Қабір азабы арабшадан аударған: А. Зулай 2 ббк 86. 38 Қ 13


«Әрине, оларға зор азаптан бұрын төменгі дәрежелі



Pdf көрінісі
бет15/48
Дата27.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#110703
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
«Әрине, оларға зор азаптан бұрын төменгі дәрежелі 
азаптан таттырамыз. Мүмкін олар райдан қайтар»
1
, – 
делінген. 
Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) 
бастаған бір топ ғалымдар осы аятты қабір азабына дәлел ретінде 
келтірген. Олардың бұл аятты дәлел етіп келтірулері анық емес. 
Себебі олардың бұл дүниеде көретін осы азаптары оларды 
күпірліктен қайтуға алып бару керек және бұл үмбеттің данасы 
әрі Құранның білгірі Ибн Аббасқа жасырын емес еді. Бірақ ол 
өзінің Құранды терең түсіне білетіндігінің арқасында бұл аяттағы 
азаптың қабір азабы екендігін түсінген. 
Себебі, Аллаһ тағала залымдар үшін үлкенді-кішілі екі азап 
барын және оларды төменгі дәрежелі азаптардың кейбір түрімен 
сынаққа алатынын хабарлады, мүмкін олар бұзақылықтан 
тыйылар. 
Міне, бұл – олар үшін төменгі дәрежелі азаптан басқа да 
жазалар болатынына, сөйтіп олар бұ дүниеде де тауқымет 
шегетіндеріне дәлел. Сол себепті «төменгі дәрежелі азаппен» 
емес «төменгі дәрежелі азаптан» деп қолданды. Міне, бұл 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.): 
«Оған тозақ отынан саңылау 
ашылып, ыстық лебі мен жалынынан келеді...»
, – деген сөзіне 
сәйкес келеді. 
Пайғамбар (с.а.с.) «ыстық лебі мен лаулаған жалыны келеді» 
демеді. Сондықтан оған жеткен жаңағы азап аздап әсер етуі ғана, 
ал одан зоры кейінге қалдырылды. Сондай-ақ Аллаһ тағаланың 
дұшпандарының бұ дүниедегі көрген азаптары түкке тұрмайды, 
алда шын мәнінде ауыр, ақыр-соңы жоқ одан да зор азаптар 
күтуде. 
Аллаһ тағала: 
«Ал жан алқымға келген кезде сендер 
(яғни, 
өлім үстінде жатушы)
қарап қаласыңдар. Негізінде ол өліп 
бара жатқанға біз 
(білімімізбен)
 сендерден де жақынырақпыз. 
Бірақ сендер көрмейсіңдер. Ал егер қайта тірілмейтін 
1
«Сәжде» сүресі, 21-аят. 


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет