Дәрумендер жетіспеушілігінің кері салдары
әдетте, дәрумендер жетіспеушілігінде көңіл-күй нашарлайды,
еңбекке қабілеттілік және суықтап ауруға төзімділік төмендейді,
қоршаған ортаның адам организміне зиянды жағдаяттарының әсері
96
күшейеді, қайсы бір аурулардың бәрінің дерлік жүруі асқынып кетеді.
балалық және жасөспірімдік кезеңдегі гиповитаминоздар жалпы
физикалық даму және төзімділік көрсеткіштерінің төмендеуіне, зат
алмасулардың бұзылуына және созылмалы аурулардың өрбуіне ықпал
етеді.
бала емізетін және жүкті әйелдердегі дәрумендер жетіспеушілігі
ана мен баланың денсаулығына үлкен зиян келтіреді, туа біткен
кемістіктерге себепкер болады, гипотрофияға балалардың шала туу-
ына, балалардың физикалық және ақыл-ой дамуының бұзылыстарына
соқтыруы мүмкін.
с дәрумені жетіспеушілігінде темірдің сіңірімділігі төмендейді,
ал бұл жағдай анемия дамуына жол береді, қандағы холестерин
деңгейі артады және атеросклероз өрбу қаупі арта түседі. с, е, а
дәрумендерінің және каротиноидтердің жетіспеушілігі (а провитамині
– олардан адам организмінде а дәрумені түзіледі), тобының
жетіспеушілігі кейбір аса қатерлі обыр түрлерінің дамуына бейім
етеді.
жүктілік кезінде фолий қышқылының жетіспеушілігі туа біткен
кемістіктердің, сәбилердің шала тууының, өлі тууының, спонтандық
түсіктердің жаңа туған нәрестелердің физикалық және психикалық
дамуының бұзылуы пайда болуына жол ашады. Фолий қышқылының
жетіспеушілігі жынысына байланыссыз кез келген жас шамасында
қатерлі.
сонымен, фолий қышқылы адам организмінде қаншалықты кем
болса, халықтың арасындағы өлім-жітімнің нөмірі бірінші себепкері
болып отырған қан тамыры атеросклероздары, жүректің ишемиялық
аурулары, миокард инфаркті және инсультті дамуына апаратын гомо-
цистеин соншалықты көп. жүрек-қан тамырлары ауытқуы үлгісі
өлім-жітім деңгейі бойынша Қазақстан әлемде алдыңғы орындардың
бірін иемденуде (ДДCҰ мәліметтері). бұл жағдайдың осыншалықты
кеңінен таралуының жетекші себептерінің біріне фолий қышқылының
жетіспеушілігі жатады. еркектерде фолаттардың жетіспеушілігі
қуықасты бездерінде аденома және қатерлі ісіктердің қауіпті
түрлерінің дамуына соқтырады.
Қазақстанда кеңінен таралған В1, В2 дәрумендерінің және нико-
тин қышқылының жетіспеушілігі көптеген органдар мен жүйелер
функцияларының бұзылуына әкеледі. бұл кезде жүректің және
бұлшық еттердің, асқазан-ішек жолдарының, көру органдарының, тері
мен шырышты қабықтардың, жүйке жүйесінің қызметтері бұзылады,
97
ауыр жағдайларда өлім-жітімге соқтырады. мысалы, организмде В1
дәруменінің (бери-бери) жетіспеушілігінде өлімнің нақты себебі жүрек
жұмысының жетіспеушілігі болып табылады, бірақ кей кездерде бұл
аурудың бас миының аурулары түрлері де кездеседі. кардиологтар
мен невропатологтар пациентке В1 дәруменінің препараттарын жиі
беретіні кездейсоқ емес.
Дәрумендер жетіспеген жағдайда организм ауруға шалдығады.
Химиялық құрылысы жағынан дәрумендер алуан түрлі. Олар
құрамында 18-20 көміртек атомы бар көміртектер мен қанықпаған
лактандар, аминоспирттер, қышқылдардың амидтері, циклогексан-
дар, хош иісті қышқылдар, нафтохиондар, имидазол, пиррол, т.б. да
сатылы қосылыстардан тұрады. Дәрумендердің басым көпшілігіне
спиртті және карбоксильді топтар тән. тек кейбіреулерінде ғана амин
тобы болады. кейбір дәрумендер организмде де синтезделеді. Олар
тамақтық заттармен, организмге түсіп, организмнің өніп, өсуіне әсерін
тигізеді. Дәрумендер, негізінен, тек өсімдіктерде пайда болады.
Дәрумендер – жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің
қалыпты өсуі мен дамуы үшін де қажетті заттар. кейбір жоғары
сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы, тамыры, тұқымнан
бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік
барысында өздігінен дәрумендерді синтездей алмайтындықтан, әр
уақытта оларды сырттан алуға болады. сондықтан да қоректік ортаға
тиамин мен пиридиоксинді аздап қосудың өзі көптеген өсімдіктердің
оқшауланған тамыршалары мен жас өсінділерінің өсуіне жақсы
жағдай туғызады.
Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың,
майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын
тездететін және реттейтін де – дәрумендер. Дәрумендерді тек дәрі-
дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып
күресу үшін қолданатын заттар деп қарау – қате. бұларды тағамдық
заттар деп қарауымыз керек, өйткені дәрумендер тағамның қүрамына
кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
ерте көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді,
жиі-жиі салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әртүрлі
созылмалы сырқаттары қозады.
Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп,
тез шаршап-шалдығып, организмнің әлсіреуінің ең басты себебінің
бірі адам организміне қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі
дәлелденіп отыр.
|