Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
82
ПАПА ...
Курманбекова Марина, дочь
квалифицированный учитель
английского языка
тренинг центр г.Аксай З.К.О
В этой книге памяти у каждого свои особые воспоминания о моем отце, будь то брат,
коллега или друг. Для меня и моих сестер он был, прежде всего, благородным, добрым и
заботливым отцом. Чуткий и честный … человек с высокими принципами.
Папа умел довольствоваться и наслаждаться самым простым, на чей- то взгляд вещам.
Взаимной улыбке маме, чистому ночному небу, поцелую внуков, чтению книг, общению с
друзьями, покупке подарков нам и внукам. Своим примером научил нас ценить хорошее в
жизни.
Казалось, что он никогда не спешит. Не в его правилах было в спешке разорвать
обертку и открыть подарок. Острым ножом, аккуратно, почти хирургически удалил бы
бумагу, призадумываясь и размышляя в процессе этого, что же все- таки в коробке. Этикетка
так же была бы внимательно изучена. И когда, наконец, содержимое становилось
очевидным, на лице появлялось глубокое чувство удовлетворения, даже если бы это была
открытка или что- то сделанное своими руками, все становились предметом восторга и
восхищения, которые он бережно хранил. Он был страстным коллекционером информации -
будь то книга, газетные вырезки, фотокопии или же собственноручные записи из лекций,
разговоров и документаций на многочисленные темы!
Сколько себя помню, наш дом был всегда полон книг. На полках книжных шкафов
можно было найти все, что только пожелает душа неискушенного читателя – полные
собрания сочинений известных писателей классиков, книги по истории, детская литература,
поэзия ….. Домашняя библиотека - гордость нашего дома! Отец научил нас разделять свое
увлечение и страсть к книгам. Поэтому и мы, все домашние унаследовали эту любовь к ним,
даже мои племянники Амина и Кудайберген, которым отец начал читать с пеленок, только
научившись делать свои первые в жизни шаги, вместо игрушек взяв книгу, усаживались к
нему на колени, деловито говоря ему: «Ата, окимыз»!
Он нежно, до беспамятства любил своих внуков … он любил всех детей. И это было
взаимно, они доверяли ему. Ведь, как известно дети интуитивно чувствуют хорошего
человека! Даже самый крикливый малыш в мгновение ока успокаивался и начинал гукать в
его руках. На вопрос как у него так получается? Ответ был прост – вы не знаете, как держать
ребенка! Наверное, потому и ребенок, почувствовав себя в надежных руках засыпал, а папа,
боясь нарушить безмятежный сон, мог часами сидеть, несмотря на затекшие руки.
В нашем семейном альбоме есть фотография трехлетнего мальчугана в санатории
«Сосновый бор», где в то же лето, как и он, отдыхали мои родители. Малыш очень
привязался к моему отцу, называя его дедушкой, следуя за ним по пятам, внимая, каждое
слово и делая все, что ему ни скажут, даже съедал кашу на завтрак, которую, по словам его
мамы, она никак не могла его уговорить съесть хотя бы ложечку.
Он был великолепным слушателем, когда это было необходимо, и обладал
несомненным даром общения… и умело пользовался им! Вообще, он любил и мог
установить непринужденную беседу с любым, с кем бы то ни было. К каждому относился с
уважением. Помнится наш совместный шопинг на рынок по выходным, где начавшийся
диалог с продавцом о цене выливался в милую беседу о житие - бытие и прочем… Слушать
их было увлекательно, я получала положительный заряд эмоций глядя на улыбающееся лицо
отца, загадочно - лукавый прищур глаз, когда продавец искренне удивлялся и недоумевал
откуда он знает его односельчан, а порой и родственников.
Папиным друзьям, коллегам и всем нам, родным чрезвычайно не будет хватать его
постоянной душевной поддержки, ободрения. Ведь он всегда был рядом в трудные и
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
83
радостные для нас времена. Его позитивный настрой, бесконечное терпение и постоянная
готовность помочь означало, что решение этих трудностей не за горами…
Своим примером отец установил высокую планку для всех нас, чтобы ценить все и вся,
прожить эту жизнь достойно. Его ценности и принципы останутся, и будут иметь
продолжение.
За это мы все бесконечно благодарны!
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
84
ӘКЕ, СЕНІМЕН ТІЛДЕСКІМ КЕЛЕДІ...
Құрманбекова Маншук, қызы
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық
Институтының аға оқытушысы
Педагогика магистрі
Білесің бе, жан әкем, мен балалық шағымды жиі еске аламын. Сендер әрдайым
қасымдасыңдар, менің ата-анам. Әкешім, мен сенің қасыңда жүріп, сенің кітаптарыңмен
бірге, сенің ойларыңмен бірге, сенің іс-әрекеттеріңмен бірге есейдім.
Сен қасымда жоқсың, сені қатты сағындым! Саған хат жазып отырмын. «Біздің
заманымыздың Қаһарманы»! Таңданғаның сондай, сенің онсыз да үлкен көздерің одан
сайын үлкейіп, шарасынан шығып кете жаздағанын сезіп отырмын. Неге таңданасың?! Иә,
мен сені өз заманымыздың қаһарманы деп санаймын, себебі, сендей жандардың арқасында
күллі Әлемнің төрт құбыласы түгел ғой! Енді неге олай дейтінімді түсіндірейінші.
Бала үшін «ӘКЕ» деген сөздің қаншалықты қымбат, мен үшін ол сөздің қаншалықты
маңызды екенін айтып, жеткізгім келеді.
Әке, сен мен үшін әрқашан қол ұшын ұсынатын, ақыл-кеңес беретін, жұбата да алатын
және әркез қолдайтын адамсың. Әділдік пен қатаңдық қажет сәттерде сен қатаң бола білесің,
ал, қамқорлық, мейірбандық пен жылылық қажет кезде мейірбан да бола білесің.
Сүйікті менің жан әкешім, сен аса сауатты, дана адамсың – Совет үкіметі шыңдаған
адамсың. Сен үшін жұмыстың қаншалықты маңызды екенін білемін, әріптестеріңнің сені
қалай сыйлап, бағалайтынын да білемін.... Бойыңдағы асыл қасиеттеріңді тізе берсем,
олардың ұшы-қиыры жоқ-ау!
Сен жұмыс жасап, көздеріңді сәл сығырайта қағазға үңіліп жазып отырғанда, әкешім,
мен бақылап жүретінмін, сенің жүзіңнен, терең ой үстінде екеніңді аңғаратынмын, ал, қалам
ұстаған қолдарыңмен аса маңызды жұмысты орындап жатушы едің!
Әке, сен мені табандылық, жауапкершілік, дұрыс шешім қабылдау, батылдық сияқты
қасиеттерге үйретіп келесің. Бірақ, менің қолымнан әлі бәрі келе бермейді, дегенмен, менің
ел игілігі үшін атқаратын істерім алда деп ойлаймын.
Әке, сен әрдайым «Мемлекеттік жұмысты жақсы орындау керек», - деп айтатын едің
ғой. Сенің осы сөздеріңді біздер мәңгі жадымызға тоқып алдық. Әкешім, сені мақтан тұта
аламын! Әке, сенің жазушы екеніңді де мақтанышпен айта аламын.
«Әкесі жоқ үйдің бір жақ қабырғасы жоқ»,- дейді екен халықта. Мен бақыттымын,
менің үйімнің, менің жанұямның, менің өмірімнің барлық қабырғасы да түгел – әкем бар.
Әкешім, кейде еркелікпен өзіңді тыңдамай кететін кездерім болса да, сені қатаңдығың үшін
сыйлаймын және жақсы көремін.
Өмірге деген құштарлық, дұрыс өмірлік ұстанымдардарды бойыма сіңіргені үшін Әкем
мен Анама ризамын...
Абзал әкем, арамыздағы түсіністік үшін, қарым-қатынасымызға, жанұямызға,
өмірімізге жылылық ұялататын қамқорлығың үшін рахмет сізге! Түрлі мәселеге өз
көзқарасыңды білдіре, түсіндіре отырып, мені шалыс басудан сақтағаның үшін саған шексіз
ризамын.
Сенің бауырың Еркін ағамды көргенде, мен өзіңді көргендей боламын. Еркін аға әкенің
орнына қалды. Ол ешқашан сені жоқ деп айтпайды. Ол сенің барлық өлеңдеріңді оқып,
айтып, түсіндіріп береді. Сенің атыңнан айтып береді. Әрқашан сенің көзқарасыңды
ұстанады. Нақты айтсам, түрлі жағдаяттарда сенің қандай шешім қабылдайтыныңды айтып
отырады. Әркез сен туралы мақтанышпен айтып отырады. Әкелік ақыл-кеңестер береді.
Үнемі қолдап жүреді. Әке, бәріміз де сені сағынамыз!
Әрине, ішкі құпиясын, балалық сырын айтып, мұңын шағып, балалар анасымен
бөлісуге әдеттенген. Ал, менің жанұямда мен саған да мұңымды шаға аламын, өйткені, сен
мені тыңдап та, түсіне де аласың. Есіңде ме сол кештер, әкешім, біз бірге шәй ішіп, түрлі
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
85
тақырыпта сөз қозғайтынымыз?! Сен әркез тыңдап отырып, менімен әзілдесіп те қоятын едің
ғой. Бұл кештер отбасымызбен бірге үйде өткізетін естен кетпес кештер еді-ау. Сен бар,
мамам бар.... ол кештер сағынышқа толы, Анам мен Әкемді аңсау кештері боп қала береді...
Білемін, сен маған бар жақсылықты тілейсің, маған қамқорсың. Мен өзімді сенің
орныңа қойып, сені түсінуге тырысамын, өйткені, маған кейде сондай ауадай қажет күш-
қайраттың бастауы бір өзіңсің!
Мен үшін Асқар таудай биіксің, әкешім! Перзенттік жан-жүрегіммен жақсы көремін,
өзіңді! Сен менің жүрегімдесің, мен сені мақтан тұтамын!
Сен жоқсың... мен сенімен тілдескендей болдым, әке! Хатты жолдамаймын ғой,
дегенмен де, көңілім сондай жайланып қалды! Әке, сен мәңгі бізбен біргесің, біздің
заманымыздың Қаһарманы, Жан Әкешім!
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
86
ӘЛЕМДЕГІ
ЕҢ
КЕРЕМЕТ
ӘКЕ
Құрманбекова Дария, қызы
Ағылшын тілінің маманы
Мен өзімнің папамды әлемдегі ең керемет әке деп санаймын. Онымен бірге өткізген
күндерімді еске алсам, папамның бізге берген тәрбиесін, бұл тәрбиені қандай жолмен
бергеніне таң қаламын. Өмірде кездескен барлық адамдармен тату-дос болу керек екендігін
бізге ашық сөзбен айтпай, адамдармен қарым-қатынас жасауды өз үлгісінде көрсетті. Ата-
анамыз бізге «Ананы істе, мынаны істеме»-деп ешқашан айтып көрген емес. Біз тәрбиені
олардың күнделікті өмірде қызметтестері мен тума-туыстарымен қалай араласып,
адамдардың бабын тауып, олардың көңілінен шығып, сөйлесіп, көмегін бергенінен көрдік.
Менің кітап оқуға әуестігіме әкем үлкен үлес қосты.
Бастауыш класста оқығанымда, ол үйдегі көп кітаптардың ішінен біреуін таңдап,
«Мына кітаптың соңында бір қызық бар»-деп, мені сол кітапты оқып шығуға қызықтыратын
еді. Бұл қызығушылық соңынан менің уақытымды бос өткізбей, қолыма кітап алып оқу
жақсы әдетіме айналды. Кішкентай кезімде папам мысықтар мен аққулардың суретін салуды
үйрететін. Қазір мен папамның үйреткен әдісін Амина мен Құдайбергенге үйретіп, «Осы
әдісті маған Беркін аталарың үйретті»-деп, кішкентайлардың есінен Беркін аталары шығып
кетпесін деп қайталап жүремін. Есіме балалық шағымды алсам, папам мен мамам бізді
жұрттан кем емес қылып өсіріп, еш жерден қалдырмай, қатысқымыз келген жерге
қатыстырып, Айгүл мен Маринаны фортепиано, Ляйля мен Маншукті домбыраға, мені би
өнеріне үйрететін үйірмеге берді.
Олар біздің бала шағымыз көңілді өтсін деп, достарымыздан бөлмей, әрқашан туған
күндерімізді үлкен мерекеге айналдыратын. Мен 10 жасқа толғанымда туған күніңді қалай
жасайық деп сұрап, мен досымның туған күнінде 2 стол болды, бірінші стол –ет, екінші стол
– торт пен шай, сондықтан мен өзімнің туған күнімде 3 стол жасағым келеді дедім. 20
наурыз күні олар қалағанымды орындады. Біз «подружкаларымызбен» маманың жасаған
тәтті тамағына тойып, стол басынан тұра алмай мәз болғанбыз. Сонан кейін папам сол туған
күнімді қалжыңға айналдырып, біз бой жеткенде достарымыздың мерекелеріне барып
келгенде, «Иә, досыңның мамасы қанша стол жасапты?» - деп, күліп сұрайтын. Онысы,
біріншіден, менің 10 жасымдағы қылығымды есіме салу, екіншіден, біздің мамамыз қандай
жақсы, қонақжай болғанын мақтаныш тұту ғой! Балалық шақтың барлық қызықтарынан
қалдырмай, папам бізді жаз күндері Қобда өзеніне шомылуға апаратын.
Мені 6 жасымда жүзуге үйреткені әлі есімде. Мені суда жатқызып, басым судың
бетінде тұрсын деп иегімнен ұстайтын. Мен қол-аяғымды жыбырлатып жүзетінмін. 5-10
метр жүзгеннен кейін папам иегімді білдіртпей жіберіп қоятын. Мен оны сезбей жүзіп
келемін, бір сәтте папаның артта қалғанын аңғарып, шошып суға бататынмын. «Жаңа жақсы
жүзіп келдің ғой, неге батып кеттің? –Сен менің иегімді жіберіп қалғаныңды сезгенімде
қорқып қалғаным ғой»-деп жылайтынмын. Сонда ол маған менің қолымнан бәрі келетініне
сендіріп, «Қорықпа, мен әрдайым қасыңда боламын»-деп жұбататын. Әттең,папамның сол
сөздерін тағы бір рет естісем ғой! Папаммен өткізген кездерімді сағынып жүрмін.
Биыл Наурыз мерекесін апаларыммен бірге ата-анасыз бірінші рет қарсы алдық. Мен
мектепте оқып жүргенімде 22 наурызда
Ұлыс күні қазан тола
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар
-дегендей, менің әкем наурыздың 22 күні әрдайым қандай да ауа райы болмасын, киіз
үйлер тігілген қалашықтағы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің ауылына
апарып, наурыз-көжеден дәм татқызып, өзінің достарына таныстырып, оларға сәлем бергізіп,
кілең профессорлардың қолын ұстатқызып келетін. Папамның бұл сүйкімді қылығында
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
87
қаншама әкелік махаббат, педагогикалық және тәрбиелік мән бар десеңізші!
Мен папам туралы өз достарыма оның жазған кітаптары, мамаға арнап жазған өлең мен
театрлық пьеса, қызметі, өмірде жасаған жақсылықтары туралы айтудан шаршамаймын.
Ол О-дүниелік болып кеткеннен кейін апаларымызбен бірге Еркін көкенің қолдауымен
папаға арналған шаралар жасаудамыз. Оның баспадан шығаруға үлгермеген «Қайраткер
Қаратаев» атты кітабын шығартып, С.Бәйішев атындағы кітапханада көпшілік ғалым
адамдардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізгенде, бір сәтте кілең
кандидат-профессорлардың арасында папамның бейнесі жетіспейтіні ойыма түскенде,
жүрегім қатты тебіреніп кетті.
Папамның ғылыми ортада өзінің орнын тапқанда, әке мен ата болу қызығын нағыз енді
көретін кезінде арамыздан кетіп қалғаны мен үшін өте аянышты. Мен оның алдында қызы
ретінде борышымды әбден орындауға үлгермедім, ішімде әлі айтылмаған сырым бар, оған
деген махаббатымды көрсететіндей шара істеуге үлгермедім деп өкінемін.
Кеттің енді Сен де анамның қасына,
Бөлеп мені тағы көздің жасына
Өксігенде Сені іздеп Әкетайым,
Кім жұбатар мені зират басында?!
Амал қанша, Алланың ісіне көнуге тура келеді. Енді әкем Құрманбеков Беркін атына
лайықты қыз болу, әкемнің атын өшпестей қылу – менің өмірлік борышым.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
88
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ЕДІ ...
Сағымбаев Әділғали Әбдіғалиұлы
Қ. Жұбанов атындағы
Ақтөбе Мемлекеттік университетінің
«Дизайн» кафедрасының меңгерушісі
Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Сынап - сынды жылт-жылт етіп, сусыған ұшқыр уақыт-ай! Беркін ағаның бұл
«қамшының сабындай», «жалған дүниемен» қош айтысқанына да, алты айдың жүзі болған
екен.
Беркін ағамен танысып, білісуіміз 2006 жылдың наурыз айында Қ. Жұбанов
атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жаңа пайдалануға берілген оқу-
лабораториялық ғимаратының ашылу салтанаты кезінде басталған болатын.
Жаңа ғимаратқа қоныстанып, жаңа құрылған «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі
қызметінде жүргенімде, Беркін ағадан көп кеңестер алатынмын. Беркін аға кафедрасымен,
біздің кафедрамыз көрші болды. Жиі кездесеміз. Жаны жомарт, ішкі рухани тәртібі мығым
қалыптасқан ағамыз әрдайым жастарға көмегін еш аямайтын.
«Ақын адам өлмейді, жыры аманда», деп біртуар, өмірден ерте озған ақын Бауыржан
Үсенов жырлағандай, Беркін ағаның «тарихи жырлары» мұра етіп, өскелең ұрпаққа
қалдырған «Ідіріс Үргенішбаев», «Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс», «Дума депутаты
Алпысбай Қалменов», «Ойыл жәрмеңкесі», «Темір жәрмеңкесі», «Алтай батыр», «Нұрлы
жүзді Нұрпейіс», «Ырғыздың қилы тарихы» сияқты құнды-құнды еңбектері екені айқын.
Кеңес дәуірінің тарихымызды бұрмалап, «зіл қақпақпен жапқан» тарихи деректерді ашуда,
оны жария етуде Беркін аға өте көп еңбек сіңірді. Сол ежелден аталарымыз аңсаған
Тәуелсіздікке алғашқы қол жеткізген жылдарда, тыным таппай ізденіп, архивтерді қопарып,
тарих ақтаңдақтарынан «жоғалтқанымызды табуға» атсалысқандардың бірі, осы ағамыз
болды десем артық айтқаным болмас. Расында тарих қатпарларынан бір деректі табу үшін
қаншама (мынау озық технологиялық заманында да) қажырлы қайрат, жетік білім, жігер,
тапжылмас еңбек қажет екені сөзсіз. Жоғарыда айтылған қасиеттердің барлығы, сол кісінің
бойынан табылатын.
Ұлағатты ұстаз, танымал тарихшы-ғалым өзінің толағай еңбектерін қалдырып кетті.
Жақсы шәкірттер тәрбиелеп білім берді. Беркін ағаның «сегіз қырлы, бір сырлылығын»
айқындайтын тағы бір қыры - оның бойына біткен ақындық қыры туралы да тоқтап кеткім
келіп отыр. 2011 жылдың маусым айы болуы керек. Ағай өмірден мезгілсіз озған жан жары
Сәулеге арналған «Арнау» атты өлең жазғанын айтып бір бет қолжазбасын көрсетті:
«Аспанды бұлттай торлап сұр ала қаз,
Көмейден қаңқылдаған шығарып саз
Көңілді күңірентіп барасыңдар,
Күз келіп, сендерден де өтті ме жаз?!
Аққудың дауысындай қиқулаған,
Сәулешім, естіледі дауысың маған
Сыздатып жүрегімді тұр қайыңдар,
Тоқтамай көз жастары тамшылаған» – деп келетін өлең жолдары бар. Расында көңілді
күңірентетін, өлең жолдары адамға қатты әсер етеді екен.
«Мына өлеңге ән жаздырғым келіп жүр! Әділ қарап көрші,» деді. Тосыннан ұсынған
өлеңіне, сәл абыржып, тұрып қалғанымды байқады ма?! Қиналма, мен саған ән жазуға
қажетті материалдарды беремін,- деді. Кезекті демалыс кезінде, сол өлең жолдарына ән жазу
үшін, көп ізденістерде жүрдім. Жаңа оқу жылының басы! Беркін аға жаңа басылымнан
шыққан Сәуле жеңгейдің өмір жолдары туралы «Сәуле - ғұмыр» атты шағын кітабын берді.
Кітапты оқып шыққанан кейін, әннің бастапқы әуендері келе бастады. Әннің жобасы
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
89
бойынша, музыканы әрлейтін студияда ең алғашқы нұсқасы жасалды. Ән бірден Беркін
ағаның көңілінен шықты.Сөйтіп оған дауыс жазу, шынайы аспаптар қосу сияқты қарқынды
жұмыстар басталып кетті. Әнді орындайтын әншілер шақырылып, түрлі нұсқалары жасалды.
Әнді алғашқы рет Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, музыка факультетінің 3
курс студенттеріДәуітов Қайсар, Кереев Тоқтар және Сәрсенов Саламат сынды жас әншілер
орындады, ал екінші нұсқасын орындаған облысымызға танымал, талантты әнші сазгер
Аймұрат Мәжікбаев болды. Қазан айында басталған ән әрлеу жұмысы қараша айының
ортасында өз мәресіне жетті. Әннің орындалуын тыңдаған Беркін аға әрі мықты толқыды, әрі
өте риза болды. Әншілерге алғысын, рақметін жаудырды. Беркін аға асыл жарына өлеңмен
өрнектелген ескерткіш қалады! Мәңгілік ескерткіш!
2011 жыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл – мерекелі жыл болды.
Сол жылдың желтоқсан айының басында Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, Беркін аға
«Туған елім» атты патриоттық өлең жазып, маған тағы ұсынды. «Шабытым келіп мен тағы
бір өлең жаздым!» деді күліп. Мына өлең жолдары күні кеше шықты, әзірге нұсқасы. Қарап
көрші! Менің ойымша әнге келетін сияқты?! Түзетулер қажет болатын болса, тағы қарап
шығамын! Еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне тарту етіп біз де бір ән жазып көрейік!», деді.
Бірақ бұл абзал патриот азаматтың еліне деген соңғы жүрекжарды жыры екенін кім, білген?!
Қайран өмір-ай!
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
90
АРНАУ
(Сәулешіме)
Сөзі: Б. Құрманбековтікі
Әні: Ә. Сағымбаевтікі
Аспанды бұлттай торлап, сұр-ала қаз,
Көмейден қаңқылдаған, шығарып саз
Көңілді күңірентіп, барасыңдар,
Күз келіп, сендерден де өтті ме жаз?!
Қайырмасы:
Өмірде үмітім таусылмаған,
Самал жел сағынып, сені аңсаған
Қайталай беремін есіміңді,
Сәулешім, Сәулешім келші маған!
Ақ қаздар қара бұлтпен араласып,
Көктемді өздерімен ала қашып
Қоштасып мұңды әуенді маған тастап,
Әнеки барасыңдар таулар асып
Қайырмасы:
Аққудың дауысындай қиқулаған,
Сәулешім естіледі дауысың маған
Сыздатып жүрегімді тұр қайыңдар,
Тоқтамай көз жастары тамшылаған
Қайырмасы:
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
91
Достарыңызбен бөлісу: |