Абжанова сокращенная indd


Тәуліктік рационға ұсынылатын майлардың орташа нормасы



Pdf көрінісі
бет31/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151
Тәуліктік рационға ұсынылатын майлардың орташа нормасы
майдың тәуліктік қолданылуы адамның 1 кг салмағына шаққанда 
1,4-2,2 г құрайды. Яғни 63-158 кг, адамның жынысына, жасына, еңбек 
жасау түріне және тұрғылықты жердің ауа-райына байланысты. 
бұлардың ішіндегі жануар тектес май 70%, ал өсімдік тектес 30% 
құрайды.
тамақпен қолданылатын майлардың түрі және саны адам 
денсаулығын сақтау үшін және жүрек-тамыры ауруларының профи-
лактикасына әсері бар. тамақпен бірге көп мөлшердегі холестеринді 
және қанықпаған май қышқылын (жануар тектес) пайдалану атеро-
склероздың пайда болуына әсер етеді.
тамақтағы артық майлардың әсерінен семіру, жүрек-тамыры ауру-
лары және қатерлі ісік аурулары –болады. негізінен, тамаққа өсімдік 
тектес майларды қолданып, жануар тектес майлар мөлшерін аз пайда-
лану қажет.
жалпы, майларды қабылдау рацион калориялылығын 30%-дан 
артық қамтамасыз етпеуі керек. Қазіргі кезде мектеп жасындағы 
балалардың тамақтануындағы жалпы майлар мөлшері рацион 
калориялылығының 34-35%-ын құрайды. күрделі мәселеге холесте-
ринге аса бай жануар тектес майларды артық қабылдау жатады.
• ет тағамдарын, құс еттерін, сүт және сүт өнімдерін алу бары-
сында майлылығы кемдеу тағам түрлерін немесе майсыздарын 
(мысалы, майлылығы нөл ақ ірімшік түрлерін) таңдаған дұрыс.
• таңдау омега-3 май қышқылдарымен байытылған тағам 
түрлеріне түскен жөн.
• Құрамында қаныққан май қышқылдары бар тоң майлар мен 
өсімдік майларын және транс-майларды пайдаланудыазайтып, 
аталған майлар кіретін тамақтарды қабылдауды шектеу керек.
• Қаныққан майлар есебінен калорияның 10 пайызынан кемі 
түскені дұрыс. Холестеринді 300 мг/күндігіне артық қабылдауға 
болмайды және транс-майларды қабылдаудан аулақ болған 
дұрыс.
• калорияның 20 пайызын, негізінен, балықта, жаңғақтарда, 
өсімдік майларында болатын көп қанықпаған май қышқыл-
дарының есебінен қабылдауды қамтамасыз ету қажет.


66
 
 

• тамақ әзірлеген уақытта өсімдік майларын көбірек пайдаланып 
ал жануар тектес майларды пайдалануды шектеген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет