Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет117/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151
Инфекциялар жіктемесі
инфекциялардың ең қарапайым жіктелуінің бірі – адамнан-адамға, 
жануардан адамға және т.б. берілу амалы бойынша беріледі. тек 
адамнан-адамға берілетін инфекциялық аурулар науқас антропонозды, 
деп аталады. Оларға іш сүзегі, а және В паратифтері, дизентерия, а 
гепатиті мен басқа аурулар жатады. аурулар төрт топқа бөлінеді:
I. 
Ішек инфекциялары.
инфекцияның негізгі көзі нәжістерімен 
көп мөлшерде қоздырғыштарды шығаратын науқас адам немесе бакте-
рия тасығыш болып табылады. кейбір ішек инфекциясы ауруларында 
қоздырғы құсықпен (тырысқақ), зәрмен (ішек сүзегі) шыға алады. 
аурудың жұқпалы бастамасы организмге сыртқы ортада қандай да бір 
жолмен ластанған тағаммен немесе ауызсумен түседі. 
II. 
Тыныс жолдарының инфекциялары
. инфекция көзі науқас 
адам немесе бактерия тасығыш болып табылады. Қоздырғыш сау 
адамның ағзасына жұқпалы тамшылары бар ауамен дем алғанда 


256
 
 

түседі. тыныс алу жолдарының инфекцияларына тұмау, инфекциялық 
мононуклеоз, табиғи шешек, эпидемиялық менингит, балалар 
инфекцияларының көбісі жатқызылады. 
III. Қан инфекциялары. 
бұл аурулар тобының қоздырғыштары
негізінен, қан мен лимфада таралады. науқастың қанындағы инфек-
ция сау адам қанына тек қана сорғыш жәндіктер арқылы беріле 
алады. Осы топ инфекциясымен ауыратын адам тасығыштар болмаса, 
қоршағандарға қауіп төндірмейді. бұған оба (өкпелік түрі) жатпайды. 
Қан инфекциялары тобына бөртпе және қайталама сүзегі, маусымдық 
энцефалиттер, безгек пен басқалары жатады. 
IV. Сыртқы тері инфекциялары. 
бұл ауруларда қоздырғыштар, 
әдетте, зақымдалған сыртқы тері арқылы кіреді. Оларға жыныс жолы-
мен берілетін венерологиялық аурулар; қоздырғышы ағзаға жаралық 
жолмен түсетін сіреспе; жануарлардан тікелей немесе споралар-
мен ластанған тұрмыстық заттар арқылы берілетін сібір күйдіргісі; 
шырышты қабықтар мен басқалары арқылы жұғатын маңқа мен аусыл. 
сонымен қатар кейбір ауруларда (оба, туляремия, сібір күйдіргісі мен 
басқалары) инфекция бірнеше жолмен берілетінін де атап өту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет