Адал азамат



Pdf көрінісі
бет14/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

ЕҢБЕГІН КӨРСЕТУ КЕРЕК  
 
Әкімов Өтеміс 
еңбек ардагері,  
Ақтөбе облысының  
құрметті азаматы  
 
Бүгін  Беркін  ініміздің өмірден  өткендегі  40  күндік  садақасына  жиналып  отырмыз.  Ол 
алысқа  самғаған,  халық  басқарған,  Қобда  ауданының  экономикасын,  әлеуметтік  мәдени 
саласын  өрістендіруге  үлкен  қызмет  еткен  азамат.  Мен  Ойылдың  тумасымын.  Беркіннің 
ағасы Еркін Жолмырзаұлымен алпысыншы жылдан бері қарай осы Ақтөбе облысында қатар 
қызмет  етіп  келе  жатырмыз.  Ал  Беркінмен  Қобда  ауданында  райисполком,  облисполком 
аппараттарында  бірге  қызметтес,  сырлас,  пікірлес  болдық,  кейін  ол  ғылымға  бет  бұрды. 
Қазақта  сөз  бар  ғой  «ғалымның  хаты  қалады-деген».  Көп  кітап,  мақалалар  жазды,  артында 
мол ғылыми өлкетанушылық мұра қалдырды. Енді қазір біз оның еңбектерін оқып, зерттеп 
жатырмыз.  
Мына  тағдырдың  жазмышымен  Беркін  екеуміздің  тағы  жолыққан  жеріміз,  архив 
болды. Мен осы Ақтөбе облысының тумасы қазақтан шыққан мұнайшы инженер геолог 1934 
жылы  Мәскеудің  Губкин  атындағы  мұнай-газ  академиясын  бітірген,  Лениндік  сыйлықтың 
лауреаты Нарен Имашев деген азаматтың өмірбаянын зерттеп, сол жөнінде кітап жазуға тиіс 
болдым.  Сонда  мен  Қазақстанның  орталық  тарихи  архивінде,  Президент  архивінде 
(меңгерушісі  Дегитаева  Л.П.)  Ақтау,  Атырау,  Орынбор  архивтерінде  жұмыс  жасадым. 
Беркінде  архивтерде  жұмыс  жасады.  Пікір  алысып  тұрдық.  Ендігі  біздің  мақсатымыз  бір-
атақты  тұлғалар  туралы  мәселені  зерттейміз.  Бірақ  екеуміз  бөлек  жүргеннен  кейін  түрлі 
тақырыптар,  түрлі  деректер  қолымызға  түседі.  Оның  бәрін  алмағанмен,  есімізге  сақтап 
қалуға  тырысамыз.  Сондықтан  екі  мәселеге  тоқталғым  келеді.  Екі  мәселенің  біріншісі 
ресейлік  Думаға  депутат  болған  Темірде  оқыған  А.  Қалменов  туралы.  Тарихшылар  осында 
қатынасып отыр, ресейлік Думаның қазақ депутаттары жөнінде үлкен еңбек жазған Өмірзақ 
Озғанбай тарих ғылымдарының докторы, қазір Маңғыстауда өмір сүріп жатыр, содан кейінгі 
қалам  сілтеген  осы  біздің  Беркін  ініміз.  Оның  мақалалары  облыстық  газеттерде  басқада 
журналдарда көптеген басылымдарға шықты. Беркін тарихтың біз білмейтін беттерін ашты, 
еңбектерінің  ең  бір  құндылығы  сол  біздің  қазақ  азаматтарының  сонау  алыс  Ақтөбеден 
түпкірден  Питерге  барып  билік  жасап,  шешендік  сөз  сөйлеп,  өз  пікірін  айтып,  халықтың 
жағдайын  ойлап,  ел  үшін  қызмет  еткен  жайларының  барлығын  біз  Беркіннің  еңбектері  
арқылы білдік.  
Екінші  айтайын  дегенім  ол  Ойыл  жәрмеңкесі  жөнінде.  Жәрмеңкенің  тарихын  жазуда 
Беркіннің үлкен еңбегі бар. 2012 жылдың қыркүйек айының жиырмаларында Еркін екеуіміз 
Ойыл  ауданына  барып,  онда  екі  шараға:  Біреуі  Алаш  қозғалысының  басшыларының  бірі 
Ж.Досмұхаметовтың  туған  күніне  арналған  ғылыми  конференция,  екіншісі  Ойыл 
жәрмеңкесінің тарихына арналған мәдени салтанатты шараға қатыстық. Сол конференцияға 
Алматыдан, Оралдан, Атыраудан ғалымдар келді, сөз сөйледі, сөз сөйлеушілердің бірі біздің 
Еркін Жолмырзаұлы болды. Ол сөйлеген сөзінде Беркіннің Ойыл жәрмеңкесі туралы жазған 
кітабы  туралы,  жәрмеңке  тарихы  жайлы  айтып,  халыққа  көрсетіп,  Беркін  жазған  кітапты, 
біраз  мақалаларын  Ойыл  музейіне  әкеліп  отырмыз  деді.  Ол  жазылған  еңбектің  мәнісін 
конференцияда  отырғандардың  бәріне  түсіндірді.  Мен  өзі  өмірден  кеткенімен  ғұлама  Абай 
айтқандай «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы? Өлмейтұғын артына сөз қалтырған»-демекші, 
Беркіннің  арқасында  кітап  жарыққа  шықты,  халыққа  соны  көрсету  және  кітаптың  Ойылда 
үлкен сахнаның төрінде тұсауын кесу керек деп ойладым. Туған жер, Ауыл  – біздің алтын 
бесігіміз. Ауыл, өлке тарихын зерттейтін, жазатын біздің өлкетанушылар, тарихшылар, басқа 
да  тарихпен  қызығушы  азаматтар  бар.  Бірақ  та  жинақталған  зерттеулер  жоқ.  Беркіннің 
«Ойыл жәрмеңкесі» атты кітабының құндылығы осында. Оның бүкіл тарихы, статистикалық 
мәліметі, географиялық аумағы, оған қатынасқан адамдардың, елдердің бәрі жазылған. Ойыл 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
117  
    
 
жәрмеңкесі  кітабында  Беркін  «Жәрмеңке  –  өнер  ордасы»  деген  арнайы  бөлім  жазып,  онда 
Ойыл  жәрмеңкесінің  тек  сауда  орны  ғана  емес,  өнерпаздар,  палуандар,  қолөнер  шеберлері, 
әнші-күйшілердің  жиналатын  өнер  сайыстыратын  да  орталығы  болғанын  жазады.  Бұл 
жәрмеңке  тарихын  зерттеудің  жаңа  бағыты  деп  айтуға  болатын  ізденіс  еді.Міне  солардың 
барлығы  сол  кітапта  келтірген.  Енді  Беркін  інімізге  бәріміз  бережақпыз,  ел  бережақ,  Ойыл 
азаматтары  бережақ,  қазақ  халқы  бережақ,  себебі  ол  кездейсоқ  нәрсе  емес.  Біреудің 
айтқанымен  емес,  Беркін  Ойыл  жәрмеңкесі  тарихын  өз  жүрек  қалауымен  жазды.  Ол  бір 
тарихи  құбылыс.  Сондықтан  мен  осы  жақсылықтың  барлығын  мына  болашақ  азаматтарға 
көрсетуге,  осы  балаларына  әкесінің  қандай  еңбек  қалдырғанын  көрсетуге  тек  қана 
садақаларда  ғана  емес,  отырыстарда,  ғылыми  кеңестерде,  конференцияларда  осының  бәрін 
айтуға тиіспіз деп ойлаймын. Ініміздің жатқан жері жайлы болсын, иманы жолдасы болсын. 
Артында қалған отбасына, тумаларына амандық тілеймін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
118  
    
 
СЛОВО О КОЛЛЕГЕ 
 
Миняйло Ольга 
учитель высшей  категории 
Кобдинский  район. 
 
Как  стремительно  бежит  время,  его  бег  не  дано  никому  остановить.  Печально,  но 
приходится о моем коллеге Беркине Жолмурзиновиче Курманбекове говорить в прошлом….  
Я  знала  его  по  совместной  работе  с  1982  года.  Когда  я  работала  вторым,  затем  первым 
секретарем Кобдинского райкома комсомола, тогда он был секретарем первичной партийной 
организации  аппарата  Кобдинского  райкома  партии,  а  в  период  с  1986  по  1991  годы  я 
работала непосредственно под его руководством. Беркин Жолмурзинович был заведующим 
отделом  пропаганды  и  агитации,  а  я  –  заведующей  партийным  кабинетом  Кобдинского 
райкома партии. 
Беркина 
Жолмурзиновича 
всегда 
отличали 
скромность, 
отзывчивость, 
исполнительность, корректность. Он был трудоголиком. 
Курманбеков  Б.Ж.  был  истинным  патриотом  своего  района.  Да  и  профессия  учителя 
истории дала о себе знать. Его пытливость, беспокойный характер помогли нам узнать имя 
нашего  земляка-кобдинца,  кавалера  Орденов  Славы  трех  степеней  Михаила  Тихоновича 
Кошелева.  Он  сумел    найти  исторические  документы,  материалы,  собрать  воспоминания  о 
Бегалинском партизанском отряде под руководством Щербака, он предоставил нам материал 
раскрывающий жизнь и революционный путь Исламгали Курманова. 
В  годы,  когда  Беркин  Жолмурзинович  возглавлял  отдел  пропаганды  и  агитации, 
вопросу  сбора  исторического  материала  о  жизни  простых  кобдинцев,  о  целинниках,  об 
участниках Великой Отечественной войны и установления Советской власти на территории 
района уделялось большое внимание.  Практически на всех центральных усадьбах колхозов 
и  совхозов  Кобдинского  района  были  созданы  Музеи  боевой  и  трудовой  славы,  в  которых 
был  собран  богатейший исторический материал. 
Большое  внимание    наш  отдел  уделял  работе  с  молодежью.  Главная  задача  отдела-
пропаганда здорового образа жизни, развитие спорта и культуры. 
В  поселках  создавались  вокально  –  инструментальные  ансамбли,  которые  выступали 
перед  населением  с  концертами.  Ежегодно  организовывались  смотры  художественной 
самодеятельности. Почти во всех колхозах и совхозах были ставки инструкторов по спорту, 
которые  проводили  работу  по  пропаганде  и  развитию  спорта  в  селах,  организовывались 
спартакиады  сельской  молодежи.  Они  проводились  не  только  в  районном  центре,  но  и  в 
поселках  –  это  позволяло  расширять  и  укреплять  матириально  –  техническую  базу 
спортивных сооружений. 
В  бытность  Курманбекова  Б.Ж.  заведующим  отделом  пропаганды  и  агитации 
Кобдинского райкома партии в районе были проведены первые театрализованные праздники 
–  представления:  празднование  60-летия  района  и  200-летия  Народного  батыра  Исатая 
Тайманова.  Эти  мероприятия  вызвали  большой  интерес  у  жителей  района,  их  активность, 
мероприятия  были  массовыми,  превратились  в  красочные  выступления  самодеятельных 
артистов, интересные соревнования спортсменов. 
Заведующим  Кобдинским  районным  отделом  образования  Беркин  Жолмурзинович 
работал  в  непростое  перестроечное  время,  когда  педагогические  работники  длительное 
время  не  получали  заработную  плату,  когда  в  государстве  сокращались  или  вообще 
закрывались  объекты  социально  –  культурного  назначения.  Но  ему  удалось  сохранить 
школы даже в небольших малонаселенных селах. 
  В  отделе  пропаганды  и  агитации  под  началом  Беркина  Жолмурзиновича  в  разное 
время  инструкторами  работали  Людмила  Васильевна  Ивашкевич  позднее  долгое  время 
руководила  Кобдинским  районным  отделом  культуры,  Куляш  Тагибергеновна 
Кульмаганбетова,  Валерий  Алексеевич  Власенко,  Назипа  Галымовна  Кутанова  и  я  учителя 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
119  
    
 
высшей  категории,  Мунай  Жумабаевич  Муздакбаев  бывший  главный  редактор  районной 
газеты  "Знамя  труда",  Акзамов  Бисенгали  Мухлисович  бывший  начальник  полиции 
Кобдинского района. 
Мы взяли для себя много хорошего у Беркина Жолмурзиновича. Он был внимательным 
к  людям,  человечным,  заботливым  руководителем,  мужем  и  отцом,  по  жизни  он  был 
оптимист, никогда не пасовал перед трудностями, всегда верил в лучшее будущее. 
В настоящее время живу далеко от Кобды, однако Кобду и Беркина Жолмурзиновича 
всегда помню. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
120  
    
 
ЕҢБЕГІН  АЙТУ ҰРПАҒЫ  АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗЫМ 
 
Әжібаев  Ерсайын 
Қобда ауданының  
бұрынғы басшысы 
 
Мен    Қобда    аудандық    партия    комитетінің    бірінші    хатшысы    болып    1998  жылы  
келдім. Ал Беркін  үгіт-насихат  бөлімінің  меңгерушісі  екен. Ол  кезде  партия  комитетінің  
аппаратында    қазақтар  аз    едік.  Беркін    өз    бөлімінің    сан-салалы  жұмысын,  сәтті    істеп  
жүрді.  Қайта    құру    басталып,    жұмыс    бағыттарында    өзгерістердің  көп    болып    жатқан  
жылдары.  Демократия,  плюрализм,  жариялылық,  алтернатива,  адам    факторы,  митинг  т.б. 
жаңа    сөздердің    қолдануда    көбейіп,  қоғамдағы    өзгерістер  мен    адам    санасындағы  
өзгерістердің  жиындар  мен  дөңгелек  үстелдерде  сөз  болып  бұрқырап  шығып  жатқан  
кезі.  Беркін    басқаратын    үгіт-насихат    бөлімі    идеология    бөлімі    болып    қайта    құрылды. 
Ұлттық   сана  сезім  оянып  келе  жатқан  кез, ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрді   сақтап, 
дамыту,  тілді    қолдану,  өркендету    сияқты    қазақтың  ұлттық    мәселелері    бірінші    қатарға   
шығып    жатқан    кезең    болатын.  Осы    бетбұрыс    кезінде    Беркін    және    ол    басқарған  
бөлімнің    жұмысы    аса    маңызды    және    жауапкершілігі    жоғары    болды.  Беркін    бұл  
саладағы,  жаңа    бағыттағы    жұмыстарды    білгір,  іскер,  тап    басып    ұйымдастырды.  Маған  
үлкен  көмек  берді, жетістігі  мол  болды. Қобдада  болмаған, қазақ  тілінде «Ақиқат» деген  
газет    шығаруды,қазақ    мектебін,  кластарын  ашуды    ұйымдастырды.  Сөйтіп,  Қобда  
ауданында  қазаққа  бетбұрыс  жасаудың  басында    болды.  Оған  себеп    өзінің    ұлттық 
патриотизмі болса, оның  үстіне  Байғанинде  қазақы  жерде  қазақша  оқып, қазақы  тәрбие  
алғаны,  мамандығының да мұғалім-тарихшы болғандығының  мол  әсері  болды.  Сонымен  
қатар, Беркін қоғам  дамуының жолы мен желінің   қай  жақтан  соғып  тұрғанын  түсініп, 
білді.Тағы  бір    міндетті    тоқтап    айтатын    жұмыс-ол  Исатай  Таймановқа    байланысты. 
Жоғалтқанымызды қайтарып, ақтаңдақтарымызды  ашып  жатқан  кез. Осы  тың  жұмысты  
Беркін    батыл    қолға    алды.  Әрине,  тарихшы    болған    соң  Исатай-Махамбет  бастаған  
көтеріліс    тарихын  Беркін    жақсы    білді.  Деректерден    белгілі    ұлт-  азаттық    көтеріліс  
басшысы  Исатайдың  соңғы  шайқасы  Қобда    жерінде,  Қиыл    бойында    болған    ғой.  Батыр  
Шейітсайда  жерленген. Осы  бағытта мықты жұмыс  жасауға   тура  келді. Себебі,  Исатай 
батыр бейітін  іздеп  келуші   белгілі  адамдар  көбейді. Сол   уақытта  Беркіннің  ең  үлкен  
жұмысы    осы    Исатай    батырға    байланысты    зерттеу,  іздеу    шаралары    болды.  Ол    кезде  
Махамбет туралы  деректер  бар, өлеңдері  насихатталады, көпшілік   ақын  туралы  көбірек  
білетін  еді. Ал  Исатай  батырдың  өмірі  туралы, жеке  басы  жайлы  мәлімет  өте  жұтаң  
болатын, тіпті кездеспейтін де  еді. Сонан Беркін  осы олқылықты  толтыруды  қолға  алды, 
аудан  болса  Исатай  Таймановтың  200 жылдығына  дайындықты  бастаған  еді. Баяндама  
дайындау  керек, материал  қажет. Сонан Беркін архивтен  материал  іздеп  жұмыс  жасады. 
Біраз    деректер    тапты.  Көп  архивтік    құжаттар    ескі    араб    әріптерімен    жазылған    болып  
шықты. Сонан  айнала  арабша  білетін  адам  іздеп, тауып, табылған  құжаттарды  барынша  
аударып, материалдар толықтырылды. Сөйтіп жүргенде Гурьевте Батыс  Қазақстан тарихын  
зерттеудің    проблемалары    тақырыбында    конференция    өтетін    болып,  Беркін    соған  
қатысты. Біраз  дерек  алып  келді. Конференцияның  басты  бір   мәселесі   болып  Исатай  
Таймановты    зерттеу,  оның    соңғы  шайқасы,  жерленген  жері    туралы  белгілі  қазақстандық 
ғалымдар  баяндамалар  жасаған    екен.  Беркін  Оралға  да    барды,  конференцияда  баяндама 
жасап, ауданымыздың, өзінің  аброй  дәрежесін  көтерді. 
Осы    үлкен    жұмыстың    қорытындысында  халықтың  алдына    шығып  айта  алатындай  
баяндама    дайындады.  Исатай    батырдың    басына    тас  белгі-ескерткіш  қойылды,  айналасы 
әдемі өрнекті темір қоршаумен қоршалды. Құлыптас-белгіде жазылған  
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
121  
    
 
Сәлем айтып кетейін, 
Артымда қалған елдерге. 
Арманымды айтып кетейін,  
Найза ұстаған ерлерге. 
Арыстан еді – ау Исатай, 
Дегеніне жете алмай, 
Арманда өтіп кетті деп, 
Қиналар ма екен біздерге, 
Қиналсаңыз біздерге, 
Мың  рахмет  сіздерге  -  деген  өлең    жолдарын    Махамбет  жырларынан  Беркін  таңдап  
Исатайға  арналып  үлкен  мерейтой    өтті.  Театрландырылған  көрініс,  концерт  көрсетілді, 
аудан  шаруашылықтары,  мекемелері  ағаш  үйлер    тікті.  Аудандық    мәдениет  үйінде    үлкен  
салтанатты    жиналыс    өткізілді.  Бұлар  әрине    Беркін    басқаратын    идеология    бөлімінің  
жұмыстары  екені  бәрімізге  белгілі. 
Кейін  Исатай тойы  Атырауда  өтті, оған  Беркіннің  ағасы  Еркін  екеуміз  облыстың 
ресми  делегациясына  мүше  болып  қатыстық. 
Сөйтіп, Исатай батыр тойына дайындық кезінде Беркіннің  ғылыми  жұмысқа  икемдігі 
анық  көрінді. Ақтөбеге  келіп,  университетте   ғылыми-ұстаздық   жұмыспен  айналысқанда  
еш  қиындықсыз кандидаттық диссертация қорғап, он бес  шақты  кітапты  жазып  шығарды. 
Міне, Дәстүр үйінде  университет кәсіподақ ұйымы Беркіннің  кітаптарынан  көрме  жасап, 
бәрімізге  көрсетіп  отыр. 
Әрине,  Қобдада    Беркіннің    идеология,  әлеуметтік    салада,  тарихқа    байланысты  
жасаған    жақсы    істерінің    бәрін    бір    сөйлегенде    айтып    бітіре    алмайсың.  Негізгі  
бағыттарын    сіздерге,  балаларына    жеткізуді      өзімнің    парызым    деп    санадым.  Себебі, 
Исатай    батырға    байланысты    еңбегін,  Қобдада  қазақыландыру  жұмыстарына  байланысты 
істеген еңбегін  мен  айтпасам, кім  толық  айта  алады, қазір оны  айтатын  кісілерде  жоқ. 
Оған да  жиырма  жыл  өтіп  кетті  ғой. Соңғы  екі-үш  жылда  Еркін, Беркін  екеуі  Исатай  
батырға  Махамбетке  салынғандай  кесене  салу  мәселесін  көтеріп келеді. Менде білгенімді  
айтып  жүрмін. Еркін  екеуміз  бұл  тақырыпқа  көп  әңгімелесіп, пікірлесіп отырдық. 
Сол    әңгімелерімізде    осындай    қайғылы    жағдай    болады  деп    еш    ойлаған,  айтқан 
емеспіз. Міне, енді қазір осылай болып  жатыр. 
Беркіннің  қазасы  өте  қиын  жағдай, арты   қайырлы  болсын, жатқан  жері   жайлы, 
топырағы  торқа  болсын, тума-туысқандарына, балаларына амандық тілеймін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
122  
    
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік хатшысы  
Иманғали Нұрғалиұлы 
Тасмағанбетовке 
 
 
 
 
Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы! 
 
  Халқымыздың ардақ тұтқан батыры Исатай Тайманұлының денесі Ақтөбе облысының 
Қобда  ауданындағы  бұрынғы  «Қиыл»  совхозының  Шикемер  ауылына  жақын  Шейітсай 
(Шаһитсай) деген жерде жерленген. Елдің көне көз қарттары әуелі әк тас (ақ балшық) төгіп, 
кейіннен темір шыбық шарбақ қойып, қабірдің орнын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді. 1991жылы 
Исатай  есімі  Қобда  ауданы  көлемінде  атап  өтіліп,  сол  кездегі  ауданның  мүмкіншілік 
деңгейінде  батырдың  басы  қарайтылды,  яғни  биіктігі  негіздеп  келетін  сквер  аллеядағы 
гүлдерді қоршайтын өрнекті шойынмен қоршалып, мырамыр тасқа Исатай мен оның баласы  
Оспанның  есімдері,  екінші  бір  тасқа  Махамбеттің  өлеңдері  жазылып  қойылды.  Әрине,  бұл 
жоқтан жақсы. Кезінде мен бұл шаруаның басы қасында болғанмын.  
   
Махамбет  бабамыздың  тойы  Атырауда  дүрілдеп  өтті.  Бірақ  Исатайдың  басына  бата 
оқып ешкім келмеді.  
  Менің  Сізден  өтінішім:  Исатай  батырдың  денесі  жерленген  жерде  еліміздің  бүгінгі 
мүмкіншілігі  деңгейінде  мавзолей  (кесене)  тұрғызып,  сол  жерді  аббаттандырып,  Ақтөбе-
Орал трассасынан жол салдыруға басшылық жасаңыз. 
Махамбеттің: «Исатай басшы, мен қосшы» дегенін еске алсақ, Исатай қабірінің бүгінгі 
жұтаңшылығы  елдігімізге  сын  және  мәдениетімізге  абырой  әпермейтіндігі  өзінен-өзі 
түсінікті жағдай. Егер Сіз қолға алсаңыз, бұл істің абыроймен орындалатынына бүкіл халық 
сенеді. 
 
 
                 Сәлеммен, 
 Беркін Жолмырзаұлы Құрманбеков,  
тарих ғылымдарының кандидаты.  
20 қазан 2003 жыл. 
Адрес: Ақтөбе қаласы
Тургенев көшесі 
№ 36үй,20 пәтер 
Телефон: 50-82-93 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
123  
    
 
ҚОБДАҒА  СІҢІСІП КЕТІП  ЕДІ 
 
Жекеев Мәлік Наурызғалиұлы 
Ақтөбе облысының құрметті азаматы  
 
Ардақты  ағайын, құрметті  Беркіннің балалары, ағайын-тума, жекжат-жұрағат,  «өткен 
күннен алыс  жоқ, келешек күннен  жақын  жоқ»  -дейді ғой, міне, уақыт  қалай  тез  өтеді, 
Беркін Жолмырзаұлының қайтыс  болғанына қырық  күн өтіп  кетіпті. 
Беркін  қайтқан  күні  мен Ақтөбеде болмап  едім, ағайын-тумаларымен  жаңа  кездесіп   
жатырмыз. Елге келген соң "Ақтөбе" газетінің  өткен  номерлерін   қарап отырсам, Беркінге 
некролог және  көңіл айтулар шығыпты. Жедел  Еркінге  хабарластым. Болған қайғы-қасірет 
тек  отбасы, ағайын-тумаларына ғана  емес, біздің бәріміздің де жанымызға  батады. Себебі, 
біз  Беркінмен Қобдада  сонау 70 - ші  жылдары, жас  кезімізде  танысып, қызметтес болдық, 
көрші  тұрдық. Әріптес болған сол уақыттан  бері  бір отбасындай  болып  келеміз. Беркіннің  
анасы мен біздің анамыз көңілдес, шәйі мен әңгімесі жарасқан кісілер  еді. Олар  балаларын  
үлкен  азамат  қылып тәрбиелеген ардақтылар, ақ  сүтін беріп өсірген  аналар деп  білеміз. 
Беркін  Жем бойында  Жарқамыста туғанмен Ұлы Қобда өзені бойына келіп, Қобдаға 
сіңісіп  кеткені  соншалық,  оны,  тіпті  Құрманбековтер  әулетін  жұртшылық  "Қобдалықтар" 
дейтін  болды.  Оған    себеп  Беркін  Қобда  сияқты  үлкен  ауданға  туғандай    сіңісіп  кетті,  зор 
еңбек  сіңірді,  жиырма  жыл    тұрды,  үй  болды,  балалары  өмірге  келді.  Жақсы  жолдастар 
тапты,  сыйлас  қызметтестер  жолықтырды,  өзі    елге    танылды,  ел  оны  таныды,  қызмет 
лауазымы  өсті, бедел, абыройға ие  болды. Адал еңбек етті, жұмысты ұйымдастыра білді. Біз 
көрші болып тату тұрдық, сыйластық. Көршімен көрші  тату  болса, ауыл-аудан тату болады 
емес  пе?  Көп  ұлтты,  әжептәуір    орыстанған,  шаруашылығы  сан    салалы  Қобда    ауданына  
осындай  бірлік  керек  жер ғой. "Береке, бірлік достықта"-демей ме? Сол  жылдарда да қазір 
де Қобда халқы  достықта тіршілік етіп, еңбек  етуде. Кезінде біз  Беркін  бәріміз  осы  игілік, 
ынтымақ  үшін  ерен  еңбек  еткенбіз. Әсіресе, Беркін басқарған идеология, әлеуметтік, білім,  
мәдениет,  денсаулық    салаларындағы    жұмыстарға  осы  достық,  бірлік    мәселелері    тікелей 
қатысты  болды. Осындай  үлкен  маңызды,  қазірде  актуальдығын  жоймаған, мәселелерді 
Беркін,  оның  бөліміндегі    қызметкерлер    ойдағыдай    жүзеге    асырды.    Аудандық    партия  
комитетінің    жұмыстарындағы    ерекше    көңіл    аударылатын    бағыт-еңбекшілердің  
өтініштеріне    ыждағаттылықпен    қарап,  оң    шешу,  айналымдағы    қаулы-қарар,  құжаттарға  
мұқият    болу    еді.  Беркін    тарихшылығынан  ба,  мұғалімдігінен  бе,  әлде  қызметтегі  
жауапкершілігінің  жоғарылығынан ба, әйтеуір  құжаттарға  ұқыпты  болатын. Бір  шаруа, не 
есеп  беру  ұмыт  қалып, кідірістеп  жатпайтын,  қағазға  жинақы  еді. Ол  кезде  құжаттар  
негізінен    орыс    тілінде    жүргізетін,  қазақша    жазбадық,  сөйлемедік.  Ал    қазақша    жазу, 
сөйлеу, құжаттар  дайындау  қажет  болса, олардың  бәрі  түгел  Беркіннің саналы, сауатты 
ойынан, сапалы  қолынан шығып  жататын. 
Беркін    бітпейтін    бір    көп    жұмыстар    атқарып    жүрсе  де,  тарихшы    мамандығын  
ұмытпады.  Қобда  ауданының    тарихын,  атақты  адамдарының    өмірін,    ерлігін    зерттеу,  
деректер  жинақтаумен  болды. Аудандық, облыстық  газеттерге  өлке тарихына  байланысты 
көлемді, деректі мақалалар жариялап отырды. Өз  мамандығын  ұнатты. 
Қобда  ауданының  тарихын  жазды. Қобда  ауданының  80 жылдығына  байланысты  
энциклопедия  және  арнайы жинақ  шығарылғанда  олардың  тарихи  материалдар  жағын  
қарап,  өзі  де  деректер,  мәліметтер    беріп,  мазмұнды    мақалалар    жазды.  Осы    Қобда  
тарихына    байланысты    шыққан    екі    үлкен    кітаптың    жарық    көруіне    өзінің  көп    үлесін  
қосты.  Мысалы,  сол  кезде  Қобда  ауданын  жақсы  басқарған  аудандық  партия  комитетінің 
бірінші  хатшысы  Луценко  Иван  Константинович  туралы,  оның  бейнесін  елестететін 
объективті мінездеме беріп құнды мақала жазған еді. Осы  кітаптардың  редакциялық  алқа  
мүшесі  болды. Себебі,  Беркін  Қобда  тарихын  көп  білетіндердің  бірегейі  ғой. Өзінің де  
өмірбаяны  Қобда    энциклопедиясына    жазылды.  Беркін    жайлы    сөйлегендер    көп    жақсы  

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
124  
    
 
сөздері  айтып  жатыр, ол  негізінде  шынында  да  солай. 
 Беркін Жарқамыста туып, Қобдада  қайнаған  партиялық, ағартушылық, насихаттылық, 
педагогтік  жұмыстың  ортасында  тәжірибе  жинақтады,  толық  қалыптасты,  өмір  
университетінен  өтті. Ақтөбеге  университеттің  өзіне  келіп, ғылым, білім  ордасында  жаңа  
бағыттағы  жұмысқа  кірісіп, ғылыми-педагогикалық  қызметті абройлы, жемісті  жалғастыра  
білді.  Ғалым  болып,  15  кітап    жазып  шығарды,  200    ғылыми    мақалаларын    орталықтан  
шығатын  журналдарға,  газеттерге жариялады. Беркіннің  тұлғалық  ерекшелігі-ол  ғылыми  
жұмыста да,  ұстаздық  жұмыста да  бірдей, делбені  тең  ұстады. Көркем,  түсінікті  сөйлей 
де  алды, әдемі, мазмұнды  жаза да  білді. 
Адамның    өмірі    ұзақ    болашаққа,    ғасырларға    жетпейді.  Оған    ғалымның    кітабы, 
ұстаздың  сөзі  жетеді. Беркін-ғалым, Беркін-ұстаз. Оның  еңбегі  мен  өмір  жолы  осылай   
бағаланады  және  біздің  есімізде  осы  дәрежеде де  сақталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет