Адал азамат


Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші     92



Pdf көрінісі
бет11/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
92  
    
 
 
 
ТУҒАН  ЕЛІМ 
 
                                                                              Сөзі: Б. Құрманбековтікі 
                                                                              Әні:  Ә. Сағымбаевтікі 
 
Күні шуақ, Айы нұрлы жерімнің, 
Тауы биік, суы мөлдір көлімнің 
Жер ұйыққа айналады ғажайып, 
Қазақ деген қасиетті елімнің 
 
 
                                                                              Қайырмасы: 
 
                                                                Жер жаннаты туған елім! 
                                                                Көк байрағың  желбіресін! 
                                                                Көк зеңгерге қыран құсың, 
                                                                Қанат жайып, самғап ұшсын! 
 
 
Астанасы күннен күнге құлпырып, 
Бар әлемге таныс болды бас қаласы 
Ата-баба рухы қолдап, өсуде, 
Болашағы Тәуелсіз Ел - жас баласы! 
 
 
 
 
                                                                           Қайырмасы: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
93  
    
 
 
 
ТУҒАН  ЕЛІМ 
 
                                                                          
     Сөзі: Б. Құрманбековтікі 
                                                                              Әні:  Ә. Сағымбаевтікі 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
94  
    
 
ӨЗГЕШЕ ӘСЕРГЕ БӨЛЕНДІ 
 
Жарылқағанова Балқұйған Жұмабекқызы,  
Қ. Жұбанов атындағы университеттің 
«Дизайн» факультетінің 4 курс студенті 
 
Мен өзім, жас кезімнен бастап өнерге, білім атты теңізге құштар болып, қызыға өстім. 
Ұлан  байтақ  қазақ  жерінің  әсемдігі,  сондай-ақ    ел  тарихы,    бұрын    өткен  ұлы  адамдардың 
өмірі мені қатты қызықтырады. Сонымен  бірге жас кезімнен әжемнің ертегі әңгімелерімен 
сусындап  өскенім  менің  өнерге  келуіме  жаңа  бағыт    берген  тәрізді.  Барлық  ғылым    бір-
бірімен өзара байланысты. Соның ішінде әлеуметтану тарихқа, адам өміріне жақын пән. Осы 
пәннен  бізге  тарих  ғылымдарының  кандидаты,доцент  Құрманбеков  Беркін  Жолмұрзаұлы 
дәріс оқып, қоғам жайлы білімін бізге ұғындыра білді. Әрине ұстаздың кім екені сабақ беру 
барысында белгілі, ал Беркін ағайдың дәрісі студент жастарды тек қана әлеумет ғылымына 
оқыту 
емес 
дәстүрімізді 
тарихымызбен, 
тұтастай 
халқымыздың 
мәдениетімен 
байланыстырып қызықтыра түсетін. Білім нәрін сепкен ағайымыз бізге  2 курста сабақ беріп 
бізді  қажырлы  еңбек  етуге  үндейтін.  Оның  сөздері  өміріңе  бір  серпін  беретін  еді. 
Айналадағы  достарымның,  құрбы  қыздарымның  да  ой  санасына  түрткі  бола  білді.  Беркін 
ағайдың  сабағына  құштарлығымыз  арта  түсетін.  Ол  кісімен  тағыда  кездесуімізге  түрткі 
болған бір ерекше жағдай.  Әрине ондай мұңды оқиғалар, сырлы әуендер қылқаламды еріксіз 
қолыңа  алғызады.  Мұның  төркіні  мынада  еді.  Бір  күні  дизайн  кафедрасының  меңгерушісі 
педагогика  ғылымдарының  кандидаты  Сағымбаев  Әділ  ағайдың  өзінің  тырнақ  алды 
туындыларының  бірі  «Арнау»  деген  шығармасын  есітіп  ерекше  бір  әсерге  бөлендім.  Ән-
күйдің  қарапайым  әуеннің  құдіреттілігі  сонша  мені  алысқа  жетелей  берді.  Осы  әуеннің 
септігімен  майлы бояу мен  қылқалам жаныма серік болды. Осы әуенді ести отыра байқап 
қарасам «құлақтан кіріп бойды алар» дегендей, бұл әуен Беркін ағайдың өмірден озған жан-
жолдасы  Сәуле  апайға  арнап  жазылған  «Сәулешіме»  атты  жүрек  жарды  өленінің  сырын 
ұқтыратын әуезді әуен екен. Осы әсерлі әуен маған ой салып, кескіндемеме негіз болды.  Ең 
алғаш ақ қағазға түсіргенім аққу  еді. Ал бұл  кескіндеменің басты композициясы етіп, абыз 
ұлы  асқан  күйші,  қазақ  музыкасының  атасы  болып  есептелетін  аңыз  кейіпкері  Қорқыт 
бабамызды алдым. Кескіндеменің негізгі мазмұны, қазақтың киелі де қасиетті ақ құсы  және 
тастан  жарып  табиғатпен  арпалыса  шыққан  тал,  бұлтты  күн,  бір  тыныштық  сарынмен 
бөленген  даланы  қазағымның  ою-өрнектерімен  бергенді  дұрыс  көрдім.  Әрине  бұл 
кескіндеменің  қыр-сырына  тереңдей  барып,  ұғынып  ой  түйген  адамға  бұл  көріністе  не 
туралы  айтылғаны  бірден  түсінікті  болады.  Өмір  пәлсафасы  жайында  сыр  шертетін  бұл 
картина дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Бейбітшілік кіндігі» атты байқауда 
1 орынды иеленеді. 
Марқұм  Беркін  ағай  да  көзі  тірісінде  осы  картинаны  бақылап  қарай  отыра  тамсанып 
өзгеше бір әсерге бөленді. Оған жоғары баға беріп қатты ұнатты. 
Ән  әсерінен  туған,  қымбатты  өмір  туралы,  шынайы  махаббат  туралы  кескіндемем 
жайлы баяндауым ағайымыздың кітабына кішкене болса да септігін тигізіп, кетігін толтыра 
ма деп ойлаймын. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
95  
    
 
ЖЕРЛЕС ДОСЫМ БЕРКІН ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ 
 
Жаңаберген Әлік 
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық  
институтының аға оқытушысы  
 
Адам баласының бұл фәни дүниемен ерте ме, кеш пе түбі бір қоштасары анық. Десек  
те: 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, 
Ол бірақ қайтып келіп ойнап күлмес, 
Менімен менікінің айырылғанын, 
Өлді  деп  ат  қойыпты  өңкей  білмес,  -  деп  ұлы  Абай  айтқандай,  кеше  ғана  арамызда 
жайраңдап,  жарқылдап  жүрген,  бүгінде  көңіл  төрінде  азаматтық  келбеті  сақталған, 
жүрегімізде жылы жүзі мен ісі хатталған, Беркін замандасым туралы бір-екі ауыз естелік сөз 
айтуды парыз ретінде жөн көріп отырмын.  
«Дүние үлкен көл, замана соққан жел», - дегендей, уақыт парақтарын сусылдата жауып, 
жалынды,  жалаулы  жылдар  жылыстап   артта  қалды.  Өмір  белестерінің  сол  бір  көкжиегіне 
көз  жүгіртсем,  қызығы  мен  қуанышы,  қайраты  мен  жігері,  сенімі  мен  үміті,  арманы  мен 
мақсаты мол белесті  бекет – Байғанин өңірі көзіме елестейді.  
Беркін  екеуміз  сол  Байғанин  ауданының  орталығы  Қарауылкелді  селосындағы, 
Комсомолдың  30  жылдығы  атындағы  орта  мектепте  бірге  білім  алдық.  Беркін  менен  бір 
класс  жоғары  оқыды.  Қоян-қолтық  араласқан  достық  қарым-қатынасымыз  болмағанмен 
(жалпы,  жоғарғы  класс  оқушысының  өзінен  төменгі  класс  оқушысын  сәл 
«менсініңкіремейтіні» бәрімізге білгілі ғой...) сәлеміміз түзу болды. Ол кезде сабақты жақсы 
оқитын  оқушыны  басқа  оқушылар  сыйлап,  құрметтеуші  еді.  Сол,  жақсы  оқитындардың 
қатарында  болғанымыз  да  шығар,  арамызда  сыйластық    болды.  Ол  шақтағы  Беркін,бей-
берекет  дауыс  көтермейтін,  көзіңе  тіке  қарай  байыппен  сөйлейтін,  мінезі  орнықты  бала 
ретінде  менің  есімде  қалды.  Сонысынан  да  болар,  ол  өз  жасынан  сәл  ересектеу  көрінетін. 
Айта  кету  керек,  Беркіннің  туған  ағасы  Еркін  Жолмырзаұлы  6-7  кластарда  сабақ  берген 
мұғалімім.  Ерекеңді  мен  ұлағатты  ұстаз,  атпал  азамат,  қоғам  қайраткері  ретінде  қадір 
тұтамын. 
Мектеп  бітіргеннен  кейін  арман  қуып,  әрқайсымыз  әр  тарапқа  кеттік.  Ол  кездегі 
оқушыңың бір арманы жоғары оқу орнына түсу болса, ол арманымыз да орындалып, біріміз 
университет,  біріміз  институт  бітірдік.  Тағдыр  айдап,  біздің  еңбек  жолымыз  Қобда 
ауданында қиылысып, бізді екінші мәрте кездестірді. 
1979-1988  жылдар  аралығында  мен  білім  беру  саласында  басшылық  қызметтерде, 
Беркін аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі лауазымында Қобда ауданында бірге 
еңбек еттік. Онымен қоса, Беркіннің зайыбы Сәуле мектепте  менің оқу-тәрбие ісі жөніндегі 
орынбасарым болып қызмет жасады және Сәуленің тәжірибесі, ақыл-кеңесі, адамдармен тіл 
таба алушылық қасиеті, ұстаздық көрегенділігі және еңбекқорлығы менің мектеп директоры 
ретінде қалыптасуыма зор ықпалын тигізді.  
Мен,  Беркін  және  өзіміз  қатарлы  бірнеше  азаматтар  отбастарымызбен  араласып, 
достық-жолдастық  қарым-қатынаста  болдық.  Беркін  қашанда  отырыстың  дәмі  мен  сәні 
болды.  Қарапайым  ғана  оқиғаны  өрнектеп,  боямалап,  әзілімен  әрлеп,  кішігірім  спектакльге 
айналдырып жіберетін еді. Егер бір мәселе жөнінде дау туа қалса алдымен бәрімізді тыңдап 
алып, екі  жеңін кезек-кезек кейін ысырып, сөзін міндетті түрде  «жоқ, ол былай ғой»,  - деп 
бастайтын. Көбіне, Беркіннің сөзінен кейін дауға нүкте қойылып, басқа тақырыпқа ауысатын 
едік.  
Әрине,  жұртқа  белгілі,  ол  кезде  қандай  деңгейдегі  басшы  болмасын  партия  мүшесі 
болды,  ал,  ол  –  төбеңде  аудандық  партия  комитеті  мен  атқару  комитетінің  қылпылдаған 
қылышы  тұрады  деген  сөз.  Шалыс  бассаң  –  шауып  түседі.  Міне  сол  кезеңде  Беркін  біз 
сияқты  достары  үшін,  қазіргі  тілмен  айтқанда,  «крыша»  да  болды.  Аупартком  мен 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
96  
    
 
ауаткомның жаналғыш жиындарының алдында біз міндетті  түрде Беркіннің кабинетіне бас 
сұғып, «стратегиямыз» бен «тактикамызды» белгілеп алатын едік.  
Әрине,  біз  де,  Беркін  де  компартияның  айтқанын  істеп,  айдауында  жүргенімізбен, 
саясаттың кейбір солақай тұстарын қынжыла сезінетінбіз. Бірақ Беркін оның өзін де кейбір 
отырыстарда  әзілге  айналдырып,  жуып-шаятын  еді.  Мысалы,  партия  жұмысында  жоғарыға 
ақпарат  беру  өте  маңызды  саяси  мәселе  болғандықтан,  оны  «етек-жеңін  күзеп»,  «таяқ 
жегізбейтіндей» шамаға келтіріп жіберетін кездер болады. Міне, осы жағдаят туралы Беркін: 
«...  бір  қызығы,  жігіттер,  сол  «түзетіп»  жіберген  өз  ақпаратыма  шамалыдан  кейін  өзім  де 
сенетіндей болам, шынымен солай сияқты болып көрінеді», - деп жымиятын еді. 
Беркін,  сонымен  қоса,  достардың  әйелдерін  де  назардан  тыс  қалдырмай,  жарасымды 
әзіл-қалжыңымен  оларды  да  мәз-мәйрам  қылып  отыратын.  Жерлесім  болғандықтан,  әрі  бір 
жас үлкендігін пайдаланып, менің әйелім Қалиманы келін дейтін. Әлі есімізде, біздің үйдегі 
бір  отырыстың  басында  Беркін:  «Қалима  келін,  сен  қонақ  қабылдауға  дұрыс 
дайындалмағансың», - деді жайлап қана. Біз аңтарылып қалдық. Біршама пауза ұстап барып: 
«біздің Сәуле әрбір қонақ шақырған сайын үйді көк түтін қылып бауырсақ пісіреді, ал сенде 
бауырсақ  жоқ!»,  -  демесі  бар  ма.  Қыран-топан  күлкі.  Әсіресе  Сәуле  мәз  болды.  Иншалла, 
содан бастап бауырсақсыз қонақ қарсы алмайтын болдық. 
Беркін  сөзбен  қалжыңдап  қана  қоймай,  «әрекетпен»  де  әзілдейтін.  Кезекті  бір  Жаңа 
Жыл түні,  сағат 12-ден кейін  «осы, достар неғып  жатыр екен»,  - деген оймен әрқайсысына 
қоңырау  шалдым.  Бәрі  де  үйлерінде  екен.  «Онда  біздің  үйге  жиналайық,  тез  жетіңдер»,  - 
дедім.  Ішке  кіре  қоймай,  сыртта  жиналып  тұрдық.  Дәл  сол  кезде  дәу  шана  сүйретіп  келе 
жатқан  Беркінді  көрдік.  Ал,  шанаға...  астына  көрпе  салып,  Сәулені  отырғызып  алған!  Енді 
бұл  көрініске  қалай  күлмессің!  Ішегіміз  түйілді.  Онымен  қоймай,  Саулені  қайтарда  да  сол 
шанаға  салып  алып  кетті.    Міне,  шынайы  достық  сезімге  толы  он  жыл  өміріміз  осылайша 
бірге өтті. 
1988  жылы  мен  отбасыммен  Ақтөбе  қаласына  қоныс  аударуыма  байланысты,  қарым-
қатынасымыз  үзілмегенмен,  сиреп  қалды.  Бірақ,  сол  жылдары  Беркіннің  Қобда  аудандық 
білім  бөлімінің  меңгерушісі  болғанынан,  партия  бұғауынан  құтылып,  тарихшы  ретінде 
ғылыми-зерттеу  жұмысымен  айналысқанынан  және  кандидаттықты  абыроймен  қорғап 
шыққанынан  хабардар  болып  отырдық.  «Ат  баспаймын  деген  жерін  үш  рет  басады»,  - 
дегендей,  2001  жылы  біз  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  университеті  қабырғасында  үшінші 
мәрте  тоғыстық.  Мен  оқу  бөлімі  бастығының  орынбасары,  Беркін  кафедра  меңгерушісі 
ретінде тағы да үш жыл қызметтес болдық. Бұл жылдары мен Беркінді мүлде жаңа қырынан 
– зерттеуші-ғалым тұрғысынан таныдым. Және оның,  «әйтеуір қорғасам болды ғой»,  - деп, 
таптаурын болған тақырыпты илей беретін кейбіреулер құсамай, тарихи ақтаңдақтарды тап 
басып, тың тақырыптарды таңдағанын көрдім.  
Көпке  белгілі  дара  тұлғаларға  уақыт  көкжиегінен  көз  салсақ,  олардың  шоқтығын 
көтерген басты ұстанымы – халқына тигізген пайдасы екенін аңғаруға болады. Беркіннің де 
тақырыптарының  өзектілігі,  зерттеу  еңбектерінің,  ғылыми  мұрасының  халыққа  қажеттілігі 
дау туғызбайды.   
Сақалыңнан айналайын, қарт бабалар, 
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар. 
О, тірілер, шежірелер қалдырыңдар 
Қанеки,  нелерің  бар  салтқа  жарар,  -  деп  Мұқағали  жырлағандай,  Беркіннің  өлке 
тарихы  мен  оның  мақтанышына  айналған  тұлғалардың  өнегелі  істері  туралы  кітаптары 
жастарға руханият пен отансүйгіштік тәрбие беруге қызмет ететіні сөзсіз. 
«Біздің  Сәуле»,  -  деп  сөйлейтін  Беркін  өзінен  сәл  бұрын  өмірден  озған  жары  Сәулеге 
арнап, балаларына, бауырларына мәңгілік мұра ретінде естелік кітап та жазып үлгеріп кетті. 
Өз ұрпағына ғана емес, жалпы жас ұрпаққа бұдан артық қандай үлгі-өнеге керек! 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
97  
    
 
Шал Құлеке данышпан мың-мың жылдық тарих пен пәни ғұмырдың жұмбағын төрт-ақ 
жолға сиғызған екен: 
Өмір деген шолақ  депті, 
Жан кеудеге қонақ депті. 
Ақырет деген бір киім, 
Алып қайтар сол-ақ депті! 
Олай болса, қадірлі замандастарым, есімізден бір сәтке де шығармайтын, бір ақиқат бар 
ол,«ешнәрсе де, ешкім де мәңгілік емес, бәрі де өзгереді, бәрі де өтеді... Тек, тіршілікте бір-
біріміздің қадірімiзге жете білейік. Хакім Абайдан асырып не айтарсың: 
Адамзат  бүгін адам, ертең топырақ, 
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. 
Ертең өзің қайдасың, білемісің, 
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.» 
Халықта сөз бар:  «Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес – ақ адал 
досыңмен  мақтан».  Мақтаныш  тұтатын  досымыз,  артына  өшпес  із  қалдырған  тарихшы-
ғалым, ардақты әке, адал жар, біртуар  азамат Жолмырзаұлы Беркіннің жатқан жері  жайлы, 
жаны  жәннатта  болсын.  Аллаһ  тағала  артында  қалған  балаларына  берік  денсаулық,  ұзақ 
ғұмыр, бақытты тағдыр берсін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
98  
    
 
АЗАМАТ КЕЛБЕТІ 
 
Байтас Нұрбибі Әбирқызы 
Қобда ауданының құрметті азаматы, 
«Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері,  
Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі,  
әдіскер – ұстаз, зейнеткер 
 
«Ісің болса мақтаулы 
Есімің есте сақтаулы» 
М.Әлімбаев 
 
Адам ғұмыры,неткен келте, қас-қағымда өтеді де кетеді. 
Кеше    ғана  кездескенде  ақ  жарқын  көңілімен  аман-саулық  сұрасып,  өмір  белестерін 
еске  алып,ашық  әңгімеге  көшетін,асыл  азамат,өз  өмірін  тарихқа  бейімдеген    Құрманбеков 
Беркін Жолмырзаұлының арамыздан кетіп,өмірден озғанына да біраз күндер мен айлар өткен 
екен. 
Адам    баласы  бірін-бірі  бағалау  арқылы  бір-бірін  жоғары  дәрежеге  жеткізіп,  өткен 
өмірін таразыға салады. Осынау жалған дүниеде сіз-біз болып, сыйласып өтудің терең мәні 
бар екенін түсіне білу қажет. Еш адам дүниеге мәңгіге келмейді.Қамшының сабындай қысқа 
ғұмырда  өзіңді  қадірлеген,  сыйласқан  адамды  құрмет  тұтып,  ақ  көңіліңді  білдіргенге    не 
жетеді.Өткен  жылдарда  осы  асыл  азаматпен  танысып,  әріптес,қызметтес  болған  кездер 
есімде. 
Өмір  сүрген  әр  адам  айналасындағы  адамдармен  араласып,пікірлесіп  отыруына  тура 
келеді. Адамдармен жақсы қатынаста болу үшін сыпайылық,сыйластық,әдептілік қажет. Осы 
қасиеттер бойынан табыла білген  азамат Беркін еді. 
Қобда  өңіріне,лайықты  еңбегін  сіңірген  көптеген  қызмет  салаларында  абыройлы, 
табысты  еңбек  еткен,сыйлы  азамат,  білімді  ұстаз,  пікірлес,  әріптес,  ізденімпаз  тарихшы 
Беркін Жолмырзаұлының өмір белестері өнегелі боларлықтай еді. 
Беркін  Жолмырзаұлы  Байғанин  ауданынан  болғанмен,  Қазақ  мемлекеттік 
университетінің тарих факультетін  бітіріп, Қобда ауданындағы қазақ орта мектебінде еңбек 
жолын  бастаған  болатын.  Осы  кезден  бастап,  Беркін  мен  Сәуле  тарих    пәні  мұғалімдері 
болғандықтан  аудандық    ұстаздар  конференцияларымен,  семинарларда  жиі  кездесетінбіз. 
Екеуінің де мінездері жайдары болатын. 
Қобда өңірінде еңбек еткен кездерінде  Беркін Жолмырзаұлы дәріс беретін ұстаз, Қобда 
аудандық партия комитетінде нұсқаушы,бөлім меңгерушісі, Қобда аудандық білім бөлімінде 
инспектор,  аудандық  мұғалімдер  кәсіподағы  кеңесінің  төрағасы,  аудандық  білім  беру  
бөлімінің меңгерушісі қызметтерін үлгілі, іскерлікпен атқарды. 
Беркін  Жолмырзаұлы  аудан  еңбекшілерінің,  басшыларының,әріптестерінің  арасында 
үлкен  беделді  болды.  Өзінің  белсенді  азаматтық    ұстанымымен  ерекшеленді.  Өзімде  тарих 
пәнінің  мұғалімі  болғандықтан,  ұстаз  ретінде,  өзім  де  Әлия  атындағы  мектеп  партия  
ұйымының  секретары  болған  кезде,  Беркінді  аудандық  партия  комитетінде  нұсқаушы 
ретінде,аудандық  білім  бөлімінде    инспектор,  білім  бөлімінде  басшы  болғанда,  әріптес 
ретінде, Ақтөбедегі  университетте жұмыс жасаған кезде,пікірлес, сыйлас азамат ретінде кең 
жан-жақты таныдым. 
Беркіннің  ақ  жарқын  мінезі,ашық  адами  қасиетті  бір  басына  жетерлік  мол  еді. 
Отбасының  қазақ  халқының  өмірінде  алатын  орны  ерекше.  Ол-жанұя  отағасы,  Сәуленің 
жанашыр жан жолдасы, балаларына ардақты әке, аяулы анасының сүйікті баласы бола білді. 
Өзі  білім  бөлімінің  басшысы  болса  да,  өркөкіректік,  өзімшіл  мінезін  көрмедім. 
«Нұреке, Төке ағасы, үйге жүріп, әжелеріңе сәлем  бермейсіздерме?»- деп тұратын. 
Мен жолдасым екеуміз анасына сәлем беріп, анасымен дастархандас болып, талай дәм 
татып, анасының ақ батасын алғанбыз. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
99  
    
 
 Беркін  анасын  қатты  қадірлейді  екен.  Анасының  да  ақкөңіл,  сөзі  салмақты,  өзі 
келбетті, бала-шағасын қатты жақсы көретініне куә болдық. 
Тарих уақытпен байланысты ұғым. Сондықтан кез-келген адам тарихты біле бермейді. 
Ол үшін көп ізденіс қажет. 
Беркін  Ақтөбе  облысы  тарихындағы  өзекті  мәселелерге  арнап  көптеген  кітап, 
монографиялық еңбек, мақалалар жазған еді. 
Ол  аудандық  партия  комитетінде  жұмыс  істеген  кезінде,  осы  Қобда  өңірінде    Кеңес 
үкіметін орнатуға үлес қосқан, Бегалы елді мекенінің тумасы Исламғали Құрмановтың өмір 
жолын зерттеуге ат салысты.  
1836-1838  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісінің  басшылары  Исатай  Тайманов  пен 
Махамбет Өтемісұлының ерлік істері жөнінде  деректер жинап, аудандық газет бетінде көп 
мақалалары  жарық  көрді.  Қобда  ауданында  Исатайдың  қаза  тапқан  жеріне  баратын  жол 
салынып, мазар тұрғызылса», - дегенін де естідім. Халық үшін жанын пида еткен азаматты 
халыққа жақын танытуды ойлады. 
Мен  Әлия Молдағұлова  батыр атындағы мектепте директорлық қызмет атқарған кезде 
де, мектептің келешегі, болашақ ұрпақтың ұлттық тәрбиесі мен білімі, ауылдың ертеңі, Әлия 
апамыздың өмір жолы мен батырлық істері жайлы көп кеңесетінбіз. Әлия апамыз туралы да 
деректер  жинап,  Әлияның  майдандас  достарымен  пікірлескенін,  олар  туралы  жазған 
жазбаларын көрсетіп, пікір алысқан болатын. 
Аудандық  білім  беру  бөлімінде  қызмет  жасаған  кез,  Кеңестік  дәуірдің  ыдыраған 
уақыты  болатын.  Сол  кезде  ауданда  алғашқылардың  бірі  болып,  Әлия  Молдағұлова 
атындағы мектеп «Халықтық педагогикаға» мән беріп, тәрбиенің өрісін ұлттық салт-дәстүрге 
бағыттап  «Атамекен»  бөлмесін  жасады.  Мектептегі  тәрбие  жұмысы  «Атамекен» 
бағдарламасымен  жүзеге  асырылды.  Осы  мәселелерге  де  Беркін  өз  үлесін  қосып,  ақыл-
кеңесін беріп отырды. Орыс тілді аудан атанған Қобда ауданында Тәуелсіздік алған бастапқы 
жылдарда  аудан  мектептерінде  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беріп,  салт-дәстүрді,  әдет-
ғұрыпты үйретуге мықты көңіл бөлді. 
Қобда  ауданының  60,70,80    жылдық  мерейтойлары  кең  көлемде    өткізілді.  Соның 
ішінде Қобданың 60 жылдық мерейтойын өткізуге Беркін Жолмырзаұлы белсене ат салысты. 
Архивтерде  зерттеу,  іздеу  жұмыстарын  жасады,  деректер  жинады.  Аудан  тарихы  бойынша 
газетке мақала жазды. 60 жылдыққа баяндама, салтанатты жиын дайындады. 
Ақтөбеде кейінгі кездерде кездесе қалса, Қобда өңірінің амандығын сұрап, сол өңірде 
атқарған істері, жазған естеліктері туралы ой бөлісетін. Өте  қарапайым, бауырмал, кішіпейіл 
болатын. 
Ұстаз  –  өмірді  біліп,  түсіне  алатын,  алдына  келген  шәкіртін  жақсы  көретін  адам.  Ол 
білімін,  қабілетін  тәрбиемен  ұштастыра  білді.  Беркіннің  жоғары  оқу  орнында  еңбек  еткен 
кезінде де сондай ұстаз болғанын өмірі дәлелдеді. Ол тарихшы ретінде: «Жас ұрпақ тарихты, 
сонын  ішінде,  өз  туған  жері  мен  елінің  тарихын,  тарихи  тұлғаларын  білуі  керек.  Ол  үшін 
ұрпақтың ынтасын арттыру білім сапасын жетілдіріп, патриот болуға тәрбиелеп, білім берген 
жөн»,-дейтін. Өзіде осы бағытта шаруалар тындырғаны белгілі. 
Беркін ардақты ұстаз ғана емес, отбасының тірегі бола білді. 
«Бір  үй  толы  жансың  –  бір-біріңе  қонақсың»-  дегендей  егер  біреу  о  дүниеге  аттанып 
кетсе, оны сағынып отырасың. 
Адамның жан жолдасы, серігімен тату өткізген шақтары өмірдің бір белесі ғой... 
Беркін жолдасы Сәуле өмірден өткен соң «Ақтөбе» газетіне жазған еске алуын оқыған 
болатынмын.  Еске алуында, өмірлік жарының өзіне тіреу бола білгенін, балаларының анасы, 
ақылшысы  екенін  айтқан.  Жолдасы,  асыл  жарының  қайғысына  қатты  қайғырып,  қысқа 
өмірдің мәні мен мақсатын жазған еді. 
Беркін  Жолмырзаұлының  сонау  Қобда  өңірінен    бастаған  тарихи  зерттеулері,  өзекті 
тақырыптары,    қағаз  бетіне  түскен  болуы  керек.  Ұрпақ-өмір  жалғасы.  Осы  азаматтың 
мұрасын жолға қою, оны дамыту, көздің қарашығындай сақтау келешек ұрпақтың еншісі деп 
білейік. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
100  
    
 
Беркін  Жолмырзаұлы  Қобда  өңірінде    еңбек  еткен  жылдарында  еңбегі  еленген,  өз 
білімін халық игілігіне пайдалана білген, дос-жараны көп, иман жүзді, жері  мен суын, елін 
сүйген,  ағайын-туысқа  жанашыр  азамат  ретінде  есімде  қалды.Ол  кездесе  қалғанда 
сұхбаттасып  арман-мақсатын,  жоспарларын  ортаға  салатын.  Ойымен  бөліссең  шабыттанып 
қалатын. Кейбір бастаған істерін  аяғына дейін жеткізе алмай да кеткен болар. Дегенмен өмір 
жалғасады,  тірі  пенде тіршілігін  жасап,  оның  ізгі  ойларына    түйін жасайтын  бауырлары  да 
бар ғой. 
Беркіннің  жатқан  жері  жайлы  болып,  балаларына  өмір  берсін  Азаматтың  өмір  сүрген 
уақытының    игі  істерін  еске  алып,  еңбегін  елеусіз  қалдырмауды  ойлаған  достары  мен 
бауырларына рахмет! 
Кісі болмас кісінің кісімен несі бар, кісілігін бәрінен жоғары ұстап, кейінге асыл мұра 
қалдыра білген, өз ойын ашық айта алатын, әзіл-қалжыңы үйлесіп тұратын Беркін  туралы аз 
да болса өз ойымды ортаға салдым. 
Адам  баласына  құрмет  көрсете  білу  –  тәрбиеліктің  бір  белгісі.  Осы  құрмет  көрсету 
дегеніміз  адамды  –  адам  ретінде  бағалаудан  басталады.  Адамның  абыройы  –  беделіне, 
адамдығына  қарап  та  құрмет  көрсетеді.  Осындай  құрметке  Беркін  Жолмырзаұлы  да  лайық 
еді. 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет