Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет37/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   151
 
 

көп болуынан аллергияға ұшырайды. мүның өзі әдетте оның инфек-
циясынан (қышыма, тоңазу және т. б.) кейін көрінеді. сондықтан В1 
дәруменін емдік мақсатта қолдануды дәрігер үнемі бақылап отыруға 
тиіс. В1 дәрумені жеткіліксіздігінің алдын алу үшін рационға бұршақ 
тұқымдастарды, жармаларды міндетті түрде қосып отыру, қара нан 
жеп, алкогольді көп ішпеу, қант пен кондитер тағамдарын жемеу 
керек, В тобындағы басқа дәрумендер туралы бірер сөз. РР дәрумені 
клетканың тыныс алуына, ас қорыту органдарының жоғары нерв 
қызметі мен функциясын реттейтін ақуыздар алмасуына қатысатын 
ферменттердің құрамына кіреді. РР дәруменінің жеткіліксіз болуына 
әсер етеді.
алдын алу мақсаттарында еліміздің кейбір аудандарында ұсақтап 
тартылған ұнға дәрумен қосады. Өйткені астықты тазалаған кезде бұл 
дәруменнің едәуір бөлігі жойылады. РР гиповитаминозын болдыр-
мау үшін, әсіресе дәрумен көп қажет болатын кектемде рационда ет 
өнімдерін кебейту керек. РР дәрумені адам организмінде ақуыздардың, 
құрамына кіретін алмастырылмайтын триптофан амин қышқылынан 
синтезделе алатыны есте болғаны жөн. сондықтан тәуліктік рационға 
ақуызы көп өнімдерді қосу бұл дәруменнің қажеттігін азайтады. 
алпыс миллиграмм триптофаинан 1 миллиграмм ниацин түзіледі деп 
есептеледі. Осыған байланысты бұл дәруменге деген қажеттілік кейде 
ниацин арқылы емес, триптофанның мөлшерін де «ескеретін» «ниа-
цин теңбе-тең» дейтіннен көрінеді.
егер тамақ өнімдерінің дәрумендік құндылығын триптофанның 
мөлшерін ескеріп есептейтін болсақ, онда ниацин біршама аз бола-
тын (0,10 мг/%) сүт триптофанның есебінен (50 мг/%) едәуір ниацин 
теңбе-теңге ие болады (0,94 мг/%); сиыр етінде 4,7 мг/% РР дәрумені, 
210 мг/% триптофан болады (ниацин теңбе-теңдігі 8,2 мг/процентке 
тең), ал жұмыртқада 0,19 мг/% РР витамині, 204 мг/% триптофан бар 
(ниации теңбе-теңдігі 3,6 мг процентке тең).
В2 дәрумені (дұрысы – рибофлавин) адамның барлық ұлпаларында 
қышқылдану механизмдерінде елеулі рөл атқаратын, сондай-ақ 
көмірсулар, ақуыздар мен майлар алмасуын реттейтін ферменттердің 
кұрамына кіреді.
В2 дәруменін ересек адам күніне 2 миллиграмға жуық қажет етеді. 
Ол, негізінен, сүт өнімдері, нан мен ет арқылы қанағаттандырылады 
(етте, құс етінде, балықта 0,2 мг/%, жұмыртқада – 0,4 мг/% В2 дәру-
мені болады). әсіресе біздің елімізде кеңінен пайдаланылатын сүт 


77
өнімдерінің рөлі зор (сүтте − 0,15 мг/%, сүзбеде − 0,3 мг/%, ірімшік-
те − 0,4 мг/% В2 дәрумені бар).
Өсімдік өнімдерінің В2 дәрумені бұршақ тұқымдастарда (0,15 мг/%) 
және ірі тартылған ұннан пісірілетін нанда (0,1 мг/%) көп. көкөніс пен 
жемістің көпшілігінде В2 дәрумені 0,01-0,06 мг/% аралығында болады. 
Қуырып-пісіру сияқты кулинариялық өңдеу кезінде В2 дәрумені онша 
көп жойылмайды, яғни 10 проценттен 30 процентке дейін ғана жой-
ылады.
В2 дәруменінің жаппай жетіспейтін жағдайлары біздің елімізде 
жоқ, дегенмен жан басына шаққанда тәуліктік орташа тұтыну (1,5 
миллиграмм) нормадағыдан біршама төмен. алдын алу мақсаттарында 
еліміздің кейбір аудандарыңда жоғары сортты ұнға В2 дәрумені 
қосылады.
тамақта В2 дәруменінің жетіспеушілігі рационды дұрыс құру, оған 
сүт өнімдерін міндетті түрде қосу арқылы жойылады.
В2 дәрумен (дұрысырағы − фолоцин) − В тобындағы дәрумендердің 
бірі. Оның жетіспеуінен ең алдымен қан түзу және ас қорыту жүйесі 
зардап шегеді.
тамақта фолациннің негізгі көзі − нан. 100 грамм нанда сортына 
қарай 20-дан 30 микрограмға дейін фолацин болады. нан күнбе-
күнгі негізгі тамақ өнімі болғандықтан, әрі едәуір мөлшерде 
пайдаланылатындықтан (күніне 500 грамға дейін), адамның бұл 
дәруменге деген қажеттілігінің 50 процентіне жуығы нанның есебінен 
қанағаттандырылады. Фолацин көкөністе көп болады. мысалы 
ақжелкен көгінде 110 мкг/%, шпинатта − 80 мкг/%, салатта − 48 мкг/%, 
пиязда − 32 мкг/%, ерте пісетін капуста мен жасыл бұршақта 20 мкг/% 
фолацин бар. жас қозықұйрықта 40 мкг/% фолацин болады. ет пен 
балықта ол біршама аз − 4-9 мкг/%. ал шошқа мен сиырдың бауы-
рында 230-240 мкг/процентке дейін болады. сүтте – 5 мкг/%, сүзбеде 
едәуір көп − 35-40 мкг/%, ірімшікте − 10-45 мкг/%. бұл дәрумен нан 
пісіретін турама ашытқысында өте көп, яғни 550 мкг/процентке дейін 
жетеді. Фолациннің қуыру, пісіру секілді кулинариялық емдеуге тым 
әлсіз екенін атап айту керек.
ересек адам күніне 200 микрограмм фолацинді қажет етеді. Ол 
әдеттегі (күніне 190 микрограмм), диетамен толық қанағаттанды-
рылады сондықтан бізде фолациннің жаппай жетіспейтін жағдайлары 
жоқ. адамның бауырында, әдетте, фолациннің біраз қоры болады, 
қайсыбір себеппен ол тамақпен келмей қалған жағдайда бұл қор 
фолациннің жеткіліксіздігінен 3-6 ай бойы қорғай алады. Фолациннің 


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет