Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет118/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151
Иммунитет.
Иммунитет
– ағзаның инфекциялық ауруларға 
немесе уларға (соның ішінде уыттармен) жұқтырмаушылығын 
қамтамасыз ететін қасиеті. иммунитет бірнеше түрге бөлінеді:
1. табиғи иммунитет адамның саналы қатысуынсыз табиғи жолмен 
пайда болады. Ол туа біткен немесе жүре пайда болған болуы мүмкін. 
иммунитеттің туа біткен түрінің жануарлардың белгілі бір аталған 
түріне немесе адамға тән тұқым қуалау арқылы берілетін туа біткен 
қасиеттері бар. табиғи иммунитет жаңа туған нәрестелерде алғашқы 
айларында кейбір ауруларға: қызылшаға, қызамыққа, дифтерияға 
қарсы болады және бұрын осы аурулармен ауырған аналарынан алған 
қорғау антиденелерінің сақталуына байланысты. жүре пайда болған 
иммунитет ағзаға микроб немесе токсиннің түсуіне ағзаның реакци-
ясы нәтижесінде пайда болады. жүре пайда болған табиғи иммунитет 
бір рет орын алған инфекциялық аурулардан кейін – ұзақ, кейде өмір 
бойы (табиғи шешек, ішек сүзегі мен т.б.), басқа инфекциялардан кейін 
қысқа уақыт (тұмау, лептоспироз бен т.б.) сақталады.
2. жүре пайда болған жасанды иммунитет вакцина мен қан сары-
суын енгізгеннен кейін пайда болады. егер қорғау тетіктері ағзада 
белсенді түрде жүретін болса, онда белсенді иммунитет жөнінде айты-
лады. егер қорғаушы заттар ағзаға дайын күйінде енгізілетін болса, 


257
онда бейтарап иммунитет туралы айтады. ауру нәтижесінде пайда 
болған иммунитет – белсенді иммунитет, себебі қорғау тетіктерін 
ағзаның өзі шығарады; анадан ұрыққа қорғау заттары плацентралық 
жолмен берілген иммунитет бейтарап деп аталады. жасанды имму-
нитет, табиғи иммунитет секілді6 белсенді және бейтарап бола 
алады. жасанды иммунитет адамда (немесе жануарда) қандай да 
бір инфекциялық аурудың алдын алу мақсатында жаңғыртылады. 
жасанды белсенді иммунитет вакцина немесе анатоксинді (ток-
син формалинінің көмегімен залалсыздандырылған) енгізуге ағза
реакциясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет