Қабілеттілік


Перцептивтік қабілеттіліктер



бет6/7
Дата23.10.2022
өлшемі116 Kb.
#45067
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
абілеттілік

3. Перцептивтік қабілеттіліктер — шәкірттің ішкі жан дүниесіне бойлай білетін, шәкірттерді нәзік түсіне білумен байланысты психологиялық байқағыштық қабілеті бар мұғалім, тәрбиеші елеусіз белгілері бойынша сыртқы белгілерге шәкірттің ішкі жағдайындағы сәл ғана өзгерістерді анғарып отырады.
4. Тілдік қабілеттіліктер - өз ойын және сезімін тілдің мимика және пантомиканың көмегімен ашық және анық білдіре білу қабілеттілігі. Бұл мұғалімдік мамандықтардың ең негізгі қабілеттіліктерінің бірі, себебі ақпаратты мұғалімнен шәкіртке жеткізу негізінен екінші сигнал жүйесі арқылы, сөздік сипатта іске асады.
Қабілетті мұғалімнің тілі әсерлі, бейнелі, ырғақтық жағынан мәнерлі, эмоциялық тұрғыдан көркем, сөйлеу дикциясы анық, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық қателіктер кездеспейді.
5. Ұйымдастырушылық қабілеттіліктер — бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыра білу қабілеттілігі, негізгі міндеттерді шешуге оны жұмылдыру және жігерлендіру, екіншіден, өзінің жекеменшік жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттілігі. Өзінің ұйымдастыру жұмысын дұрыс жоспарлау іскерлігін және оны өзі бақылауын қажет етеді.
6. Бедел қабілеттіліктері — шәкірттерге тікелей эмоциялық-еріктік әсер ету және осының негізінде беделге ие болу қабілеттілігі. Бедел (авторитарлық) қабілеттіліктер мұғалімнің еріктік сапаларына байланысты (тез тоқтамға келу, ұстамдылық, табандылық талап қоя білу және т.б.), сонымен қатар, шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеу үшін жауапкершілік сезімі, мұғалімнің сенімділігіне байланысты.
7. Коммуникативтік қабілеттіліктер - балалармен қарым-қатынас жасау, шәкірттерге дұрыс қатынас жасауды таба білу ептілігі, олармен, педагогикалық тұрғыдан қажетті өзара қарым-қатынасты орнату, педагогикалық тәлімнің болу қабілеттілігі. Педагогикалық тәлімді зерттеуде ерекше үлес қосқан И.В.Страховтың айтуы бойынша, бұл жағдайда негізгісі — шәкіртке әсер етудің ерекше тиімді тәсілдерін табу икемділігі, тәрбие ықпалдарын қолдануда педагогикалық тұрғыдан орынды сақтау, нақты педагогикалық міндеттерді және шәкірттің ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, педагогикалық ахуалды ескеріп отырудың қажеттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет