Абжанова сокращенная indd


Минералды заттардың организмдегі рөлі, жіктелуі



Pdf көрінісі
бет27/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   151
Минералды заттардың организмдегі рөлі, жіктелуі.
минералды 
заттар протоплазмада және биологиялық сұйықтықтарда болады. Олар 


60
 
 

жасушалар мен ұлпалардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. тіс 
және сүйек ұлпаларының түзілуі үшін жапсыру материал болып табы-
лады. минералды заттар иондар күйінде жүйке соққыларын өткізуге 
қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. 
минералдар макро және микроэлементтер болып бөлінеді. макро-
элементтерге: кальций, калии, магний, натрий, фосфор, хлор, күкірт 
жатады. 
Макроэлементтер.
кальций. бұл сүйек пен тістердің негізгі 
құрылымдық бөлігі болып табылады, жасушалардың ядросының 
құрамына кіреді. кальций ақуыздармен, фосфолипидтермен, органика-
лық қышқылдармен қосылыстар түзеді. кальций қиын сіңірілетін эле-
менттерге жатады. тәулігіне үлкен адамға – 800 мг балаларға, жүкті 
әйелдерге, жасөспірімдерге 1000 мг және одан да артық мөлшерде 
кальций қажет. Д дәрумені жетіспеген жағдайда кальцийдің сіңірілуі 
бұзылады, кальций жетіпеушілігітуындайды. кальцийдің сүйектер 
мен тістерден бөлінуі артады. Үлкен адамдарда остеопороз ауруы 
пайда болады. сүйек ұлпаларының минералсыздандыруы болады, 
балаларда сүйектің дамуы бұзылады, рахит ауруы пайда болады.
Кальций
– сүйекті құруға, тіс, жүйке жүйесінің дұрыс қызмет 
етуіне, жүрекке, бойдың өсуіне қажет. калций сүт өнімдерінде, 
жұмыртқада, нанда, жемістерде көп болады. тәуліктік қажеттілігі
0,8 грамм. 
Фосфор
– ақуыздың және майдың алмасуында, сүйек ұлпасын 
қалыптастыруда, орталық жүйке жүйесінің қызметінде қатысады. сүт 
өнімдерінде, жұмыртқада, етте, балықта, нанда кездеседі. тәуліктік 
қажеттілігі – 1,2 грамм.
Магний
– нерв жүйесіне, жүрек қызметіне әсер етеді және тамыр 
кеңейткіш қасиеті бар. көбінесе жемістерде, етте, сүтте кездеседі. 
тәуліктік қажеттілігі – 0,4 г. 
Темір
– қанның құрамын қалыптастырады және ағзадағы қышқыл-
дану үдерісінің белсенді мүшесі. бауырда, бүйректе, жұмыртқада, 
алмада, қара нанда кездеседі. тәуліктік қажеттілігі – 0,018г.
Калий
– адам ағзасында су алмасу үдерісіне қатысады, жүрек 
қызметін жақсартады және сұйық шығарады. кептірілген жидек-
терде болады, ет, картоп, балықта кездеседі. тәуліктік қажеттілігі 5 г 
құрайды.
микроэлементтерге темір, кобальт, цинк, фтор, иод т.б. жатады. 
Қазіргі заман адамдарына әсіресе жетіспейтін минералды заттарға 
кальций және темір жатады. ал артық мөлшерде кездесетін микро-


61
элементтер – натрий мен фосфор. катиондар мен аниондардың 
мөлшеріне байланысты тамақтық өнімдерде қышқылдық және негіздік 
қасиеттер басым болады. сүт, жеміс-жидектер тамаққа – негіздік 
қасиет, ал ет, балық, жұмыртқа қышқылдық қасиет береді. мысалы, 
кейбір жемістердің қышқыл дәміне қарамастан, оларды жеген кезде 
организмнің негіздік резерві артады. себебі, бұл өнімдердің құрамына 
кіретін лимон, алма т.б. қышқылдар тез тотығып, көміртектің оксидін 
түзеді және су түзіледі, ал к және мg т.б. катиондар ұлпада қалады. 
етте, балықта және ақуызға, фосфорға бай басқа да өнімдерде кати-
ондар аз болады; протеиндер (күкірттің көзі болып табылатын: мети-
онин, цистин, цистеин) тотыққан кезде күкірт қышқылының иондары 
түзіледі. Оларды бейтараптау үшін ұлпалардың негіздік резервтері 
жұмсалады. минералды заттар әртүрлі мысалы, зоб, кариес, рахит т.б. 
аурулардың алдын алу үшін үлкен рөл атқарады.
тамақ құрамында ұзақ уақыт қандай да минералды заттардың 
жетіспеуі немесе артық мөлшерде болуы ақуыздардың, көмірсулардың, 
майлардың, дәрумендердің, судың алмасуының бұзылуына және 
әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеледі. тамақ өнімдерінде каль-
ций және фосфор жетіспеушілігі тіс ауруына, сүйек ұлпаларының 
бұзылуына септігін тигізеді. Фтор пайдаланылатын суда жетіспеген 
кезде тіс эмалі бұзылады, иод жетіспеушілігі зоб ауруына әкеледі. 
адамның ағзасындағы минералды заттар алмасуының бұзылуына 
себеп болатын жағдайлар: 
1. алдын ала тамақтану (ақуыздардың, майлардың, көмірсулар-
дың, дәрумендердің аз және артық мөлшері); 
2. Рациондағы минералды заттарды организмнің қажеттілігіне бай-
ланысты жөндеудің болмауы. мысалы, қоршаған ортадағы жоғарғы 
температурада жұмыс істейтіндерде калий, натрий, хлор және басқа 
да минералды заттарға сұраныс артады (себебі, термен көптеген мине-
ралды заттар бөлінеді);
3. асқазан-ішек жолымен минералды заттардың сіңірілуінің 
бұзылуы немесе көп сұйықтықтың бөлінуі (мысалы, қан кету).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет