Адал азамат



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
57  
    
 
ҚАДІРЛІ ІНІ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ 
 
Бекниязов Бекболат 
ҚР 2007 ж «Үздік оқытушысы»,  
Ұ.Т.А – ның корреспондент мүшесі,  
                                                  Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық  
                                                  институтының доценті, профессор 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
 
Аяулы  ініміз  Құрманбеков  Беркінмен  1960  жылдан  таныспын.  Менің  қарындасым 
Бағданай  және  мен,  ағасы  Еркін,  апалары  Мәнсия,  Мадина  Қарауылкелді  станциясындағы 
Комсомолдың  30-жылдығы  атындағы  қазақ  орта  мектебінде  оқыдық.  Әкесі  Құрманбеков 
Жолмырза анасы Бошай біздің әке-шешемізбен қатар.  
Әкесі  Жолмырза  Байғанин  ауданындағы  «Қызыл  әскер»  колхозында  басқарма  болып 
қызмет жасаған. 1950 жылдарда салынған колхоз конторы қазірге дейін сақталып, медицина 
бөлімшесі  болған.  Байғанин  ауданының  қазақ  орта  мектебін  1970  жылдары  бітірген  Беркін 
сияқты арман қуған қазақ жастары еліміздің жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастырды. 
Мектеп директоры Корбин Нұрман  тарих пәнінен дәріс берді.  
Алматыдағы Қазақтың Ұлттық мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіріп, 
Беркін  жолдамамен  Қобда  ауданында  ұстаз  болып  қызметін    атқарды.    Мектеп  директоры, 
аудандық партия комитетінде инструктор, оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.  
1990 жылдары Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік педагогика институтында бірге ұстаз 
болып қызмет жасадық. Ғылыммен айналысып, Алматыдан тарих ғылымдарының кандидаты 
атағына  диссертация  қорғап,  өмірінің  соңғы  кезіне  дейін  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе 
мемлекеттік университетінде  кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 
 Тоқсанның үстіне шыққан бір  аталарымызға өзінің кіші інілері  сәлем беріп жағдайын 
сұрайды. Сонда атамыз  «Е! Не қалайын, сұрайсыңдар, қазір кім бар, ешкім қалмады ғой»  -
депті. Сонда әлгі інілерінің бірі «Ау, балаларың бар, біз сияқты інілерің бар» -десе, «Сендер 
менің  заманымның  әңгімесін  қайдан  білесіңдер.  Сендердің  жастарың  бізден  кіші,  сендер 
өздерің  өскен  ортаның  әңгімесін  айтасыңдар.  Әркім  де  өз  заманының  куәсі  бола  алады. 
Қатарың  болмаса, тойға барма,- деп үлкендер айтқан ғой» деген екен. Сондай қатарлардың 
ішінде  Беркін  Құрманбеков  өз  болмысымен  ерекшеленген  жан  еді.  Көңілі  кіршіксіз,  жаны 
жайдары, бала көңіл елгезектігін бойына сақтап, көпшілік ортада, қатарлары арасында да өте 
жайдары,  салмақты,  жарқын  мінезбен  жүретін.  Сөйлеп  отырған  адамның  сөзін  бөлуге  әсте 
бармайтын.  Орынсыз  көңіл  қалдыру  табиғатында  жоқ  еді.  Жақсылар  мен  жайсаңдарды 
іздейсің.  
Мен  үшін  сондай  орны  үңірейіп  тұрған,  тірісінде  сыйласқан  кемеңгер  шын  азамат 
ініміз Беркін еді. Көп ішіндегі жай жігіттің бірі емес бірегей еді, шын мәніндегі нар көтерер 
ауыр  жүкті  мыңқ  етпей  халқы  алдындағы  өзінің  перзенттік  парызын  көріп  мақтанышпен 
көтерген нағыз азамат жігіт еді. 
 Ол  көзі  тірісінде  Қазақстан,  Ақтөбе  өңірінің  арғы-бергі  заманда  елдің  сөзін  ұстап 
намысын қорғап, ел тұлғаларының аруағын тірілтіп, тарихи, мәдени, рухани, ғылым саласын 
дамытуға аянбай еліне еңбек еткен ініміз Беркін. 
 Ғұмырдың  өзінің  өнегелі  ұрпақтың  жадында  мәңгілік  сақталатын  тау  тектес  тұлғалар 
болады. Солардың бірі өзің боларсың, Беркін рухың биіктей берсін, балаларың, немерелеріңе 
шапағаты тисін. Халқымыз «Өткен күнде белгі жоқ» -деп жатады ғой.  
Әрине  өткен  күндер,  жылдар,  адамның  есімінде  сағым  болып  сақталып,  ойға  оралса, 
барлығы да, күні кеше болғандай әсер етеді. Осы кездегі болмыс тіршілігімен өткен өмірдің 
белестерін салыстырсаң, саралайсың, аңсайсың, сағынасың.  
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
58  
    
 
НҰРЛЫ ЖОЛДЫ ҚАЛАҒАН... 
 
Дияров Нұрмұханбет 
Журналист 
 
Адам ғұмырының өнегелі өлшемі не екен деп ойлайсың кейде...  
Мұндайда көбінесе азаматтың соңында қалған ізге қарап баға беретініміз және бар. 
Беркін  ағамыздың  алпыс  жылдың  аясындағы  жүріп  өткен  жолы  оның  әр  белесінің 
мәнді-мағыналы болғандығын көрсетеді. 
Ол  мамандығы  тарихшы  болғанымен  ұзақ  жыл  партия-кеңес  қызметінде  болып,  өмір 
мектебінен  өтті.  Бұл  мектеп  оған  көп  нәрсе  берген  секілді.  Адамдармен  көп  араласты, 
олардың өмірлерін зерттеді, қоғам талабын түйсінді. 
Ал  сондай  жолдардан  өтіп,  тарихты  шын  мәнінде  зерттеуге  кіріскен  кезде  ол  бірден 
ғылымның  өз  адамындай  қабылданды.  Мұның  бәрі  ұзақ  жылғы  ізденістер  мен  алға  қойған 
мақсатына адалдығының нәтижесіндей еді.   
Кеңестер  Одағының  Батыры  Ідіріс  Үргенішбаевтың  өмірі  туралы  деректі  туынды 
жазбақ  болып  ниеттенгені  жадымызда.  Бұл  —  оңай  шаруа  емес  еді.  Өйткені,  соғыстың 
аяқталғанына алпыс жылдай уақыт өткен. Ідірістің тұстастары, оны білетіндер мүлдем дерлік 
қалмаған. Артындағы ұрпақтарының да қолында соншалықты дерек жоқ.    
Соған қарамастан Бекең қасына Байман Байғұлов ағаны алып, Шалқарға аттанып кетті. 
Содан  көп  ұзамай  тым  жақсы  деректі-көркем  дүние  өмірге  келді.  Бұл  —жоқтан  бар 
жасағандай,  ал  басқашалау  айтсақ,  ұшқындары  шашырап  тұрған  көмескілеу  деректерді 
тірілткен, жан берген жұмыстың көрінісі еді. Еңбекті бір деммен оқып шыққандай болдық. 
Бұл  -  ідірістануға  қосылған  қомақты  үлес  болатын.  Осы  кітап  арқылы  Бекеңнің 
тарихшылығы да, қаламгерлігі де қапысыз көрінгендей еді. 
Иә, ол шын мәніндегі тарихшы еді. 
Ақтөбе  облысының  жәрмеңкелері  атты  көне  де  тың  тақырып  оның  еңбектерінің 
арқауына айналды. Шынында да, біздің тарихымыздың көбісі жәрмеңкелермен байланыспай 
ма?  Ойылдағы  Көкжар,  Темірдегі  Қарақамыс  жәрмеңкелері  бұған  дейін  танымдық, 
тағылымдық тұрғыдан нақ осындай болып зерттеле қойды ма екен?  
Алпысбай  Қалменов,  Бақытжан  Қаратаев  секілді  біртуар  тұлғалар  Беркін  ағамыздың 
зерделеуінде жаңа қырынан көрінді.  
Бекең  «Қазақстандағы  1916  жылғы  көтеріліс  мәселелері»  тақырыбында  диссертация 
қорғады.  
Ол  өз  еңбектерінің  қай-қайсысында  болмасын,  өзінің  берік  ұстанымын  байқататын. 
Тақырыпқа ғылыми талаптар тұрғысынан үңіліп, өз тұжырымдарын нақты, дәлелді беретін.  
Бекеңмен кездесіп, әңгімелесе қалған адам аз уақыттың ішінде рухани толысып, байып 
шыға  келер  еді.  Өйткені  ол  қасындағы  адамды  қызықтырып,  өзі  жақсы  білетін  елдік 
мүдделерді  қозғайтын,  танымдық  деректерді  тұздықтап,  тың  зерттеулерін  жайып  салатын. 
Кейде  алдағы  жоспарларымен  де  таныстырып  өтетін.  Сондайда  оның  ғалым  ретінде 
бірқалыпты,  мол  дайындық  иесі  екенін  сезінетінбіз.  Ол  жеңіл  түсініктің,  асығыс 
тұжырымның адамы емес еді.  
Беркін ағамыз бен Сәуле жеңгеміз жарасты ғұмыр кешті. Ғылым мен білім — олардың 
отбасылық,  рухани  ұстанымы  еді.  Өз  балаларының  ғана  емес,  жалпы  елдің,  болашақтың 
білімді болуын қалайтын екеуі де.  
Өмірдегі  жарасты  жұбы  мезгілсіз  дүние  салған  соң  көп  ұзамай  Бекең  шағын  кітапша 
шығарды. Бұл  — шын мәнінде көркем дүние еді. Оны оқып шыққанда аққу-ғұмыр бейнесі 
санамызды билеп алды...   
«Нұрлы  жүзді  Нұрпейіс»  атты  еңбегі  де  Бекеңнің  өзіндік  қолтаңбасын  айқын 
танытатын.  
...Иә, Бекең өмірде нұрлы жолды қалап еді. Оның артында қалған ізі болашаққа нұрын 
шашып тұра берері анық. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
59  
    
 
ЖАНЫ ЖАЙСАҢ АЯУЛЫ АЗАМАТ ДОСЫМ ЕДІ... 
 
         Еңсепбаев Бағдат Ермағанбетұлы  
 Беркіннің досы, ардагер ұстаз-басшы. 
 
Көреген  де  дана  қазақ  еліне,  халқына,  жаны  жайсаң  аяулы,  азамат  өмірден  өткенде 
қимай айтатын сөзі бар: «Жақсы кісі, жақсы азамат еді» - деген. 
Ата  –  бабамыз:  «Аттан  аттың  несі  артық,  қазанаты  бір  басқа.  Адамнан  адамның  несі 
артық, азаматы бір басқа» - деп ондай ұлдарына ерекше сүйсініп, естеріне сақтаған. 
Құрманбеков Беркін Жолмырзаұлы көпшіліктің құрметіне бөленген сондай азамат еді. 
Сұм ажал оны ортамыздан алып кеткеніне де 6 айдың жүзі болды. 
Беркін Жолмырзаұлының ортамызда жоқ екеніне сенгің де келмейді. 
Ол небәрі 60 жыл-ақ өмір сүрді. 
Бірақ  көп істі тындырды.  Іскерлігімен, ізденгіш  ғалым ретінде шығармашылдығымен, 
кафедра басқарған басшы ретінде ұйымдастырушылығы  қарым-қатынасымен ерте танылды. 
Болашақ өмірінің соқпақ жолын таңдауда да әу баста қарапайым ұстаздық қызметінің 
пайдасы жоқ емес. 
Тарих пәнінің мұғалімі ретінде, одан кейін Қобда аудандық партия комитетінде бөлім 
меңгерушісі,  Қобда  аудандық  білім  бөлімінің  меңгерушісі  ретінде  де  өзіне  тапсырылған 
лауазымды қызметін іскерлікпен, жауапкершілікпен атқара білді. 
Беркін досыммен таныстығым 1999 – 2001 жылдарда Ақтөбе облыстық педагог кадрлар 
біліктілігін арттыру институтында бастау алып, өмірінің соңғы кезіне дейін жалғасты. 
Досымды  еске  алғанда,  оның  маңдайы  кере  қарыс  жарқырап,  үнемі  сырбаз  қалпында 
жүретіні, жүзінің жылылығы жан-жағына шуақ шашып, үлкенге іні, кішіге аға бола білетін 
жайсаң адами қасиеті көз алдымда тұрады. 
Лауазымды  қызметтерімен  қатар  ғылыми  жұмыстармен  айналысуға  да  уақыт  тауып 
ақыры  «1916  жылғы  Қазақстандағы  ұлт  –  азаттық  көтерілісі»  жайлы  кандидаттық 
диссертацияны  ойдағыдай  қорғап,  артынан  көптеген  болашақ  ұрпаққа  қажет  ғылыми 
тәрбиелік бағыттағы кітаптары жарық көрді. 
Жұмыс орнына іздеп барғаныңда шаруаңды сұрап, артынан қасына отырғызып асықпай 
баппен әдемі әңгімелерді, естеліктерді, өзінің ой иірімдерін маржандай төгілтіп айтатын еді. 
Қандай да бір қиын – қыстау сәттерде сабырлық ұялаған жарасымды жымиысы, жеңісті 
–  қуанышты,  берекелі  кездердегі  шат  –  шадыман  күлкісі,  жарқын  жүзі  өзін  білген 
адамдардың, достары біздердің жүрегімізде ұзақ сақталатыны сөзсіз. 
Оның бар бақыты отбасы, құдай қосқан жары Сәуле мен бес қарлығаш қыздары Айгүл, 
Ләйлә, Марина, Маншүк, Гүлдария. 
Сәуле өмірден озғандағы Беркіннің жан күйзелісі мен қиналысын бәріміз байқадық. 
Өз ішінде жиналған жарына деген мұң-шері, сағынышы «Сәуле ғұмыр» атты кітаптың 
туындауына және «Сәулем, сағындым сені» атты өлеңнің шығуына себеп болды. 
Беркін бір хабарласып барғанымда: «Бағдат, Сәуле сен туралы осы досың басқалардан 
өзгеше деп» айтушы еді. 
Менің  анам  2011  жылы  қыркүйектің  7-інде  қайтыс  болғанда  9  қыркүйек  күні  соңғы 
сапарға шығарып салуға бір топ достарыммен Беркін де келіп еді. 
Қыздарының  бәрі  инабатты,  ақылды,  жақсы  білім  алған,  заман  талабына  сай  өз 
мамандықтарының іскері. 
Бірі  ғалым,  бірі  ішкі  істер  органында,  бірі  кәсіпкер  бәрі  де  өмірден  өз  орнын  тауып, 
абройлы еңбек етуде. 
Беркіннің  досы  ретінде  көңілге  медет  тұтатынымыз  өсіп  -  өркендеп  келе  жатқан 
қыздарды  әкесінің  қалдырған  мұрасы  жазған  еңбектерінің  жарық  көруіне,  әкесінің, 
анасының,  құрметіне  олар  еңбек  еткен  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  университеті  мен 
қаладағы  №  30  орта  мектепте  ата-анасын  құрметпен  еске  алуға  арналған  әртүрлі  ғылыми 
конференциялар,  семинарлар,  қазақтың  ұлттық  ойыны  тоғызқұмалақтан  ұйымдастырып 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
60  
    
 
өткізіп жатқан спорттық шараларына өте ризамыз. 
Артында қызы бардың ізі бар деген осы! 
Беркіннің жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын дей келе, осынау азаматты асыл 
әкелерін  жоқтатпай,  өсіп-өркендеп  келе  жатқан  үрім  бұтағына  жалғанның  шарапаты  да, 
шапағаты да нұр үстіне нұр болып тие берсін, аруағы ұрпағын желеп-жебеп жүрсін дегіміз 
келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
61  
    
 
ЖАҚСЫ ІСТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ ЕДІ... 
 
Байдербес  Ғалымжан, 
«Әлия, Мәншүк “Қос шынар”» 
қайырымдылық қорының төрағасы.  
 
Азаматты ат үстінде жүріп танисың көбінесе.  
Беркін  Құрманбеков  туралы  сөз  ойға  оралғанда  осы  бір  тіркестің  ең  алдымен  тілге 
тұрақтағаны да бекер емес шығар. 
Иә, ол шын мәнінде үлкен тұлғалы азамат еді.  
Біздерді  қасиетті  Қобда  өңірі  табыстырды.  Мен  біраз  жыл  қазіргі  Әлия  батыр 
ауылының ізіндегі мамандандырылған шаруашылықта партия ұйымының жетекшісі болдым. 
Ол  кездегі  парторг  саяси  қызметпен  де  шұғылданады,  қажет  кезінде  шаруашылыққа  да 
белсене  араласып  кетеді.  Түрлі-түрлі  жиналыстардың  ретімен  аудан  орталығына  да  жиі 
барамыз.  
Сондай  тіршілік  сапарлары  тұсында  жалындап  тұрған  жас  жігіт,  айналасына 
жанарынан  шуақ  шаша  қарайтын,  түсі  жылы  осы  бір  азаматпен  танысудың  реті  келді.  Ол 
Алматыдан  жоғары  білім  алып,  келіншегі  Сәуле  екеуі  еңбек  жолдарын  осы  ауданнан 
бастауды жөн көріпті. Қай кезде де сырттан келген мамандар бір-екі жыл жұмыс істейді де, 
сосын  өздері  туған  аймаққа  тартып  кетеді,  немесе  өсу  жолдарын  қарастырып,  облыс 
орталықтарына бейімделе бастайды ғой.  
Ал  ерлі-зайыпты  Құрманбековтер  болса,  Қобдаға  бірден  сіңісіп  кетті.  Менің 
байқауымда, олар басқа жаққа тіпті де алаңдаған жоқ. Беркін аудандық атқару комитетінде, 
аудандық партия комитетінде, аудандық білім бөлімінде басшы қызметтерде болды. Соның 
қай-қайсысында да ол сол отырған орнының беделін көтерді. Оның басты ерекшелігі — өзіне 
ресми  бекітілген  міндеттермен  шектеліп  қалмай,  кең  ауқымда  еңбек  ететін. 
 
Айналасындағы  адамдарды  ортақ  шаруаға  тарта  білетін,  қызықтыратын,  тың 
идеяларымен ынталандыратын. Бәлкім бұған оның негізгі мамандығы — тарихшы болуы да 
септігін тигізген шығар.  
Қобда  —  тағылымы  мол,  тарихы  терең,  өткені  шежірелі  өңір.  Солай  десек  те,  кешегі 
Кеңестік  дәуір  ұлттық  ұстанымдарымызды  қолға  ұстата  бермеді.  Тың  игеру  жылдарында, 
тіпті  оның  алдындағы  ғасырда  да  өзен-суы  мол,  тұрмысқа  қолайлы  аймаққа  басқа  ұлт 
өкілдері  молынан  қоныстанған  болатын.  Сондықтан  да  ауданда  мектептер  негізінен  орыс 
тілінде білім  берді. Тоқсаныншы жылдарға дейін аудандық газет қазақ тілінде шыққан жоқ. 
Осының бәрі тарихымызды түгендеуге, өткеніміздің шежіресін жасауға кедергі жасағаны да 
анық.  
Алайда  Беркін  ініміз  қай  қызметте  болса  да,  өзінің  кәсіби  ізденісін  жоғалтқан  емес. 
Басқасын айтпағанда, ол Ұлы Отан соғысы кезіндегі қобдалық батырларды түгендеуге батыл 
үн  қосты.  Тіпті  арнайы  іссапармен  майдангердің  ізімен  батысқа  жол  шегіп  келгенін  де 
білетінбіз.  Вознесен  ауылынан  шыққан  М.Кошелевті  Қобдадан  шыққан  батырлар  қатарына 
қосты... 
Мен  батыр  қызымыз  Әлия  Молдағұлованың  өмірін,  ерлік  жолдарын  зерттеп,  оның 
батырлық  келбетін  кейінгі  буынға  рухани  сабақ  ретінде  беріп  жүргендіктен  де,  мұндай 
шаруалардың  оңайға  соқпайтындығын  жақсы  білемін.  Беркін  аудандық  партия  комитетінің 
насихат  және  үгіт  бөлімінің  меңгерушісі  болып  қызмет  атқарған  жылдарында  ұрпақтар 
сабақтастығы,  ілгері  буынның  үлгілі  істері,  жас  толқынның  жарасымды  дамуы  деген 
мәселелер төңірегінде жүйелі жұмыстар жүргізді. 
Беріректе  Беркін  аудандық  білім  бөлімін  басқарды.  Бұл  елдің  рухани  дамуына  көп 
септігін тигізді. Кейде келелі істерде жеке адамның ролін жоққа шығарып жатамыз. Жоқ, ол 
егемен елдің тәуелсіз білім саласының дамуына бүкіл білім-тәжірибесін салды. Ең бастысы, 
аудан мектептеріне қазақы қалыпты қайтаруға күш салды. Ол ниеті жүзеге асты да.  
Әрине,  көп  ретте  біз  Беркін  інімізбен  қызмет  барысында  жақынырақ  жүрдік 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
62  
    
 
дегенімізбен,  біздің  арамызда  басқа  да  қарым-қатынастардың  реті  туындаған  болатын. 
Мәселен,  екеуіміздің  де  зайыбымыз  солтүстік  өңірдің  қыздары  болғандықтан  «бажа»  деп 
қалжыңдасатынбыз.  
Кейде  аудан  орталығындағы  жиналыстар  арасында  Беркіннің  шаңырағынан  дәм 
татудың мүмкіндігі туып қалатын. Сондайда үйдің ұйытқысы — оның асыл анасының әдемі 
әңгімелерін тыңдап, қарт адамның баласына деген мейірімін, ерекше ықыласын сезінетінбіз. 
Ал Сәуле келін болса, азаматын ардақтаған, перзенттерін мәпелеген үлкен жүректі ұстаз еді. 
Мен  әулет  тарихымен  таныса  келе  Беркіннің  әкесі  Жолмырза  Құрманбековтің  өз 
уақытында  Байғанин  ауданында  ел  басқарған,  көпке  жол  көрсеткен көшелі  тұлға  болғанын 
білдім. Сонда барып пайымдағаным — Беркін бауырымыз жақсының жалғасы екен. 
...Қобда - тарихи мекен екенін сөз арасында айттым ғой. Сол бай тарихқа енді Беркін 
Құрманбеков есімі де қапысыз енері анық. Өйткені, ол өзінің еңбегімен соған лайық қызмет 
жасады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
63  
    
 
АҚ КӨҢІЛ, ЖАРҚЫН ЖҮЗДІ АЗАМАТ 
 
Ізбасқанов Қайрат 
құрдасы, Сарбұлақ орта  
мектебінің басшысы. 
 
Беркін екеуміз құрдас, жерлеспіз Қобда ауданында кездестік. Мен Қобда ауданы, Қобда 
совхозында он жылдық орыс  - қазақ мектебінде физика пәні мұғалімімін, ал Бекең ауданда 
қызметте болды. Жұмыс барысында  кездесіп әңгімелесіп  жүрсем, біздің әке – шешелеріміз 
бұрыннан Байғанин ауданынан бір – бірін біледі екен. Мен  1990 жылы тамыз айында Қобда 
орта мектебіне директор болдым. Бекең ол кезде аудандық оқу бөлімінде. Осы кездері жақын 
араласып,  үйіндегі  шешемізге  сәлем  беріп,  дастархандас  болып  жүрдім.  1992  жылы  оқу 
бөлімінің  жас  инспекторы  Сән  Қажыгерейқызы  (марқұм)  екеуі  мектепке  келіп    жоспар 
бойынша  тарих  және  география  пәндерінің  берілуін  тексерді.  Бекең  тарих  сабағына  кіріп 
мұғалім  білімін  тексеріп,  келесі  класқа  өзі  тарих  сабағын  түсіндіріп  берді.  Жұмыстан  соң 
шай  ішіп  ауыл  –  ел  туралы  әңгіме  қозғадық.  «Ел  тарихын,  Ұлы  Батыр  бабалар  өмірін 
зерттегім,  жазғым  келеді»  -  дейтін  еді  сол  кезде.  1993  жылдың  тамыз  айының 
конференциясында  Қобда  орта  мектебінің  жетістіктері  үшін  маған  «Қазақстан  оқу  ісінің 
үздігі» значегі берілді. Оны мен Бекеңнің қолынан алдым, себебі ол аудандық білім бөлімінің 
бастығының  міндетін  атқарушы  еді.  Өмірде  қуаныш  пен  қайғы  қатар  жүреді  дейді.  1995 
жылы  1  сәуірде  жолдасым  Галя  43  жасында  дүниеден  озды.  Сол  суық  хабарды  естіген 
бірінші  Беркін  еді.  Сол  бойда  ауылға  Қобда  совхозына  мектепке  келіп,  ұйымдастыру 
жұмыстарын жүргізіп, үлкен көмек, тіреу көрсетті.  
Бекең ақ көңіл, адамгершілігі мол, жарқын жүзді азамат еді. 
Жары Сәуле қайтып 40-ына барып, көңіл айтып бет сипадық жолдасым екеуміз. Көзіне 
жас  алып,  құшақтасып  едік.  Міне  Бекеңнен  де  айырылып,  екі  садақасына    қатынасып, 
балаларымызға көңіл айтып жұбаттық. Садақасында отырып, балалары дайындаған видео  – 
суреттерін  көріп,  Бекең  бірталай  шаруа,  ғылымдар  ашып,  бастап  бітпей  қалғандары  қанша 
екеніне көз жеткіздім. 
Ия,  өмір  алға  өз  заңымен  жылжиды.  Сәуле  мен  Бекең  бұл  жарық  дүниеде  болмасада, 
менің көз алдымда олардың жарқын жас бейнелері тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
64  
    
 
АДАЛ ЖАН, ДЕРЕКТІ ЗЕРТТЕУШІ 
 
Құсаинов Сағынай Бақытжанұлы 
зейнеткер, қажы, «Бірлестік»  
ауыл шаруашылығы қожалығының  
басшысы, зооинженер –экономист 
«Жаңа қоныс» ауылы. 
 
Мен  Беркін  ініммен  осыдан  жеті  жыл  бұрын  таныс  болғанмын.  Ол  былай  болып  еді. 
Менімен  бірге  жұмыстас  болған  Сарин  Тоқаштың  жары  Сақыш  құрдасым,  маған,«балам 
үйленбек  ойы  бар,  құдалыққа  барсаң  қайтеді?»  деген.  Тоқаш  марқұм  ілгеріде  қайтыс 
болғанды. Мен келісіп үш адам құдалыққа барғанбыз. Барған құдамыз Беркін болып шықты. 
Бір – бірімізді білгенмен, жақын таныс емес едік. Тек ағайынды Еркін мен Беркінді облыста 
белгілі азаматтар екенін білетінмін.  
Сөйлесе  келе  Беркін  кең  пейіл,  ақ  көңіл  әңгімеге  жүйрік,  жан  –жақты,  көп  шәкіртке 
ұстаз болған, жүрегі жұмсақ, білімді жан екенін көрсетті. 
Жолдасы Сәуле өте кішіпейіл, қонақжай, жарқын жүзді  жан болып шықты. Үй іші де 
таза,  жинақы,  бәрі  де  шебер  қолдан  шыққандай,  тап  –  тұйнақтай.  Берекелі  жанұя  екені 
көрініп тұр. Қолдарында үлкен кісі анасы бар. Ол кісі өте ұстамды, байсалды өмір көрген ана 
екен. 
Беркін мен Сәуле аналарына қатты көңіл бөлетіні сонша, аппақ қылып киіндіріп және 
қайта–  қайта  әңгімеге  араластырып,  анасының  өмірінің  кейбір  қызықты  оқиғаларын 
айтқызып, мәз –мәйрам болып отырды.  
Еркін ағасы да кішіпейіл, сауатты, облыста үлкен – үлкен қызметтерде жұмыс жасаған. 
Жоғары  мәдениетті,  республикаға  танымал  азамат.  Осындай  бір  –  біріне  сыйластығы  мол 
үлгілі жанұялар. 
Соңынан екі жас Саид пен Ләйла тұрмыс құрды. Екі балада қазір ішкі істер бөлімінде 
қызмет істейді. Жақсы үлгілі жандар. Ата – аналарының сенімін ақтаған бұл жастарға бізде 
ризамыз. Олар Сақыш анасымен мәз – мәйрам болып сыйласып бірге тұрып жатыр.  
Бір  кездескенімізде  Беркін:  «Сәке,  менде  Алтай    батыр  бабаларың  жайлы  аздап 
деректер бар» деген. Соңынан біздің үйде болғанда, мен әңгімені жалғастырып кітап жайлы 
айтып едім. Ол жазуға келісті. Менде қолдағы деректерімді бердім. Оның айтқаны: « Мен, ел 
аузындағы  әңгімеге  емес,  тек  деректерге  сүйеніп  жазам»  деді.  Сонда  соңынан  әңгіме 
болмайды  деген.  Мен  оның  сөзінен  адал  жан  екенін  сездім.  Сөйтіп  «Алтай  батыр»  атты 
кітапты  еш  қоспасыз  жазып  шықты.  Бұл  кітап  «Алтай  батыр»  туралы  көлемді  ғылыми 
еңбектің  біріншісі  болып  табылады.  Шығарма  архивтік  деректер  бойынша  мазмұнды 
жазылды.  Тілі  де  жатық,  баяндауы  да  түсінікті.  Болашақта  Алтай  батыр  өмірін,  ерлігін 
зерттеушілер  болса,  Беркін  інімнің  тарихи  еңбегі  оларға  негіз,  табан  тірер  нүкте  болары 
сөзсіз.  
 Беркін «Алтай батыр» кітабын тез жазып шығарды. Кітап бізге ұнады, осындай еңбек 
жарық көргеніне қуандық, ініміздің бағалы еңбегіне риза болдық. Себебі ойымызда жүрген 
үлкен  шаруа  тындырылды.  Алтай  батыр  бабамыз  туралы  кім,  қашан,  қалай  жаза  алар  екен 
деп  жүргенде,  құдалық  себеп  болып,  білікті  өлкетарихын  зерттеуші,  тарихшы  –ғалым 
Беркінге кездестік. Бәрі  сәтті  болды. Осылай араласып кеткенбіз. Беркін Жолмырзаұлының 
туған  Байғанин  ауданында  «Алтай  батыр  ауылы»  бар.  Үлкен  ауыл.  Суы  бал.  Жері  малға 
жайлы. Халқы тату. Мектебі бар. Алтай батыр атын қадірлеп отыр. 
Жолдасы  Сәуле  қайтыс  болғанда,  қатты  қайғырды.  Жан  –  жарының  дүниеден  өткені 
Беркінге  оңай  болмады,  тосыннан  ауыр  соққы  болды.  Ақыры  көп  ұзамай  өзі  де  ауруға 
шалдығып,  жатып  қалды.  Мен  бір  барғанымда,  ауырып  төсекте  жатыр  екен.  «Сәке,  жағдай 
осылай болып тұр, қалай қыласың енді, енді не болса да, тағдырдың жазғанын көрермін да» 
деп  балуан  денесін  болар  –  болмас  бір  қозғап  қойды.  Ақылды  азамат  уақыттың 
жақындағанын  сезсе  де,  балалардың  мазасын  алмайын  деп,  сездірмей  үлкен  жүректі  ер 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
65  
    
 
азамат  екенін  білдіргендей  болды.  Көп  ұзамай  марқұм  Беркін  інім  дүниеден  озды.  Бұндай 
абзал азаматы бардың әлі де болса еліне, шәкірттеріне берері көп еді. Бірақ адам тағдырдың 
жазғанынан аса алар ма? 
Сөзім  аяғында  Беркін  інім  топырағың  торқа  болсын,  өздеріңнің  істеріңді  артыңда 
қалған қарлығаштарың жалғастырсын дегім келеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет