Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет131/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151
 
 

Дезинфекциялауды аяқтағаннан кейін шанақтың ішкі беті құбыр-
шектегі сумен шайылады, кептіріледі және хлордың иісі толық кет-
кенге дейін желдетіледі. автокөліктерді жууға арналған құбыршектер 
ілінулі күйінде сақталуы керек.
көлікті дезинфекциялау қажетіне қарай, бірақ 10 күнде бір рет-
тен сирек емес жүргізіледі. ескерту: дезинфекциялаушы құралдар 
шығыны өңделетін беткейдің 1 м
2
-не 2,5 г немесе 1 м
2
-ге 0,5 жұмыс 
ерітіндісі келеді. 1 м
2
беткейге жуғыш құралдар шығыны 1 литрді 
құрайды.
санитарлы мекеме қызметкерлерінің тағам өнімдерін санитарлық 
талаптарға жауап бермейтін көлікте тасымалдауға тыйым салуға 
құқығы бар.
тағам өнімдерін тасымалдау кезеңіндегі өндірістік бақылауға 
келесі мәселелер кіреді:
• арнайы орайластырылған немесе арнайы жабдықталған көлік 
құралының болуы;
• тағам өнімдерін тасымалдауды ережелерін сақтау;
• белгіленген тәртіпте берілген көліктің санитарлық төлқұжаты-
ның болуы;
• көлік құралының санитарлық күйі – шанақтың гигеналық
жабыны, тазалығы;
• жүргізушінің (экспедитордың) уақыты, медициналық тексеру-
лерден өткендігі жөніндегі жазулары бар жеке медициналық 
кітапшасының болуы;
• әрбір тағам өнімінің түрі үшін тасымалдау жағдайларын (тем-
пература, ылғалдылық) сақтау, тез бұзылатын өнімдер үшін 
салқындатылатын немесе изотермиялық көліктің болуы;
• ілеспе құжаттаманы қадағалау: сапалы куәліктің (отандық өнім 
үшін), өнімге тауар-көлік жүкқұжатының, сәйкестік серти-
фикатының және санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды-
сының болуы;
• жапсырма қағазда (қосымша-парақта) ҚР заңнамасына сәйкес 
жазылатын ақпараттың, сондай-ақ нормативтік және техникалық 
құжаттаманың болуы.
тағам өнімдерін тасымалдауда санитарлық ережелерді қатаң 
сақтау олардың сапасының сақталуын қамтамасыз етеді. тасымалдау 
режимі бұзылғанда, тағам өнімдері микрофлорамен тұқымдануы және 
сыртқы ортаның басқа қолайсыз факторларының әсеріне шалдығуы 
мүмкін. тағам өнімдер осы мақсатта арнайы берілген көлікте (фургон-


279
дар, мотоциклдер, мотороллерлер, арбалар және т.б.) тасымалданыды 
әрі тікелей осы мақсатта ғана қолданылады. ашық көлікте тасымал-
данатын өнімдерді таза брезентпен, кенеппен қапталу керек. нан-
тоқаш өнімдері арнайы жабдықталған автофургондарда тасылады. 
тез бұзылатын өнімдер шамамен 8°с температура сақталатын жабық 
изотермиялық шанағы бар салқындатылатын көлікте тасылады. тағам 
өнімдерін тасуға арналған көлік шанақтары алюминиймен немесе алю-
миний табағымен қапталуы керек. ет, балық, субөнімдер жәшіктерде 
тасылады. ет турамасы ішіне целлофан немесе пергамент төселген 10 
кг аспайтын арнайы ыдысқа салынады. балық немесе ет турамасынан 
жасалған өнімдер бір қатарға салынған қақпақтары бар ағаш немесе 
пластмасса тартпаларға салынып: тартпалар контейнерлерге орнаты-
лады.
көкөністерден жасалған жартылай фабрикаттар қақпақтары тығыз 
жабылатын алюминий контейнерлерде тасылады, бұл оларға оттегінің 
кіруін азайтады, яғни с дәруменінің жоғалуын кемітеді. сульфиттел-
ген картоп полиэтилен қаптарда тұтас түйнектерімен тасылады. сүт, 
қаймақ, кілегей резеңке мен пергаменттің көмегімен тығыз жабылатын 
металл құтыларда тасымалданады. Құтыларда өнімдердің майының 
шайқалуын болдырмау үшін шетіне дейін толтырып құю керек. тасу 
уақыты екі сағаттан аспауға тиіс. бірінші берілетін тағамдар буфет-
терге, тарату орындарына, асханаларға жақсылап жуылған және 
ыстық сумен жидітілген ыдыстарда, екінші берілетін тағамдар тығыз 
жабылатын кәстрөлдерде жеткізіледі. басқа аспаздық өнімдер бөлек 
жабық ыдыста (қақпағы бар тартпаларда немесе олар дайындалған 
ыдыстарда) жеткізіледі. тасымалдауға жататын тағам жөнелткенге 
дейін бір сағат бұрын дайындалуы керек. Оны дайындау және сатуды 
аяқтағанға дейін оны сақтау мерзімі үш сағаттан аспауы керек.
сала кәсіпорындарына келетін жартылай фабрикаттарға әрқайсы-
сының дайындалу уақыты (күні мен сағаты), оны пайдаланудың ең 
шектеулі мерзімі мен дайындаушы кәсіпорын атауы көрсетілетін сер-
тификаттар немесе жүкқұжат беріледі. 
Өнімдерді кәсіпорын ішінде тасымалдау үшін арнайы арбалар, 
электрокарлар және т.б. пайдаланылады. Өнімдер жабық ыдысқа 
салынып немесе таза жапқышпен, клеенкамен немесе пленкамен 
жабылады. Осы мақсатта қолданылатын ыдыстар «етке арналған» 
«жаңадан әкелінген көкеністер үшін» деп таңбаланады.
Өнімдерді алған кезде ыдыстың тазалығына назара аударылады. 
Өнім салынған ыдыс арбадан тура үстелдің үстіне немесе стеллаждарға 


280
 
 

қойылады. ыдысты еденге қоюға болмайды, себебі оған жабысқан кір 
ары қарай үстелдерді ластайды. ыдысты ашар алдында оның таза 
екеніне көз жеткізу керек. егер ыдстың сыртқы беті кір болса, оны 
тазартып, содан кейін қақпағын ашу керек. бос ыдысты үй-жайдан 
бірден алады. Өлшеу кезінде өнімдерді тура таразыға салмау керек. 
ластануды болдырмау үшін өнімдерді ыдыста немесе полиэтилен 
қаптарда өлшеу керек. Өнімдерді таситын, салатын және шығаратын 
адамдардың барлығы жұмыс уақытында қолданылатын санитарлық 
киіммен (халаттармен, бас киімдермен, қолғаптармен) қамтамасыз 
етілуге тиіс. инфекциялық аурулар мен жаппай инфекциялық аурулар 
(улану) пайда болуының алдын алу үшін ұйымға:
• өнім сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ 
тағамдық шикізат пен тағам өнімдерін;
• таңбасы мен ветеринарлық куәлігі жоқ ауылшаруашылық 
малдарының барлық түрлерінің еті пен субөнімдерін;
• ветеринарлық куәлігі жоқ балық, шаяндар, ауылшаруашылық 
құстарын;
• қабыршағы ластанған, «тек», «сынған» деген кесігі бар 
жұмыртқаларды, сондай-ақ шаруашылықтардан сальмонеллез 
анықталған жұмыртқаларды, үйрек және қаз жұмыртқаларын;
• банкалар тығыздығы бұзылған, бомбажды консервілерді, 
«торсылдақтар», тот басқан, пішіні өзгерген, құрттаған, 
майысқан банкілерді;
• қоймалық зиянкестермен залалданған жарма, ұн, қептірілген 
жемістер мен басқа өнімдерді;
• зең мен шіру белгілері бар көкөністер мен жемістерді;
• жеуге болмайтын, өсірілмейтін, құрттаған, майысқан саңы-
рауқұлақтарды;
• жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және сапасыз тағам өнімдерін;
• үйде дайындалған өнімді қабылдауға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет