Абжанова сокращенная indd


Өмірдің әртүрлі кезеңіндегі қоректік заттарға деген қажеттілік



Pdf көрінісі
бет51/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   151
Өмірдің әртүрлі кезеңіндегі қоректік заттарға деген қажеттілік. 
адамның тамақтануы өмірдің әртүрлі кезеңінде едәуір өзгеріп оты-
рады, мұның өзі организмдегі физиологиялық функциялар мен зат 
алмасудың өзгеруіне байланысты.
мәселен, балалар организмінде қалпына келу үдерістерімен қатар, 
қайсыбір өсу үдерістері де болып жатады, сондықтан балалардың дене 
салмағының 1 килограмына шаққанда, негізгі тағамдық заттар мен 
энергияны қажетсіну ересектерге қарағанда едәуір артық. балалардың 
қоректік заттар мен энергияны қажетсінуінің ең көп нормасы дененің 
салмағына, ал дененің салмағы баланың жасына тікелей байланы-
сты. атап айтатын бір жайт – балалар үшін алмастырылмайтын 
амин қышқылдары ересектердегі сияқты 8 емес, 10 болады, өйткені 
балалардың организмінде гестидиннің түзілуі мүмкін емес, сондай-ақ 


108
 
 

метиониннің цистинге өзара айналуы да болмайды. балаларға 
арналған алмастырылмайтын қосымша амин қышқылдарының 
қажетті мөлшері бар неғұрлым онай сіңірілетін ақуыздарға, алма-
стырылмайтын, сондай-ақ сіңімді май қышқылдары бар майлар, 
көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар кіреді. ана сүтінде әртүрлі 
антигендерге (бөгде клеткаларға немесе бөгде қосындыларға) қарсы 
дайын денелер, сондай-ақ астың дұрыс қорытылуына жәрдемдесетін 
ферменттер болады.
кейде қайсыбір себептерден аналар өз нәрестелерін сүтке не 
жарытпайтын болады немесе мүлдем сүт шықпай қалады. Дүние 
жүзінің көптеген елдерінде, соның ішінде елімізде ана сүтінің орнына 
жүретін арнайы өнімдер жасалған. Ол, негізінен, сиыр сүтінен дай-
ындалады. алайда сиыр сүтінің ана сүтінен елеулі айырмашылығы 
бар онда ақуыз көп, амин қышқылдық және май қышқылдық құрамы 
басқаша. сиыр сүтін құрамы жөнінен ана сүтіне жақындату үшін, оған 
басқа да бірқатар өнімдер немесе қоспалар қосылады. әрине, бұлай 
жақындатудың амалдың жоқтығынан екені түсінікті. сондықтан 
анасынан сүт шықпаған не баланы жарытпаған жағдайда, мүмкіндік 
болса, сүт орнына жүретін өнімді емес, қалай дегенмен донорлық ана 
сүтін пайдалану ұсынылады, ал сүт орнына жүретін өнімді өзге амал 
қалмағанда ғана пайдалануға болады.
балаларда, әсіресе жедел өсе бастаған кезде, тәбеті тартпай 
қалатын жағдай әдетте болмайды. алайда өздерінің балаларына не 
немерелеріне тамақты тықпалап ішкізе беруді (сөйтіп, шамаларынан 
асырып тамақтандыруды) парызым деп білетін тым өбектегіш шеше-
лер мен әжелер жиі кездеседі. балаларда зат алмасу үдерістерінің 
құбылмалы болатынын, яғни, мысалы, организмге тамақ өнімдерінің, 
әсіресе көмірсулардың шамадан тыс түсуіне жауап ретінде оп-оңай 
қайта құрыла алатынын есте ұстау керек. мұндайда организмде 
көмірсулардың артығы майға айнала береді де, ұлпалары қалыңдай 
түседі. Осының салдарынан май ұлпаларының гипертрофиясы баста-
лып, онда жаңа клеткалардың түзілуі артады, мұның өзі семірудің 
гиперцеллюлярлық формасы деп аталады. Өкінішке қарай, семірудің 
бұл формасын емдеу мейлінше қиынға түседі. семіріп кеткен балалар 
проценті, басқа да дамыған елдердегі сияқты, бізде де үздіксіз арта 
түсіп отырғанын және мұның өзі көбіне балаларға тамақты тым көп 
ішкізуге байланысты екенін айта кеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет