Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет56/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Дәрумен жетіспеушілігі
Дәрумен  жетіспеушілігінің  екі  дәрежесі  бар:  гиповитаминоз  және 
авитаминоз.  гиповитаминозға  қандай  да  бір  дәруменнің  жетіспеу-
шілігінің  орташа  дәрежесі  жатқызылады.  гиповитаминоздар,  әдетте 
клиникалық  белгілері  аса  байқалмайтындығымен  және  биохимиялық 
көрсеткіштердің  де  айқын  ауытқулары  жоқтығымен  сипатталады. 
көптеген  гиповитаминоздардың  клиникалық  белгілері  нақтылы 
емес,  тәбеттің  нашарлауы,  тез  шаршағыштық,  ашушаңдық,  еңбекке 
қабілеттіліктің  түсуі,  сонымен  қатар  қызыл  иектің  жиі  қанауы  (с 
гиповитаминоз)  көрсеткіштері,  терінің  іріңді  жаралары,  терінің 
қабыршақтанып кеберсуі, шаштың үзілгіштігі және ұшының айырла-
нуы  (В  тобының  гиповитаминозы)  сияқты  жалпылама  жағдайлармен 
білінеді.
бір  немесе  бірнеше  дәрумен  жетіспеушілігінде  адамдарда  полиги-
повитаминоз дамуы ықтимал. алайда бұл жағдайларда бір дәруменнің 
жетіспеушілігі  жетекші  орынды  иемденсе,  ал  қалғандарының  жетіс-
пеушілігі соған қосарланған ілеспелер сипатында жүреді.
гиповитаминоздың  арнайы  клиникалық  белгілерінің  жоқтығынан, 
адамдар,  әдетте  оған  көңіл  бөлмейді,  дәрігерге  қаралмайды  және 
емдік  шаралар  жасамайды.  бұл  созылмалы  дәрумен  жетіспеушілігіне 
соқтырады, денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келеді. түрлі гиповита-
миноздарды  анықтау  үшін  белгілі  бірнеше  биохимиялық  көрсеткіш 
қолданылады.
гиповитаминоздар  даму  мерзімі  әртүрлі  және  ол  нақтылы 
дәрумендердің айналымға түсу жылдамдығына байланысты. мысалы, 
В1  гиповитаминозы  2-3  тәулік  ішінде  дамитын  болса,  В12  гиповита-
минозы тамақпен бірге түспеуіне немесе жеткіліксіз мөлшерде түсуіне 
байланысты 1-3 жыл аралығында пайда болуы ықтимал.
Қандай  да  бір  дәрумен  жетіспеушілігінің  ауыр  дәрежесі  авитами-
ноз деп аталады. авитаминоздар, гиповитаминозға қарағанда, арнайы 
өзіндік  клиникалық  белгілерімен  сипатталады.  авитаминоздың 
классикалық  мысалына  цинга  (с  авитаминозы),  рахит  (Д  авитами-


94
 
 
                                                                                          
нозы),  бери-бери  (авитаминоз  В1),  пеллагра  (РР  авитаминозы  –  нико-
тин  қышқылы  жетіспеушілігінің  ауыр  түрі),  пернициоздық  қан  азаю 
(В12  авитаминозы)  емдеу  әдістері  белгісіз  кезде,  авитаминоздан 
науқастанып қайтыс болу кеңінен таралған еді. Осылайша, цинга мен 
бери-бери  эпидемиясы  жүз  мыңдаған  адам  өмірін  қиған  ауруларға 
жатады.
Дәрумендерді  ашу  және  оларды  профилактикалық  және  емдік 
мақсаттарда қолданудан қазіргі кезде біздің елімізде авитаминоздар өте 
сирек  кездесетін  құбылысқа  айналды.  солай  бола  тұра,  Қазақстанда 
гиповитаминоздар  әлі  де,  оның  ішінде  оқушылар  арасында  кеңінен 
таралған.  ең  жиі  кездесетіндері  –  а,  с  дәрумендерінің,  (аскорбин 
қышқылының), фолий қышқылының және өзге В дәрумендер тобының 
жетіспеушіліктері.
а,  с  дәрумендерінің  және  фолий  қышқылының  жетіспеушілік-
терінің  кеңінен  таралуы  мезгілдік  сипатқа  ие.  бұл  дәрумендердің 
жетіспеушілігі  қысқы-көктемгі  мезгілде  жиі  кездеседі.  Өйткені 
бұл  дәрумендердің  негізгі  тасымалдаушылары  және  қор  көздеріне 
көкөністер  мен  жемістер  жатады,  ал  көкөністер  мен  жемістер  қысқы-
көктемгі  кезеңдерде  кемірек  пайдаланылады,  бұл  олардың  басқа 
дәрумендерден  өзгешеліктері  болып  табылады.  басқа  дәрумендердің 
негізгі  жабдықтаушыларына  өзге  тағам  түрлері  жатады.  мысалы,  В1 
дәрумені дақылдық дәндермен бірге қабылданады, ал В12 дәруменінің 
жалғыз  қорлық  көзіне  жануар  тектес  тағам  түрлері  (ет  және  сүт 
тағамдары) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет