Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет134/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Желдеткіш және жылыту
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірістік үй-жайлары 
үшін  желдеткіш  жүйелері  өндірістік  үй-жайлардың  жұмыс 
аумағындағы  тұрақты  және  уақытша  жұмыс  орындарында    санежн 
2.2.4.548-96  мен  се  2.3.6.1079-01  сәйкес  келетін  метеорологиялық 
жағдайлар мен ауа тазалығын қамтамасыз етуге тиіс. 
Қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындарының  әкімшілік-тұрмыстық 
және өндірістік үй-жайлардың қызмет көрсетілетін аймағында  жылы-
туды,  ауаны  желдету    мен  желдеткішті  жобалау  бойынша  құрылыс 
нормалары  мен  ережелердің  Қнме  41-01-03  талаптарына  сәйкес 
метеорологиялық жағдайлар қамтамасыз етілуге тиіс. 
желдету  табиғи  және  жасанды  болады.  табиғи  желдету  темпе-
ратура  мен  терезе,  есік,  терезе  желдеткіші  мен  басқаларынан  жел-
дету  арқылы  үй-жайдың  сыртындағы  және  ішіндегі  ауа  қысымының 
арасындағы  айырмашылық  нәтижесінде  болады.  табиғи  желдету 


238
 
 
                                                                                          
нашар  реттеледі  және  сағатына  0,5  көлемнен  артық  емес  ауа  алмасу 
еселігі болады, ал бұл өндірістік үй-жайлардағы ауа кеңістігінің жай-
күйін бір қалыпқа келтіру үшін жеткіліксіз. 
Қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындарында,  әдетте,  желдету 
жүйелердің  көмегімен  жасанды  желдету  қолданылады.  бұл  ретте  ауа 
үй-жайдан арнайы жолдар – ауа құбырлары бойынша беріледі немесе 
алынады
Ескертулер.
*  сыртқы ауа нормасы жұмыс үй-жайлары, әкімшілік мақсаттағы 
қоғамдық  ғимараттардың  кеңсе  бөлмелері  үшін  келтірілген. 
Қоғамдық мақсаттағы басқа үй-жайларда сыртқы ауа нормасын тиісті 
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қабылдау керек.
** 2 сағаттан артық емес үзіліссіз адамдары бар үй-жайлар үшін.
ауаны  желдету  жүйелерін  пайдаланғанда,  өндірісітік  үй-жайлар-
дағы  микроклимат  көрсеткіші  санитарлық  нормалардың  оңтайлы 
мәндеріне  сәйкес  келуге  тиіс.  механикалық  немесе  табиғи  қоздыр-
ғышы бар желдету жүйелерінде көрсеткіші рұқсат етілген нормаларға 
жауап беруге тиіс.
Өндірістік,  қосалқы  және  санитарлық-тұрмыстық  үй-жайлар, 
қолданыстағы  нормалар  мен  ережелерге  сәйкес,  ауа  тартқыш  және 
ағындық механикалық желдетумен жабдықталады. 
кондитерлік  өнімдерді  өңдеу  үй-жайларында  желдетудің  ағынды 
жүйесінде  осы  үй-жайдағы  таза  ауаны  тіреп  тұруды  қамтамасыз  етіп 
тұратын шаңға қарсы және бактерицидтік сүзгілермен жабдықталады. 
желдету жүйелердің тесіктері ұсақ тесікті полимерлі тор қаптамамен 
жабылады.
тұрмыстық  үй-жайлар  (дәретханалар,  су  бөлмелері,  әйелдер 
гигиенасы  бөлмелері)  көбіне  табиғи  қоздырғышты  дербес  ауа 
тартқыш  желдеткіш  жүйелерімен  жабдықталады.  механикалық 
ағынды  желдеткіш  жүйелерінде  берілетін  сыртқы  ауаны  тазартуға 
және  жылдың  суық  мезгілінде  жылытуға  кеңес  беріледі.  ағынды 
желдеткішүшін ауаны жинау ең аз ластану аймағынан жер бетінен екі 
метрден кем емес биіктікте алынады. 
ылғал,  жылу  мен  газдар  ең  көп  бөлініп  шығатын  көздер  болып 
табылатын  жабдық  пен  жуушы  ванналар  барынша  ластанған 
аймақтарда  көп  ауа  тартқыш  орнатумен  жергілікті  ауа  тартқыш 
жүйелермен  жабдықталады.  Өзге  мақсатты  ғимараттарда  орналасқан 
ұйымдардың  ауа  тартқыш  желдеткіш  жүйелері  осы  ғимараттардың 
желдеткіш жүйелерінен бөлек жабдықталады.


239
берілетін  ауа  мен  үй-жай  ішіндегі  ауа  температураларының 
айырмашылығы  5°с-тан  аспауға  тиіс,  сондықтан  жылдың  суық 
мезгілінде  сырттан  келетін  ауаны  жылытуды  қарастыруға  кеңес 
беріледі.  ағынды  ауа  үй-жайлардың  жоғарғы  аумақтарына  келуге 
тиіс.  бір  ағынды  жүйеге  ыстық  және  кондитерлік  цехтарды,  жуушы 
және  дайындаушы  цехтарды  біріктіруге  кеңес  беріледі.  бұл  цехтарда 
ауа  тартқыш    ағыннан  екі  еседен  кем  емес  болуға,  ал  келушілерге 
арналған  залда  ағын  ауа  тартқыштан  артық  болуға  тиіс.  Осының 
арқасында ластанған ауа келушілерге арналған үй-жайларға кірмейді.
Өндірістік  үй-жайлардың  жұмыс  аумақтарының  ауасындағы 
зиянды  заттар  мөлшері  жұмыс  аумағының  ауасындағы  зиянды 
заттардың  шектеулі  рұқсат  етілген  тығыздығынан  (ШРк)  аспауға 
тиіс. Өндірістік үй-жайлардың ауасына зиянды заттардың түзілуі мен 
түсуінің алдын алу үшін:
•  тағамдарды  дайындаудың  технологиялық  үдерістерін  қатаң 
сақтау;
•  газ плиталарын қолданғанда отынның толық жағылуын;
•  ұнды, қант ұнтағы мен басқа сусымалы өнімдерді елеуге байла-
нысты  операцияларды  жергілікті  ауа  тартқыш  желдеткішімен 
жабдықталған жұмыс орнында орындау;
•  барлық  жұмыстарды  тек  қосылған  ауа  тартқыш  және  ағынды 
желдеткіш  немесе  жергілікті  ауа  тартқыш  желдеткіш  бар  кезде 
ғана жүргізу қажет.
Өндірістік,  қосалқы  үй-жайлар  мен  келушілерге  арналған 
үй-жайлар жылыту, ауаны желдету мен кондиционерлеуге қойылатын 
Қнме  41-01-03  талаптарға  сәйкес,  (су  немесе  басқа  түрлері)  жылыту-
мен  қаматамасыз  етіледі.  Қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындарында 
сумен жылыту жүйелері қарастырылғаны жөн. 
жылыту жүйелері сыртқы ауа көрсеткіштері төмен емес болмаған 
кезде, жылыту маусымының соңына дейін жылытылатын үй-жайларда 
ауаның нормаланатын температурасын қамтамасыз етуге тиіс. 
жылыту  құралдары  мен  жылыту  жүйелерінің  құбыр  желілі 
қолжетімді  бөліктерінің  температурасы  барынша  рұқсат  етілгеннен 
артық  болмауға  тиіс.  Қолжетімді  беткейлерінің  температурасы  75°с 
жоғары  жылыту  құралдары  мен  құбыр  желілері  үшін  қорғаныс 
қоршауын  немесе  құбырлар  желілерінің  жылулық  оқшаулауын 
қарастыру қажет.
жылыту-велдету  жабдықтың,  ішкі  жылумен  қамсыздандыру 
жүйесінің  құбыр  желілерінің,  ауа  құбырларының,  түтін  құбырлары 
мен түтіндіктің жылулық оқшаулауын:


240
 
 
                                                                                          
•  өрттердің алдын алу;
•  шектеуліден кем емес жылу жоғалтуларды қамтамасыз ету;
•  ылғалдың конденсаттануын болдырмау;
•  жылытылмайтын үй-жайларға немесе жасанды салқындатылатын 
үй-жайларға тартылатын құбыр желілеріндегі жылу тасығыштың 
қатып қалуын болдырмау үшін қарастыру қажет.
жылулық  оқшаулау  бетінің  температурасы  40°с-тан  аспауға  тиіс. 
жылыту  құралдарын  шаң  мен  ластанулардан  үнемі  тазарту  және 
тоңазытқыш  жабдығының  қасына  орналастырмау  керек.  жылыту 
маусымы  басталар  алдында  жылыту  жүйесін  жылутасығышпен  тол-
тыра отырып, сынау керек. ал жылыту маусымы аяқталғаннан кейін  
жылутасығыш  (су,  булар  конденсаттары)  жүйеден  алынып  тасталуға 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет