Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет139/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   151
 
 

сол арқылы бос уақыт өткізуден назарын басқаға аударамыз. соңғы 
жылдары қоғамдық орындарда (театрларда, стандиондар мен клуб-
тарда), көліктерде, оқу орындарында, медицина мекемелерінде және 
сауда орындарында шылым шегуге рұқсат етілмейді. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірістік, қойма 
үй-жайларында және залдарда шылым шегуге тыйым салынады. 
аспаздар, кондитерлер, даяшылардың жұмысының ерекшелігін ескере 
отырып және кәсіби қасиеттерін сақтау үшін темекі шеккені орынсыз.
ішімдік ішу адам денсаулығына өзінің бүлдіретін әрекетімен 
қауіпті және созылмалы ауру – алкоголизмге алып келеді. 
алкоголизм – алкогольдік сусындарға құмарлықпен, шама, 
бақылау сезімін жоғалтумен сипатталатын ауру. ішімдік қанға тез 
сіңіп (1-2 минуттан кейін), алдымен орталық жүйке жүйесін бұзады. 
мас адамның қимылдары бұзылып, көңіл-күйінің тұрақсыздығы 
пайда болады, өзінің іс-әрекеттерін бақылауы бәсеңдейді, ал 
бұл қылмыстарға әкеліп соғуы мүмкін. спирттік ішімдіктерді 
үнемі ішкенде, орталық жүйке жүйесінің бұзылуының белгілері 
тұрақтанады: адам маскүнем болады. Ол санитарлық ережелерді
еңбек және өндірістік тәртіпті жиі бұзады, қайғылы оқиғалар, өндіріс 
пен көліктегі апаттар себепкеріне айналып, отбасына, балаларына 
үлкен қасірет пен қоғамға әлеуметтік қастық алып келеді. 
акогольді тұтынудан жүрек-қан тамыры жүйесі, бауырдың қызмет 
етуі, ас қорыту мен жалпы зат алмасу үдерісі зардап шегеді, адам өмірі 
бірқатар қысқарады. алкоголь жасөспірімдер мен әйелдердің өсуі мен 
дамуына қолайсыз әсер етіп, ұрпақ денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының мас қызметкері жұмыстан 
дереу шеттетілуге тиіс.
нашақорлық пен улану – қоғам мен мемлекеттің алаңдаушылығын 
тудыратын зиянды әдеттер. нашақорлық – есірткіге еңсерілмейтін 
құштарлықпен сипатталатын, нашақорлық заттарды жүйелі түрде 
пайдалану салдарынан туындайтын ауру. 
улану – дәрілік немесе басқа улы заттарды көп қабылдаудан туын-
дайтын ауру. алдыңғы және осы жағдайда нашақорлық тәуелділік өте 
тез қалыптасады. адамның тоқырау үдерісінің жүруі соншалықты тез: 
нашақордың 30 жасқа келгенде денесі қаусайды, адамның бойындағы 
аурулар асқына түседі және соңында өлімге алып келеді.
нашақорлық пен улану профилактикасында еңбек ұжымдарының, 
отбасының және жалпы қоғамның рөлі орасан, олар әр адамды 
жастайынан салауатты өмір салтына үйретуі керек, ал бұл гигиеналық 
мәдениеттің жоғары деңгейіне сәйкес келеді.


299
туберкулез – ауру көзі қақырығымен микробактериялар (кох 
таяқшалары) бөліп шығаратын туберкулезбен ауыратын адам болып 
табылатын инфекциялық ауру. туберкулездің микробактериялары – 
жіңішке, қозғалмайтын таяқшалар, спора түзбейтін, типтік аэробтар. 
Осы бактериялардың дамуының оңтайлы температурасы +37 гра-
дус, олар кептіруге төзімді, кепкен қақырықта, киімде екі айға дейін 
тіршілік ете алады. Олар тамақ өнімдерінде, мысалы, ірімшікте бакте-
риялар тіршілігін екі айдай сақтай алады, сүтқышқылды өнімдерде 20 
күндей тіршілік етеді. туберкулез микробактериялары күн қуатының, 
жоғары температураның, 10 минут қайнатудың әсерінен өледі. сау 
адам ағзасына микробактериялар тыныс алу жолдары немесе ауру 
адамның сілекейінің тамшылары (сөйлесу жөтелу, түшкіру кезінде)
арқылы тамаққа, ыдысқа немесе ауру қоздырғыштары бар шаңды 
жұтқанда түсе алады. 
туберкулезбен ауыратын сиырлардың инфекцияланған сүті 
жұқтырудың қауіпті көзі болуы мүмкін. Өкпе немесе басқа органдар 
(бүйрек, тамақ терісі, сүйек) туберкулезді жұқтырған кезде, микро-
бактериялар токсиндері бүкіл ағзаны уландырады және туберкулез 
жұғуын тудырады. науқастардың орталық және вегетативтік жүйке 
жүйесі бұзылып, ауру қатты шаршауға, қызу көтерілуіне, қозудың 
артуына, әлсізденуге, жиі тұмауратуға, өкпенің, бүйректің, сүйектің, 
терінің және т.б. қабынуына алып келеді.
туберкулез – адамның қоғамдағы әлеуметтік орнына тамақтануына, 
еңбек пен тұрмыс жағдайларына, еңбек пен демалысты алмастыру-
ына тығыз байланысты ауру. 
туберкулездің алдын алуда ауруды ерте айқындаудың үлкен 
маңызы бар, сондықтан ресейлік заңнамада барлық халықтың және 
қоғамдық тамақтандыру жұмысшыларының төс қуысына флюрогра-
фия жүргізу қарастырылған. Қажет болған жағдайда науқастар дис-
пансерлерде, ауруханаларда және саниаторийлерде ем қабылдайды. 
туберкулезбен ауыратын науқастар, инфекцияның тамақтанушылар 
арасында таралуын болдырмау үшін, қоғамдық тамақтандыру 
жұмыстарына жіберілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет