Тамақтың әртүрлі болуы – денсаулық кепілі.
адамға қажетті
қосылыстарының бәрі бірдей болатын өнім табиғатта жоқ (ана
109
сүтінен басқа, бірақ онда тек нәрестеге қажетті заттар ғана болады).
сондықтан әртүрлі өнімдердің қосындысы организмге тамақпен
бірге оған қажетті қоректік заттардың жеткізілуін бәрінен де жақсы
қамтамасыз етеді. Өнімдер алуан түрлі болған жағдайда организмнің
барынша дұрыс қызмет істеуі үшін қажет заттарды іріктеп алуы оңай.
мұның бәрінен гөрі тамақтың, мәселен, дәрумендер мен микроэле-
менттер сияқты қосылыстарына көбірек қатысы бар. Қосылыстарды
сіңіру және алмасу үдерістері көбінесе басқа қоректік заттар, кейде
бірнеше зат қатысқан жағдайда күрт күшейеді. мұның бәрі біздің
рационымыздағы тамақ өнімдерінің әртүрлі болуының пайдалы
екенін көрсетеді.
тарихта адамдардың көбіне ылғи бір түрлі өнімдермен қоректен-
гендіктен, әртүрлі ауруларға шалдығып, зардап шеккені жөнінде
көптеген мысалдар бар. гиповитаминоздар мен авитаминоздардың
көпшілігі осылай ашылды (мысалы, РР авитаминозы Орта Шығыстың
бірқатар аудандарына халық көбіне жүгерімен немесе қонақ жүгері
қоректенген кезде анықталды; Ві авитаминозы жапонияда халық
ақтаған күрішті тамақ еткен кезде ашылды т.б.).
Эндемиялық, яғни белгілі бір өңірге тән аурулардың бірқатары
топырақтағы микроэлементтердің тым көп болуына немесе жетіспеуіне
байланысты. Осыған орай бұл микроэлементтер өсімдік өнімдеріне
бір жағдайларда түсіп, енді бір жағдайларда түспейді (мысалы, біздің
еліміздің кейбір облыстарында халықтың тамағында йодтың немесе
фтордың жетіспейтін реттері, т.б.).
Өнімдердің әртүрлі болуы белгілі бір шамада олардың гигена-
лық қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. ауыл шаруашылығын
химияландырудың дамуына және өнеркәсіптің айналадағы ортаға теріс
ықпалының күшеюіне байланысты кейбір аудандарда денсаулыққа
зиянды әртүрлі заттар (пестицидтер, қорғасынның қоспалары және
т.б.) жиналып, тамақ өнімдеріне түсуі мүмкін. әрине, бұл заттардың
қандай мөлшерде түскенін денсаулық сақтау органдары қадағалайды,
бірақ ішетін тамағының түр-түрін көбейткенде, бұл тұрғыдан да өз
қауіпсіздігін ойлаудың артықтығы жоқ. тіпті белгілі бір жердің өзінде
өндірілген барлық өнімдердің бәрі зиянды заттарды біркелкі деңгейде
жинақтауы мүмкін емес. Өнімдердің әр алуан болуы бұл заттардың
жинақталуын кез келген жағдайда қауіпсіз деңгейге дейін «азайтады».
сондықтан да тамақтың алуан түрлі болуы қоректік құндылыққа
игі ықпал жасап қана қоймайды, сонымен бірге тамақ өнімдеріне
кездейсоқ қосылып кеткен зиянды заттардан неғұрлым қауіпсіз
110
болуды да қамтамасыз етеді. адам организмі біркелкі тамақтан
«қорғанатын» әрекетті де әзірлеп қояды – ол сол тамақтан «шығып»,
оған тәбеті тартпайтын болады. екінші жағынан, әртүрлі тамақ көбіне
адамның тәбетін ашады, ас қорыту сөлдері көбірек бөлініп, қоректік
заттар тез сіңеді. адам организмі осынысымен әртүрлі тамақ ішудің
физиологияға неғұрлым сай, неғұрлым дұрыс екенін көрсеткендей
болады.
кейбір кісілер (бір жақсысы, ондайлар көп емес) тамақтың эр
түрлі болғанын жақтағанымен, әрқайсысын бөлек-бөлек ішіп-
жеуді уағыздайды, яғни әрбір тамақ өнімін әдеттегідей бір жолы
тамақтанғанда басқа өнімдермен қоспай, бөлек-бөлек жеуді ұсынады.
Өз айтқандарының дүрыстығына дәлел ретінде бөлектеп ішіп-
жеуді жақтаушылар: көмірсулар сілтілі ортада ауыз қуысының
өзінде-ақ қорытыла бастайды, ал ақуыздар қышқыл ортада, асқазанда
қорытылады, сондықтан бұл екі үдеріс бір-біріне кедергі жасайты-
нын айтады. майды мөлшерден артық жеу, жалпы алғанда тамақтың
асқазаннан шығарылуын бөгейді (мұның өзі, шын мәнінде, ғылым
анықтаған факт, айналып келгенде, бұл да, олардың ойыншы ақуыздар
мен көмірсуларды сіңіруге кедергі жасайды.
айта кететін бір жайт, ақуыздар да, майлар да, көмірсулар да
көбіне панкреаттық сөлде болатын ферменттердің ықпалымен,
негізінен, ащы ішекте қорытылады. бүл ферменттердің бәрі сілтісі
азырақ ортада барынша оңтайлы әрекет етеді және бір-біріне әсте
кедергі жасамайды. тамақ салмағының асқазаннан тоқішекке түсуіне
жауап ретінде соңғысында ас қорытатын ферменттері мол, дайын
панкреаттық сөл рефлексті түрде бөліне бастайды. егер асқазанға
түскені тек қана ет болса (ақуыз басым) немесе кілең картоп (көмірсу
басым) болса, бірінші жағдайда ақуыздарды ыдырататын ферманттер
ғана, екінші жағдайда көмірсуларды ыдырататын ферменттер ғана
«жұмыс істейтін» болады, ал басқа ферменттердің бәрі «жүмыссыз»
қалады. сондықтан панкреатты сөлдің барлық ферменттерінің «жұмыс
істеуі» тұрғысынан алғанда, неғұрлым қолайлысы – ақуыздар, майлар
мен көмірсулар неғұрлым қолайлы арақатынаста болатын барынша
әр алуан тамақ ішу. мұның маңызды болатын тағы бір себебі – бұл
жағдайда лимфа мен қанға бір мезгілде амин қышқылдары да, май
қышқылдар да, моносахаридтер де, яғни энергия әкелушілер де,
«құрылыс материалдары» да түседі. Қанға энергия келмей, «құрылыс
материалы» ғана және, керісінше, «кұрылыс материалынсыз» энергия
ғана келетін болса, организмге қиындық туғызатыны күмәнсіз.
111
майдың біршама артық болуының асқазаннан тамақ қоспасының
шығуын бөгейтін ықпал жасауына келсек, онда бұл фактіні ақуыздар
мен көмірсулардың қорытылуы үшін қолайсыз деп қарастыруға
болмайды. мәселе мынада: қоректік заттардың нақ сол тым тез
қорытылып, сіңірілуі организм үшін тиімсіз – мұның өзі гомеостаз деп
аталады, яғни организмнің ішкі ортасының белгілі бір тепе-теңдігінің
сақталуын бұзады. Қоректік заттардың қанға біртіндеп келгені
неғұрлым тиімді, ас қорыту жүйесі қызметінің жануарлар дүниесінің
өрлеу үдерісі шығып, тұқым қуалау арқылы орныққан өзгешеліктері
арқылы осылай болып отырады.
сөйтіп,
тамақтанудың әртүрлі болуы қағидасы әрбір тамақтану
үшін де өз маңызын сацтайды.
әр тағаммен бөлектеп тамақтану
физиологияға сай келмейді.
бірақ тамақты қалай әртүрлі етуге болады? мүның өзі жыл мау-
сымына, қолда бар мүмкіндіктерге байланысты. асылында, бір
күнде ішілетін тамақ та, апта бойында ішілетін тамақ та әртүрлі
болуға тиіс. Демалыс үйлерінде, балалар комбинаттарында және т.б.
тиісінше осылай істеледі. Үйдегі жағдайға келсек, мұнда да «балық»,
«сүт», «көкөніс» күндері және басқа да осындай күндер жасауға әбден
болады. Дастарқан мәзірін жасаған кезде неғұрлым көбірек тапқырлық
танытсаңыз, соғұрлым жақсы.
сонымен, мүмкіндігінше әртүрлі тамақтаныңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |