Абжанова сокращенная indd


    Кәсіпорынның санитарлық күйінің және қызметкерлердің жеке



Pdf көрінісі
бет115/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   151
252
 
 

Кәсіпорынның санитарлық күйінің және қызметкерлердің жеке 
гигиенасының өндірістік бақылауы
санитарлық ережелерді сақтаудың және санитарлық-эпидемияға 
қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындаудың өндірістік 
бақылауы санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді 
сақтауды, санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шара-
ларды сп 1.1.1058-01 санитарлық ережелерге сәйкес орындауды 
бақылау мақсатында жүргізіледі. 
Өндірістік бақылау нысандары қатарына: өндірістік, қоғамдық 
үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар, санитарлық-қорғау аймақтары, 
жабдық, көлік, технологиялық жабдық, технологиялық үдерістер, 
жұмыс орындау, қызмет көрсетуге арналған жұмыс орындары, 
сондай-ақ шикізат, жартылай фабрикаттар, дайын өнім, өндіріс пен 
тұтыну қалдықтары болып жатқызылады.
тағамдық өнеркәсіп өндірістерінде құрал-саймандарды, ыдыс 
пен жабдықтарды тазалауға қойылатын талаптарды, жуғыш және 
дезинфекциялаушы құралдарды сақтау ережелерін, сондай-ақ 
үй-жайларды тазалау сапасы мен қызметкерлердің жеке гигиена-
ларын сақтау күнделікті бақыланады. санитарлық-эпидемияға 
қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін 
белгіленген тәртіпте аккредиттелген зертханаларды тарта отырып, 
микробиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық зерттеулер 
жүргізген жөн. Өндірістік бақылау мерзімділігі мен тәртібі кәсіпорын 
қуаттылығына, жыл маусымына және басқа факторларға байланысты 
және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары 
мен мекемелерімен келісе отырып белгіленеді.
зертханалық зерттеулер үшін шайындыларды таяқшаларға 
бекітілген және стерильді ерітіндісі бар түтікке бекітілген стерильді 
мақта тампондары арқылы алынады. ірі жабдықтан және құрал-
сайманнан алынған шайынды ауданы 25 см трафареттің көмегімен 
алынады. трафаретті шайынды беткейі 100 см
2
құрайтындай 
жабдықтың әртүрлі төрт жағына орналастырылады. ыдыстан немесе 
ұсақ құрал-саймандардан шайындыны аларда бір тампонмен барлық 
жұмыс (ішкі) бетінен үш бірдей затқа дейін сүртіп шығады. сондай-ақ 
шайындылар суық және кондитер цехтарында, дайын тағаммен жұмыс 
істеу орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің қолдарынан, 
тырнақ астынан, киімінен және жеке гигиена заттарынан алынады. 


253
жұмыс киімінде тампонмен ауданы 24 см
2
төрт бөліктен (алдыңғы 
бөлігінің ортасын, жоғары жағын, жең бүкпелерін) сүртіледі. Орамал-
дан шайынды ауданы әрқайсысы 25 см
2
төрт әртүрлі жерден алынады. 
Өнімге жасалған зертханалық зерттеулердің нәтижелері қанағат-
танарлықсыз болса, екі есе үлгілер алынып, қайта зерттеу жүргізіліп, 
технологиялық үдерістердің, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, 
қосалқы материалдардың, су мен ауаның, санитарлық киімнің жүрісі, 
ұйым қызметкерлерінің қолдарына, барлық жұмыс үй-жайларының 
санитарлық-гигиеналық күйіне қосымша өндірістік бақылау жүр-
гізіледі.
зертханалық зерттеулер нәтижелері қанағаттанарлықсыз болғанда, 
қажетті санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шаралар әзірленіп, 
жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет