Объект– субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат.Саясаттанудың обьектісіне саясат әлемі жатады.
Оккупация-бір елдің мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы.
Олигархия-саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында түрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі.
Оппозиция - 1)бір саясатқа ,саяси іс-әрекетке ,қайраткерге қарсылық ету ,кедергі жасау.2)партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы,
Охлократия – қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып , ойран салған ,демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
-Ө- Өркениеттілік-1)қоғамның , адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2)мәдениеттің синонимі; 3) Л.Морган, Ф.Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуында варварлықтан кейінгі сатысы.
-П- Парадигма- жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.
Парламент-жоғары сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган.
Парламенттік республика- конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады.Мұнда үкіметті парламент қалыптастырады,сондықтан оған тәулді болады.Парламент бюджетті бекітеді,салықты белгілейді,соттарды құрады,халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды,соғыс аша алады,әскерлерді қамтамасыз етеді және т.с.с.айналысады.Көптеген елдің парламенті екі(жоғарғы және төменгі)палатадан тұрады.
Пацифизм-соғыстың қандай түріне болмасын(мақсатына,сипатына қарамастан)қарсы тұрып ,бейбітшілікті жақтайтын ағым,қозғалыс.
Плебисцит-ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың пікірін сұрау,анықтау.
Плутократия-1)мемлекеттік билік байларға(плутократтарға )бағынышты болған саяси құрылыс;2)байлардың билігі ,ақшаның үстемдігі.
Полис–ежелгі грек елінде қоғам мен мемлекеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекет.
Популизм–саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси қызмет атқару тәсілі.Олар мынадай ерекшеліктермен сипатталады:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп,құптау;өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген жағдайын пайдалану;көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану,асыра уәде беру,халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.с.с.