216
бояғыш; бұл өнімдер синтетикалық бояғыштар сияқты улануды
бағалауды талап етеді.
көптеген зерттеулерге қарамастан, өсімдік шикізатынан табиғи
бояғыштарды алған кезде, құрамының тұрақтылығын үнемі қамта-
масыз ету мүмкін бола бермейді және осылайша түсінің өзгермеуі
бояғыш қабілетінде қамтамасыз етіле алмайды.
бояғышты шикізаттан алу технологиясы да әсер етеді. уланулық
тұрғыда табиғи бояғыштарды, ең болмағанда, дәстүрлі тамақ
өнеркәсібінде қолданылатындарын денсаулыққа қауіп тудырмайды
деп есептеуге болады.
табиғи бояғыш заттарды алу үшін шикізат таңдауда өсімдіктердің
кейбір түрлерінде улы заттардың болатынын ескеру қажет. Оларды
жеткілікті түрде босату әрқашан мүмкін бола бермейді, салдарынан
бөлініп алынған бояғыш заттың тағамдық мақсатта қолдануының
қауіпсіздігі бойынша толық кепілдік жоқ.
Өнімдерге түс беруге қолданылатын органикалық бояғыштар
тағамдық қоспаларға жатады. соңғы уақытта шетелдік технология-
лар бойынша ресейлік немесе бірлескен кәсіпорындарда шығарылатын
және шет елден келетін тамақ өнімдерінің түрлері күрт өсті, сондықтан
алдын алу және санитарлық қадағалау, гигиеналық сараптама мен сер-
тификаттау кезінде жекелеген өнімдерде қолданылуы немесе болуы
мүмкін тағамдық қоспаларды анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: