Қабілеттілік


Педагогикалық қабілеттілік және оның құрылымы



бет5/7
Дата23.10.2022
өлшемі116 Kb.
#45067
1   2   3   4   5   6   7
5. Педагогикалық қабілеттілік және оның құрылымы.


Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғамдық қызметі өз тәрбиеленушілерінің, ата-аналарының, бүкіл жұртшылықтың тарапынан мұғалімнің жеке басына, оның моралдық бейнесіне орасан зор талаптар жүктейді. Ең бірінші білікті мұғалімге қойылатын талап — педагогикалық қабілеттіліктің болуы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте қажет, ал мұғалім үшін ол ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Мұғалімде педагогикалық бейімділіктің болуы — оның еңбектегі нәтижесінің кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да педагогикалық институттарда әрі қарай дамып, жетіледі.
Демек, идеалдық жағдайда педагогикалық қызмет пен мамандыққа бейімділік аңғартқан, дарынды, қабілетті адамдар айналысуы қажет.
Педагогикалық қабілеттілік (талант, мамандықты сүю, нышан) педагогикалық мамандықты ойдағыдай меңгерудің шарты болып табылады, бірақ шешуші кәсібі деп қарастыруға болмайды. Қаншама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен, шын мәнінде, педагог болып шыға алмайды, керісінше, алғашында жеткіліксіз қабілеттілік аңғартқан ұстаздар кейіннен педагогикалық шеберліктің шыңына жеткені қанша? Сондықтан да педагогтің қажетті кәсіби сапаларына еңбексүйгіштігін, тәртіптілігін, жауапкершілігін, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзінің кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.
Мұғалімді кәсіптік-педагогикалық даярлау проблемасын зерттеуге арналған еңбектерде (Ф.Н.Гонобалин, Т.А.Воробьева, Н.В.Кузьмина, ВАСластенин, Р.И.Хмелюк, Н.Д.Хмель, А.И.Щербаков және т.б.) кез келген адамның мұғалім бола алмайтындығы дәлелденген. Мұғалімдік мамандықтың соншама көптігіне қарамастан, оны меңгеру үшін қабілеттіліктер мен тұлғалық сапалардың ерекше қатаң құрылымы, белгілі әлеуметтік-психологиялық бейімділік қажет.
Психологтар профессиограмманы негіздеуде педагогикалық қабілеттіліктердің түрін анықтауға көңіл бөледі.
Мәселен, В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді қарастырды. А.И.Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттіліктерге дидактикалық, конструктивтік, перцептивтік, экспрессивтік, коммуникативтік жоне ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді жатқызды. Осы кездегі мамандыктардың ішінде ең көп және жан-жақты зерттелгені деп педагог мамандығын айтуға болады. Педагогтің жалпы кәсіптік іс-әрекеті мен қабілеттілігі, мамандығы жөніндегі икемділіктері мен дағдылары басқа мамандықтар үшінде пайдалы екендігі байқалады.
Педагогикалық қабілеттіліктер — шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімнің жоғары нәтижелерге жетудің шарты болып табылатын жеке тұлғаның белгілі психологиялық ерекшеліктері.
Педагогикалық қабілеттіліктерде жеке тұлғаның коммуникативтік қасиеттері жетекші рөл атқарады, ең алдымен, қабылдау саласына қатысты перцептивтік (олардың ішінде-бақылағыштығы) қабілеттілік. Олар мұғалімге шәкірттің психологиясын, жан дүниесін, оның психикалық жағдайын нақты жағдайда соған сәйкес қабылдауға, сынып ұжымының жағдайын дұрыс бағалауға мүмкіншілік жасайды.
Мұғалімнің коммуникативтік касиеттерінің құрамды бөлігі эмпатияға даярлығы, демек, шәкірттердің психикалық жағдайын түсінуге ұмтылуы деп білеміз. Осының қажетті шарты — балаға жүрек жылуы. Ең соңында, мұғалімнің коммуникативтік қасиетінің үшінші бөлігі әлеуметтік өзара әрекеттегі жоғары дамыған қажеттілік деп есептеледі, ол білім беруге ұмтылуды, балалармен карым-қатынасты, балалар ұжымының өмірі мен қызметін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігінен анғарылады.
Педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымына кіретін жеке тұлғаның кейбір қосымша қасиеттері мен ерекшеліктерін атауға болады. Бұл ең алдымен ақылдың белгілі сапалары: өткірлігі, сыншылдығы, бірізділігі және т.б. Мұғалімнің сөйлеу тілінің мәні орасан зор: шешендік қабілеттілігінің байқалуы, тілінің лексикалық байлығы және т.б. Мұғалімнің бойында артистік сапалардың болуы (бейнелі қиялдау, фантазияға бейімділігі) осы сапалардың бәрі педагогикалық кызметте жетістіктерге жетуде белгілі рол аткарады.
Педагогикалық кабілеттіліктер — тиімді педагогикалық кызметтің шарты ғана емес, сонымен қатар көп жағдайда мұғалімнің жемісті жұмысының нәтижесі. Педагогикалық қабілеттіліктер мұғалімнің психологиялық қасиеттерінің, қатынастарының және әрекеттерінің жалпы құрылымында байқалады, қалыптасады және дамиды.
Тәжірибе және арнаулы зерттеулер көрсеткендей, мұғалімнің өзінің педагогикалық қабілеттіліктерін мақсатты қалыптастыруы және дамытуы толықтай шындық болып табылады.
Жеке тұлғаның перцептивтік қасиетінің негізгі элементі — бақылағыштық педагогикалық тәжірибені меңгеру үрдісінде, сонымен қатар педагогтің арнаулы күш-жігерінің нәтижесінде дамиды және жетіледі.
Белгілі психологтар мен педагогтар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, Н.Д.Левитов, И.В.Страхов, В.А.Сластенин сонымен катар басқа да психолог, педагог ғалымдардың зерттеулері педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымын қарастыруға мүмкіншілік берді. Бұл зерттеулердің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымында ерекше орын алатын бірнеше түрлеріне немесе компоненттеріне тоқталамыз. (негізіне Н.Ф.Гоноболин ұсынған үлгі алынды):
1. Дидактикалық қабілеттіліктер — шәкірттерге оқу материалын түсінікті түрде жеткізе білу, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушылардың өз бетімен белсенді ойын дамыту қабілеттілігі. Дидактикалық қабілеттің негізіне шәкірттердің дара психологиялық ерекшелігін ескере отырып, жаңа материалды тиімді әдістерді және тәсілдерді пайдаланып түсіндіру.
2. Академиялық қабілеттіліктер — белгілі ғылым саласына қабілеттіліктер (математикаға, физикаға, биологияға, әдебиетке және т.б.). Қабілетті мұғалім оқу материалын оқу курсының көлемінде ғана біліп қоймайды, одан кең және терең біледі, әруақытта да өз ғылымы саласындағы жаңалықтарды біліп отырады. Мұғалім өте жоғары мәдениетті, эрудициясы жан-жақты болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет