Абжанова сокращенная indd


Тағамдық өнімдерді дәрумендендіру



Pdf көрінісі
бет40/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   151
Тағамдық өнімдерді дәрумендендіру
Қазіргі уақытта халықтың дәрумендермен қамтамасыз ету 
мәселелері өзекті болып тұр. ағзаға дәрумендер жеткілікті түрде кел-
месе, бұл оның жұмысқа қабілеттілігін және ауруларға қарсы тұруын 
төмендетеді, ағзаға сыртқы ортаның келтіретін кері әсерін үдетеді, ал 
бұл, жалпы, үлкен экономикалық шығындарға алып келеді.
адам ағзасының дәрумендерге деген қажеттілігін дәрумендерге 
бай табиғи азық-түлікті тұтыну есебінен ғана қамтамасыз ету мүмкін 
емес. бүгінде әлемдік тәжірибе мен тамақтану саласындағы ғылыми 
жетістіктер жаңа амалдар мен техникалық шешімдердің қажет екенін 
растайды. бұған барлық экономикалық дамыған елдерде ас үлесіне 
әсерін тигізетін келесі белсенді заңдылықтар ықпал етеді:
– тұтынылатын тамақ және оның құрамындағы таптырмайтын 
тағамдық заттар, соның ішінде дәрумендердің көлемін азайту 
нәтижесінде қуат жұмсауды айтарлықтай кеміту;
– технологиялық қайта өңделген, консервіленген, сақталған, 
сондай-ақ тазартылған өнімдер, дәрумендері жоқ дерлік жоғары 
калориялы өнімдердің үлесін арттыру;
– ғылыми-техникалық төңкеріс жағдайында жүйке-эмоциялық 
күйзелістердің артуы адамның дәрумендерге деген қажеттілігін, 
яғни маңызды қорғау факторы ретіндегі дәрумендерге деген 
қажеттілігін арттырады. 
жүргізілген зерттеулер ағзаның дәрумендер мен ақуыздарға деген 
қажеттілігі өзара байланысты екенін көрсетті, сондықтан ас үлесінде 
осы кешендер бар өнімдер болуға тиіс. сонымен қатар дәрумендердің 
тиімді әрекеті олар өнімдерде оңтайлы арақатынаста болғанда ғана 
білінеді. 


84
 
 

Халықта дәрумен жетіспеушілігінің алдын алу мүмкіндігінің бірі 
жаппай (күнделікті) тұтынылатын азық-түліктерді дәрумендермен 
байыту болып табылады. тамақтануда қолданылатын өнімдер бірінші 
кезекте дәрумендендірілуі керек, ал өнімге енгізілетін дәрумендер ол 
үшін табиғи, онын жақсы үйлесуге тиіс, келеңсіз салдарлар туғызбай, 
оларды өндірудің технологиялық үдерісін қиындатпауы керек. 
баяндалғанды ескере отырып, дәрумендік препараттармен 
байытылуға тиіс өнімдер қатарына мыналар жатқызылуы керек: 
ет өнімдері – В және с топтарының дәрумендері; сусындар, соның 
ішінде құрғақ концентраттар – а және Д дәрумендерінен басқа барлық 
дәрумендермен; балалар тағамының өнімдері – барлық дәрумендермен; 
маргарин, майонез – а, Д, е дәрумендерімен; жеміс шырындары – а 
және Д дәрумендерінен басқа барлық дәрумендермен байытылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет