Прагматизм –алға қойған мақсатқа іс-жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай,нақтылы нәтижеге жетуге тырысады.
Президент –1)республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы;2)сайлап қойылатын басшы,қоғамдық,ғылыми мекемелердің ,корпорация,компания және т.б. төрағасы.
Президенттік республика –конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі.
Прогресс–алға қарай үдеп,дамуды білдіретін бағыт.
Протекрат–мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы.Көбіне мұндай жағдай әлсізді толық жаулап,жерін қосып алудың амалы болып шығады.Мысалы,ХХ-ғасырдың бас кезінде Жапония Кореяны алдымен протекторат етті,кейін оны өзіне қосып алды.
-Р- Радикализм - партияның,қозғалыстың ,фракцияның,жеке басшының және т.с.с. қоғамда қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатымен жасалатын батыл іс-әрекеті,қимылы.
Реакция – 1)белгілі бір әрекетке жауап ретіндегі іс-қимыл;2)қоғамдық прогреске қарсы бағытталған,күні өткен тәртіпті орнатқысы келетін саясат.Ол,әдетте, жаппай зорлық-зомбылық , күш жұмсаудың,экономикалық , саяси езгінің күшеюіне,еркін ой-пікірді қудалауда көрініс береді.
Революция– қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріліс.Оның біртіндеп,ақырын дамитын эволюциядан және ішінара өзгерістір жасайтын реформадан айырмасы зор.ол көпшілік күштерді қозғалысқа келтіріп,революциялық ситуацияны тудыратын объективтік өзгерістер нәтижесінде пайда болады.Оның қозғаушы күшіне үстемдік етіп отырған қоғамдық құрылысты құлатып,одан жоғары прогресті құрылысты орнатқысы келген таптар,әлеуметтік топтар жатады.Революция қоғамның дамуын орасан зор жеделдетеді.
Репрессия–мемлекеттәк құрылымдардың жазалау шарасы,қуғын –сүргінге ұшырату.
Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі.