11
болғанын ой елегінен өткізсе өмір сүру, тірі қалу үшін жасаған
әрекеттерін есіне алса, өлімді ұмытып, әр түрлі қызықтарды
алданыш тұтып, жастықтың күш-қуатына сүйенгендерін, ойын-
күлкіге берілгендерін, сөйтіп, ажалдың тез жетіп келетінінен
бейхабар болғандарын түсінер еді. Сондай-ақ марқұм досы
шешен тілімен, әсем үнімен қалай саңқылдап сөйлейтін еді, енді
міне, оның тілі құрттардың жеміне айналды. Қалай жарқылдап
күлетін еді, енді топырақ аппақ тістерін шірітті. Ажалына бір
апта қалғанда ол өзін не күтіп тұрғанын сезген де жоқ. Бар
мақсаты баю болып, алдағы он жылға жоспар жасады. Егер
күтпеген жерден өліп қалуы мүмкін екенін ойласа, көз алдына
періштенің бейнесін елестетіп, жаннатқа не тозаққа шақырған
үнді естігендей беймаза күй кешіп немесе өзінің құлшылықты
ұмытып, қаннен қаперсіз дүние қызығына беріліп кеткен басқа да
күнәкар пенделерге ұқсайтынын және солар сияқты жазаға
ұшырайтынын түсінер еді», – деп жазады.
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Аллаһ
елшісі
(с.а.с.)
иығымнан ұстады да:
Достарыңызбен бөлісу: