Абжанова сокращенная indd


Адам өмірінде маңызды рөлі атқаратын тағамдық заттар



Pdf көрінісі
бет11/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   198
11
Адам өмірінде маңызды рөлі атқаратын тағамдық заттар. адам 
ағзасы ақуыздан (19,6%), майлардан (14,7%), көмірсулардан (1%), мине-
ралды  заттардан  (4,9%),  сулардан  (58,8%)  тұрады.  Ол  бұл  заттарды 
ішкі  ағзалардың  функциялары  үшін,  жылуды  ұстауға  және  барлық 
өмірлік  үдерістерді  іске  асыруда,  сонымен  қатар  физикалық  және  ой 
жұмыстары үшін қуат шығынына жұмсайды.
ОРТАЛЫҚ, ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ 
ЖАЛПЫ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Реттеудің  нейрогуморальдық  жүйесі.  Организмнің  біртұтастығын 
сақтауда  нейрогумаралды  жүйенің  рөлі.  жүйке  жүйесінің  құрылысы. 
адам  организмі  қызметінің  гуморалдық  реттелуі.  нейрогуморалды 
жүйенің функциясы үшін тағамдық заттардың маңызы.
Орталык  жүйке  жүйесі  денедегі  барлық  ағзалармен,  физио-
логиялық,  жүйелер  қызметін,  зат  алмасуын  реттеп  отырады, 
әрекеттер  мен  процестерді  сыртқы  орта  кұбылыстарына  бейімдеп, 
тіршіліктің  белгілі  бағытта  өтуін  қамтамасыз  етеді.  адамда  жүйке 
жүйесінің  ең  жоғары  бөлімі  –  ми.  ми  сыңары  қыртысының  ерекше 
кызметі − ойлау, дүниетану, пікір тудыру. мұның арқасында адам өзін 
сыртқы ортадағы құбылыстарға бейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз 
мақсатына  лайықты  өзгерте  алады,  өткен-кеткенді  талдап,  келешекті 
болжайды. аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл процестерді 
нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді.
нейрондар  мен  ганглия.  нейрон  дегеніміз  –  жүйке  клеткасы. 
Ол  −  жүйке  жүйесі  кұрамындағы  жеке  (дербес)  бөлік,  сол  жүйенің 
морфофункциялық  негізі.  нейрондардың  арасын  нейроглия  толты-
рады. Ол − нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым. нейрондар 
пішіні, көлемі жағынан әртүрлі. 
бірақ  қай  нейрон  болса  да,  ол  дене  және  денеден  шығатын 
өсінділерден (талшықтардан) тұрады. 
нейрон денесінде протоплазма, өзек, басқа ұлпаларға да тән орго-
ноидтар және тек нейронда кездесетін тигроид (қарала) заттар болады. 
соңғыларының  әрбіреуі  түйіршікке  не  кесекке  ұқсайды.  Өзектік 
бояулармен  боялатын,  болғандықтан  олар  нейрон  протоплазмасын 
ала-құла  етіп  көрсетеді.  нейрон  талшықтары  ұзындығына  карай 
(1 микроннан − 1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. 
аксон  −  нейронның  ұзын,  ал  дендрит  қысқа  талшығы.  әр  нейронда 
бір  аксон,  бірнеше  дендрит  болады.  Дендрит  аксонға  қарағанда  көп 


12
 
 
                                                                                          
тармақты  келеді.  аксонның  нейрон  денесінен  басталатын  жері  аксон 
төмпешігі  деп  аталады.  төмпешікте  тигроид  заттар  мен  миелин 
қабығы  болмайды.  аксон  төмпешігінің  қозу  қабілеті  өте  жоғары. 
сезімтал  нейронның  шеткей  орналасқан  аксонының  ұшында  рецеп-
тор  (қабылдауыш)  болады.  ал  орталык  жүйке  жүйесіндегі  жүйке 
талшығының ұшы жуандап, бүршікке ұқсайды. 
нейрондардың  осындай  ұштары  бір-бірімен  түйісіп,  синапс 
құрады.  Қозу  серпінінің  рецептордан  жүйке  орталығына  бағыттап 
өткізетін  жүйке  талшығы  сезімтал  (афференттік)  деп  аталады,  ал 
орталықтан  қозуды  шеттегі  ағзаларға  жеткізуші  талшықты  қозғалт-
қыш  (эфференттік)  деп  атайды.  жүйке  талшықтары  майлы  жұмсақ 
қабығының  болу-болмауына  байланысты  миелинді,  миелинсіз  деп 
екіге бөлінеді.
Нейроглия  деп  нейрондар  аралығын  толтыратын  клеткаларды       
(глиондарды)  айтады.  глия  –  грек  сөзі,  «желім»  деген  мағынада. 
Расында  да,  олар  нейрондардың  денесі  мен  талшықтарына  жабысып 
тұрады.  глиондар  екі  түрлі  –  астроциттер  және  олигодендроциттер. 
бұлардың аксоны болмайды және өзара синапстар кұрмайды.  
нейроглияның функциялық маңызы:
1.  трофикалық қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті 
қоректі заттарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға 
өткізеді.
2.  нейрондардың  тіршілігіне,  қызметіне  керекті  жағдай  жасайды. 
нейрондардың  айналасындағы  сұйықтықтың  иондық  құрамын, 
медиаторлар мен судың, деңгейін бірқалыпта сақтайды. 
3.  Олигодендриттер  нейрондар  аксонының  миелин  қабығын 
жасауға қатысады.
4.  нейроглия нейрондар арасындағы қарым-қатынасты күшейтеді, 
есте  сақтауды,  уакытша  байланыстардың  пайда  болуын  жеңіл-
детеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет