13
алумен өткіздім. Егер мәйіт жерленіп, үш күн өткен соң оның
қабірде не халге ұшырағанына көз салсаң ол кешегі сыйлас досың
болса да, оған жақындаудан қорқар едің. Жатқан жерінде
жәндіктер қаптап, құрт-құмырсқа өріп жүргенін, мәйіттің иісі
қолқаны атып құрттарға жем болғанын көресің. Тірі кезінде таза
көйлек, хош иіс, сәнді киімдер көрік берген кірпияз кісінің
ұсқынсыз кейіпке түсуі.., періштелердің қатты шыққан даусынан,
мәйіттің дірілдеп қоя беруі.., міне осы көріністен жаның
түршікпей ме?» – депті.
Хатим әл-Асам: «Кімде-кім молалардың жанынан өткенде
өзінің де солардай болатыны туралы ойланбаса, оларға дұға
етпесе, онда өзіне және оларға қиянат жасағаны», – деген.
Хасан ибн Салих қабірлерге барлай қарап тұрып: «Сыртқы
көріністерің қандай әдемі, әйтсе де қиыншылықтар мен
жаманшылықтарыңды ішке бүгудесіңдер», – дейтін.
Ата әс-Суләми әр түн сайын бейітке келіп: «Уа, көр иелері!
Өлдіңдер, мен де өлемін, амалдарыңның нәтижесімен
қауыштыңдар, мен де қауышамын», – дейтін. Содан соң: «Ертең
Атаның орны қабірде, ертең Атаның орны қабірде», – деп таң
атқанша қайталайтын.
Рабиғ ибн Хусәйм ауласының бір түкпірінен қабір қазып
қойыпты. Егер жүрегінен сәл қаталдық, дүниеге құштарлық,
иманы әлсірегенін байқаса әлгі көрге кіріп, біраз отырып:
Достарыңызбен бөлісу: