Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет38/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   151
 
 

жетіспеушілігі ұрықтың дамуына байланысты екіқабат әйелдерде 
болуы мүмкін. сондықтан оларға (тек дәрігердің белгілеуімен) алдын 
алу мақсатында күніне қосымша 200-300 микрограмға дейін фолацин 
қабылдау ұсынылады.
В12 дәрумені (кобаламин) амин қышқылдары, нуклеин қышқыл-
дары алмасуының реакцияларына, қан түзу үдерістеріне және т.б. 
қатысатын ферменттердің құрамына кіреді. Дәрумен жеткілікті 
болмаған жағдайда қан аздыққа шалдығып, нерв жүйесінің қызметі 
бұзылады, әлсіздік, бас айналу, демігу пайда болады, тамыр соғысы 
төмендейді.
В2 дәруменінің бірден-бір көзі − мал өнімдері. Өсімдіктер (бұларда 
В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальт кейде көп болатына 
қарамастан) бұл дәруменді синтездей алмайды. В2 дәрумені бәрінен 
де гөрі сиырдың бауыры (60 мкг/%) мен бүйрегінде (25 мкг/%) көп 
болады. В1 дәрумені етте − 2-4 мкг/%, балықтардың көпшілігінде − 
1-3 мкг/%, сүтте − 0,4 мкг/%, ірімшікте 1-2 мкг/% болады.
ересек адамға күніне 3 микрограмм В2 дәрумені керек. әдетте, 
бұл дәруменнің адамның бауырындағы қоры В2 авитаминозының 
өршуінен 1-2 жыл бойы сақтауға әбден жетеді. бұл дәруменнің 
жетіспеуі жағдайлары біздің елімізде байқалмайды. жан басына 
шаққанда, орта есеппен тәулігіне 5,4 микрограмнан В2 дәрумені 
келеді, бұл нормадағыдан артық. алайда мал өнімдерін мүлдем 
тұтынбайтын, ет жемейтін адамдарда В2 дәруменінін жетіспеуі әбден 
мүмкін. Ұзақ уақыт ет жемеуге болмайтыны да осы себептен. Өйткені 
ол, түптеп келгенде, қолайсыз зардаптарға әкеліп соқтыруы ықтимал. 
ет жемеу әсіресе балалар үшін өте қауіпті. мал өнімдерін қажетті 
мөлшерде жұрттың бәрі тұтынуы керек.
зерттеулер мынаны көрсетті: асқазанда В2 дәрумені оның ерекше 
ақуыздық затпен қосылғаннан кейін ғана сіңіріледі. Қайсыбір аурудан 
ішкі фактордың пайда болуы бұзылады, осының салдарынан тамақта 
бұл дәрумен жеткілікті мөлшерде болған кезде В2 гиповитаминозы 
басталуы мүмкін.
В тобының басқа дәрумендерінен пантотен қышқылына, биотин 
дәруменіне қысқаша тоқталамыз.
пантотен қышқылы липидтер мен амин қышқылдары алмасу-
ында зор маңызы болатын ферменттердің құрамына кіреді. пантотен 
қышқылының жетіспеуі өте сирек болады (мысалы, ұзақ ашыққан 
кезде). Ол бейжай тартып, ол жер, бұл жерін шаншудан, башпайлардың 
ұюынан байқалады.


79
лантотен қышқылы нанға салатын ашытқыда (4-5 мг/%), сойған 
малдың бауырында (6-7 мг/%), бүйректе (3-4 мг/%) көп, етте (0,6-
1,0 мг/%), балықта (0,3-0,8 мг/%), бұршақ тұқымдастарда (1-2 мг/%), 
сүтте (0,4 мг/%) азырақ болады, көкөніс пен жемістің көпшілігінде 
оның мөлшері 0,1-0,5 мг/проценттен аспайды.
ересек адам күніне 5-10 миллиграмға жуық пантотен қышқылын 
қажет етеді. Ол көбіне әдеттегі рационмен толық қанағаттандырылады.
биотин (н дәрумені) амин қышқылдары мен май қышқылдарының 
алмасуын реттейтін ферменттердің құрамына кіреді. биотин жетіс-
пеген жағдайда қол, аяқ және бет тері ауруы нығаяды, нерв жүйесінің 
қызметі бұзылады.
биотин бәрінен гөрі бауыр мен бүйректе (80-140 мкг/%), сояда 
(60 мкг/%) көп, жұмыртқада (28 мкг/%), бұршақта (19 мкг/%), сүт 
пен етте (3 мкг процентке жуык) азырақ; көкөніс пен жемістердің 
көпшілігінде оның мөлшері 0,1-2 мкг/% болады.
тәулігіне 0,15-0,30 миллиграмдай биотин қажет. биотин жаппай 
жетіспеген жағдай бізде кездеспейді.
с дәрумені жеткіліксіз болғандағыдай, рибофлавин гиповита-
минозында да алғашқы өзгерістердің бірі – ұсақ қан тамырларының 
әлсіреуі, соған байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В2 
дәруменінің жетіспеушілігі бірте-бірте бауыр мен асқазан қызметіне 
де зақым келтіреді. балалар тағамының құрамында рибофлавин аз 
болса, олардың бойының өсуі мен салмақ косуы баяу болады. жалпы, 
В2 дәрумені жеткіліксіз болғанда, адам жүдеп, шаршағыш келеді, 
көзі ашып, қызарады, тілі, ерні шаншып ауырады. көзден жас ағып 
жарыққа карай алмайды, көздің көруі де нашарлайды. жиі кездесетін 
белгісінің бірі – аузы уылып, екі езуінің кілегей кабағы мен терісі 
жарылып, қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында «ауыздық» 
деп те атайды. терінің сыртқы кабаты қабыршақтанып кетеді. 
Организмдегі флавиндер деп аталатын ферменттердің құрамына В2 
дәрумені кіреді. Демек, В2 дәрумені жетіспегенде ферменттер алмасуы 
бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар алмасу жүйесі зақымдалады.
Рибофлавин картопта, капустада, қара нанда, ашытқыда, 
қызанақта, сәбізде, жұмыртқа, бауырда, сүтте және сүттен жасалған 
тағамдарда көп кездеседі. В2 дәрумені дәрі ретінде де қолданады. 
әсіресе жараның тез жазылуына және көздің көру қабілетін арттыруға 
әсері үлкен.


80
 
 

3-кесте 
В2 витаминнің кейбір тағамдарының құрамындагы мөлшері 
(100 г, тағамда, мг)
тағамдар
В2 витамині
ақ ірімшік
0,5
Қырыққабат
0,05
картоп
0,05
ашыткы
4,0
жұмыртқа
0.8
Қара нан
0,2-0,3
сүт
0,2
ақ нан
0,05-0,07
ет, балық
0,1-0,3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет