Абжанова сокращенная indd


Байытылған тағамдық өнімдердегі дәрумендерді кәдеге



Pdf көрінісі
бет55/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Байытылған тағамдық өнімдердегі дәрумендерді кәдеге 
жаратудың тиімділігі
әдеби  шолуларға  тоқталсақ,  байытылған  бөлшектенген  ет  өнім-
деріндегі  В  тобының  дәрумендерін  пайдаға  асыру  және  тәжірибелік 
жануарларға жүргізілген тәжірибеде осы дәрумендердің көзі ретіндегі 
бөлшектенген ет өнімдерінің тиімділігі зерттелген.
зерттеу  денесінің  бастапқы  салмағы  60-62  г  Вистар  желісінің  70 
өсуші  аталық  егеуқұйрыққа  (енесінен  айырған  төлдерге)  жүргізілді. 
жануарлар төрт топқа бөлінді.
бірінші  топтағы  егеуқұйрықтар  құрамында  болатын  негізгі 
тағамдық заттар, минералды тұздар мен дәрумендер толығымен жар-
тылай синтеттикалық тамақ үлесінде болған.
жануарлардың  екінші  тобы  тура  сондай  тамақ  үлесін  алған,  бірақ 
оның  құрамында  тиамин,  рибофлавин  мен  ниацин  жетіспеген  және 
тамақ үлесін дайындау үшін қолданылатын дәрумендік қоспадан осы 
дәрумендер алынып тасталған. 
Үшінші  топтағы  жануарларға  көрсетілген  дәрумендерге  тапшы 
тамақ  үлесіне  қосымша  «мәскеулік»  котлеттер  беріліп  отырған,  ал 
төртінші  топтағы  жануарларға  осы  тамақ  үлесіне  қосымша  тиамин, 
рибофлавин,  никотинамид  және  аскорбин  қышқылымен  байытылған 
котлеттер  берілді.  төртінші  топ  жануарларының  тамақ  үлесіне 
қосылған  дәрумендендірілген  котлеттер  мөлшері  бірінші  топтағы 


93
жануарлардың толыққанды тамақ үлесіне жақын дәрумендердің түсуін 
қамтамасыз ететіндей есептелген.
тамақ үлестеріндегі дәрумендерді пайдаға асыру тиімділігі жөнінде 
жануарлардың  салмағының  артуы  мен  тиісті  дәруменге  тәуелді 
ферменттердің белсенділігі бойынша баға берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет