Қабір азабы арабшадан аударған: А. Зулай 2 ббк 86. 38 Қ 13


көтергенде жолай кезіккен періште олардан: «Бұл жақсы



Pdf көрінісі
бет20/48
Дата27.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#110703
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
көтергенде жолай кезіккен періште олардан: «Бұл жақсы 
жан кім?» – деп сұрайды. Сонда олар дүние аспанына 
шыққанша оның өз өміріндегі ең жақсы есімдерін айтып, 
жауап береді, сөйтіп ол үшін көк қақпаларының ашылуын 
талап етеді. Оларға аспан қақпалары ашылып, жетінші көкке 
жеткенше әр аспанның періштелері оларды келесісіне дейін 
шығарып салады. Сосын жетінші көкке жеткенде Аллаһ: 
«Құлымның кітабын Ғиллийинде 
(яғни, жоғарғы орын)
 
жазыңдар!» – дейді. 
«Жоғарғы орынның не екенін білесің бе? Ол – жазулы бір 
кітап. Оны Аллаһқа жақын періштелер бақылайды»
1

Сөйтіп кітабы Ғиллийинде жазылады. Кейін Жаратушы 
Иеміз періштелерге: «Оны жерге қайтарыңдар, себебі Мен 
оларға: «Сендерді содан 
(жерден)
 
жараттым, соған 
қайтарамын және тағы шығарамын», – деп уәде еттім», – 
дейді. Сөйтіп жерге қайтарылып, жаны денесіне кіргізіледі. 
Осы кезде ол өзін жерлеп қайтып бара жатқан адамдардың 
аяқ киімдерінің дыбысын естиді. Оған зор үнді екі періште 
келеді де, отырғызып, қатты дауыспен: «Раббың кім?» дейді, 
ол: «Раббым Аллаһ» дейді. – Дінің не? – Дінім – Ислам. – 
Сендерге жіберілген ер адам жайлы не айтасың? – Ол – 
Аллаһтың елшісі. – Мұны қайдан білдің? – Аллаһтың
Кітабын оқып, оған иман келтіріп, сендім. Оны екі періште 
сынай түсіп: «Раббың кім, дінің не, пайғамбарың кім?» – деп, 
тағы қатты дауыстап тергейді. Бұл – мүміндер үшін ең 
соңғы сынақ, сондай-ақ Аллаһ айтқандай: 
«Аллаһ иман 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет