Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия


Мәміле –дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі. Мемлекет –



бет11/21
Дата12.09.2022
өлшемі54,35 Kb.
#38866
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Мәміле –дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.
Мемлекет –белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі.
Мемлекеттік билік –барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Менталитет –1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы;
2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі.
Меритократия –ерекше қабілетті, құзыретті, таланаттылардың билігі.
Милитаризм –жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.
Модернизация –қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі.
Монархия –мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Муниципалитет –1) кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық қоғамдастық, жергілікті өзін-өзі басқару органы. Оның өз меншігі, заң шығаратын, салық салатын және т.б. құқықтары бар; 2) кей елдерде кездесетін төменгі әкімшілік-аумақтық бөлік; 3) муниципалитеттің орналасқан үйі.
-Н-
Нәсіл –шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне (дене құрылысы, терісіне, көзінің түсіне және т.с.с.) байланысты бірлескен адамдар тобы.
Нигилизм –жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т.с.с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды.
-О-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет