Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет8/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   198
Байланысты:
1 (5)

9
1-БӨЛІМ. 
ТАМАҚТАНУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
тамақтану  физиологиясы  тамақ  саласындағы  мамандарды  қалып-
тастырудағы  негізгі  ғылымдардың  бірі  болып  табылады.  әрбір  орга-
низм  өзінің  физиологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  қоректік 
зат  қажет  етеді.  Қазіргі  уақытта  тұрғындарды  организмнің  талабына 
сай  келетін  өніммен  қамтамасыз  ету  керек,  әр  уақытта  тағамның 
биологиялық құндылығы сақталуы қажет. 
тамақтану физиологиясы курсының негізгі мақсаты:
–  студенттердің  санасына  екі  −  физиологиялық  және  экономика-
лық, көрсеткіштің қатар болуын қалыптастыру, яғни барлық топтағы 
адамдарды  экономикалық  тиімді,  теңгерімді  тағаммен  қамтамасыз 
ету.  курсты  оқытудың  азық-түлік  ресурстарын  ұтымды  пайдалануға 
үйретуде де маңызы зор. 
адам  өміріндегі  тамақтың  атқаратын  рөлі.  Оттегі  сияқты,  тамақ 
та  адамның  өмір  сүруінің,  өсуінің,  дамуының,  жұмысқа  жарам-
дылығының,  ерте  қартаюдың  алдын  алудың,  әртүрлі  аурулардың 
алдын алудың маңызды биологиялық факторы болып табылады.
пәннің  зерттеу  тақырыбы  –  организмнің  тағамдық  заттардағы 
(нутриенттердегі)  қажеттілігін  анықтау.  тамақ  физиологиясы  пәні 
химияның,  генетиканың,  физиканың,  медицинаның  жетістіктеріне 
негізделеді және қоғамдық тамақтану өнімдерін өндірудің технологи-
ясы,  өнеркәсіптік  тауарларды  ауыстыру  (тауартану)  пәндерінің  негізі 
болып табылады.
тамақтану  физиологиясы  жасқа,  жынысқа,  денсаулық  жағдайына, 
тамақтану режиміне әсер ететін химиялық заттарды ағзаның сіңіруін, 
сонымен  бірге  өнімдерді  технологиялық  өңдеу  әдістерін,  оларды 
сақтауда  құрамының  өзгеруі  және  басқа  факторлардың  әсерлерін 
зерттейді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет