7
БІРІНШІ БӨЛІМ
ӨЛІМ – АҚИҚАТ
Ажал мерзімі және орны
Аллаһ тағала:
«Ешкім ертең не істейтінін білмейді және
ешкім қай жерде өлерін де білмейді»
1
, – деген.
Яғни, адам баласынан ажал мерзімі мен орны жасырылған.
Аятта айтылғандай, ол қашан, қай жерде жан тәсілім ететінін
білмейді. Өлім мерзімін құпия ұстауда Аллаһтың өз даналығы
бар. Сондықтан адамдар әрдайым өлімге дайын жүруі қажет.
Өзінің қашан өлетінін білмейтін адам ылғи да оған әзірленіп,
оның қамын жасаумен болуы керек. Ал егер адам ажал
мерзімінен хабардар болса, ол өмір бойы арқасын кеңге салып
жүріп, өлім сәтіне таяған кезде ғана жанталасуы мүмкін. Сол
үшін де ажал мерзімі адам баласынан құпия ұсталған, оның
өлімге әрдайым дайын болуы қажет, ол өзіне белгіленген ажал
мерзімі бар екенін және ол келген жағдайда бір сәтке де
кешеуілдетілмейтінін түсінуі керек. Аллаһ тағала:
«Әр
халықтың белгілі бір мерзімі бар. Олар сол мерзімі келгенде
бір сәт кешіктірілмейді де ілгерілемейді»
2
;
«Ей, мүміндер! Сендерді малдарың мен балаларың
Аллаһты еске алудан тоспасын. Кімде-кім мұны істесе, міне,
солар зиян шегушілер. Сендерден біреулеріңе өлім келіп:
«Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең, ал мен
садақа беріп, ізгілерден болсам», – деуден бұрын өздеріңе
берген несібемізден
(тиісті орынға)
жұмсаңдар. Қашан біреудің
ажалы келсе, Аллаһ, оны әсте кешіктірмейді және Аллаһ
істегендеріңді толық біледі»
3
;
«Ақыры олардың біріне өлім келген сәтте: «Раббым! Мені
(дүниеге)
қайтар! Мүмкін мен қалдырғанымда
(дүниеде)
Достарыңызбен бөлісу: