардың даму дәрежесі мидың сәйкесті бөліктерінің көлеміне тікелей байланысты деп түсіндіреді. Бас мида орналасқан орталықтардың әрқайсысында адамның белгілі бір қабілеті шоғырланған. Осы қабілеттілік күшті дамыған жағдайда мидың тиісті орталығы да өте дамыған болады. Осының өзі бас сүйектің бітімінде көрінеді-міс. Бұған негізделген арнаулы өлшемдер арқылы френологиялық карта жасалады. Онда музыкаға, поэзияға, сурет салуға "қабілеттіліктердің дөңестерін", "атаққұмарлық, сарандық, ерлік және т.б. қасиеттердің" дөңестерін бейнелеуге болады деп тұжырымдайды.
XIX ғасырда френология психодиагностика әдісі ретінде барынша кеңінен қолданылды. Алайда, бас сүйекке жасалған көптеген зерттеулер оның ми қабағының нысандарын әсте де қайталамайтындығын, сондықтан бас сүйектің орталықтары мен дөңестеріне карап адамның ақыл-ой қабілеттілігін, мінез ерекшеліктерін анықтауға әрекеттенудің негізсіз және ғылымға мүлде қарсы болатындығын көрсетті.
Қабілеттілік тұқым куалау арқылы беріледі деген теорияға қарама-қарсы қабілеттілік өмірге келгеннен кейін қоршаған орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы теорияны атауға болады. Бұл теорияны алғаш рет XVIII ғ. ғылымда Гельвеций тұжырымдаған болатын. Ол қабілеттілікті қалыптастыруда тәрбиенің ролін ерекше бағалады.
Жаңа кезеңде америка ғалымы У.Эіпби қабілеттіліктер және тіпті дарындылық өмірде қалыптасқан қасиеттерге байланысты екендігін ерекше атады. Ол мың рет сәтсіздікке үшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан адам қабілетті де осыны шешпей тастап кеткен адам — қабілетсіз дейді. Психологтардың зерттеулері мен байқаулары қабілеттің биологиялық алғышарттары болатындығын жоққа шығармайды. Психолог-ғалымдар мидың, жүйке саласының құрылымында туғаннан, тұқым арқылы берілетін кейбір ерекшеліктер (нышандар) қабілеттіліктердің дамуына қолайлы жағдайлар жасайтындығын және ерекше рөл атқаратындығын дәлелдеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет