Адал азамат



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
73  
    
 
ӨНЕГЕЛІ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ 
 
Қаирова Бақыт Елубайқызы 
С.Бәйішев атындағы университеттің  
әлеуметтік – гуманитарлық пәндер  
кафедрасының меңгерушісі, 
философия ғылымдарының докторы, 
профессор 
 
Қадірлі жиналған қауым! 
Бүгін  біздің  ортамыздан  кеткен,  орыны  ойсырап  қалған  сәтті  басымыздан  кешіп, 
дүниеден өткен досымыз - әріптесіміз Беркін Жолмырзаұлының асында жиналып отырмыз. 
Орыны толмайтын қаза. Өкінішті. Кеше ғана жүрген әріптесімізді келмеске аттандырдық. 
Беркінді  мен  1999  жылдан  бері  Құдайберген  Жұбанов  атындағы  мемлекеттік 
Университеттің  кафедра  меңгерушісі  болып  тағайындалған  күннен  бастап  білемін.  Сол 
кафедрада  көп  жыл  қызмет  жасады.  Жұмыс  барысында  Беркінді  біз  жан  –  жағынан  жақсы 
білдік.  Оның  тек  қана  меңгеруші  ретіндегі  ұйымдастырушылық  қабілеттеріне  ғана  емес, 
сонымен бірге оның бойындағы адами қасиеттеріне таң қалдық. Сол кісінің өнегесін алдық, 
кафедраның  жақсы  қырынан  көрінуі  де    алдыңғы  шепте  болуы  да  әрине  басшыға 
байланысты екені белгілі сондықтан кафедра  жан – жақты қабілеті бар, жұмыс істей алатын 
ұжым ретінде өзінің деңгейін көрсете білді. Ол кафедраның ғылыми зерттеу жұмысына назар 
аударды, кафедраның ғылыми потенциалына, қарамағымыздағы оқытушыларға көңіл бөліп, 
әр  қайсысының  қабілетін  дұрыс  бағалай  білді.  Соның  бірі  мен,  өйткені  мені,  ол  кісі:  «Сен 
осы  доктарантураға  бар,  Бақыт  Елубаевна,  сен  сол  жұмысыңды  аяқта,  бұл  оқытушылық 
жұмысты  сосын  да  жасауға  болады»  деп  жіберген  еді.  Сол  Беркін  Жолмырзаұлы  осы  
докторлық диссертацимның аяқталуына мұрындық болды деп айта аламын.  
Қазір ортамыздан кеткеніне бір жағынан сенбеуге болмайды, екінші жағынан сенгің де 
келмейді.  Беркін Жолмырзаұлы үнемі жұмыс үстінде болды, ол кісінің әлі қолынан келетін 
жұмыстары  көп  еді,  ол  көп  жазды,  ізденісте  болды.  Өзінің  туған  өлкесіне  Ақтөбе  өңіріне 
деген  ықылас  ниеті,  жақсылық,  патриоттық  сезімдері  көптеген  еңбектердің  жарық  көруіне 
негіз  болды  деп  айтуға  да  болады,  жаңа  туындылар  монография  түрінде  басылып 
шығарылды.  Олар  үлкен  еңбек  сүйгіштің  ізденушілік  қабілеттің  көрінісі.  Беркін  осы 
ізденімпаз  қасиеттерімен  жастарды  да  баули  алды.  Ол  талай  кафедра  оқытушыларын 
кандидаттық диссертация жазуға ұмтылдыра білді, тәрбиеледі, өсірді, білгенін аямады. 
Бүгінде сол жігіттер өз ағаларына қызметін аямай, кешеден бері жүгіріп жүр. Оның бәрі 
Беркіннің  өзінен  көрген  өнегелері.  Мен  бұл  кафедрадан  кетсем  де  жүрегім  бірге.  Мен 
Беркіннің  жоқтығын  жоқтауға,  жастарды  демеуге,  олармен  бірге  қайғыруға  келдім,  бөлек 
ешқайда  кеткенім  жоқ,  менің  бүгін  кафедрамен  бірге  болуым  Беркін  Жолмырзаұлының 
жақсылығының  алдындағы  борышым.  Оның  азаматтығын,  достығын  айту,  талай 
қиындықтарды,  сындарды  бірге  өткерген  күндерімнің  мәнін  сақтау  деп  білемін.  Әр  адам 
«осылай  істеп  едік  жұмыстарды,  реттеуді,  мемлекеттік  тапсырыстарды,  мемлекеттік 
стандартқа сәйкес қандай талаптар қоюды, соның бәрін орындауға жетекшілік етіп еді» деп 
айта алады. Әрине оны кез – келген басшы істей алады, бірақ Беркін Жолмырзаұлы оны аса 
бір ерекше көңілмен істейтін еді. Ол кішіге қамқорлық, үлкенге ізет білдіре алды.  
Кафедра  оқытушыларының  үйінде  қандай  да  бір  жағдайлар  болмасын,  қуанышын 
болсын,  қайғысы  болсын  бәріне  Беркін  Жолмырзаұлы  басшылық  етті,  жетекшілік  етті. 
Ақылын  айтып,  тоқтау  айтты,  қолдау  көрсетті,  көрегендігін  білдірді.  Оның  бәрін  ұмытуға 
болмайды. Оның бәрін біз білеміз.  
Мен  бүгінгі  жағдайдағы  міндетім  балаларына  тоқтау,  жұбату  сөздерін  айту.  Біздің 
білетініміз,  Беркін  Жолмырзаұлы  өзінің  балаларын  өте  жақсы  көрді,  барлық  жағдайларын 
жасауға  тырысты,  әр  қайсысының  маңдайынан  сипады,  әр  қайсысының  жетістіктеріне 
қуанды, ол қуаныштарымен де кафедра отырыстарында бөлісіп, айтып отырды, риза болды. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
74  
    
 
Мен  Мәншүкті  де  білемін  –  ол  менің  студентім,  жақсы  бала,  әкесі  науқастанғанда, 
балаларының  барлығы  да  қолдарынан  келгенін  жасады.  Менің  ойымша,  соңғы  уақытта 
Беркіннің жанына батқаны, қасындағы құдай қосқан қосағы Сәкеңнің  өмірден ерте кеткені,  
соны ол уайымдады. Қандай да бір концерт, кештер бола қалса үнемі Сәулемен бірге келетін 
еді. Арқаны кеңге салып, әнін айтып, әзілін жеткізіп отырыстардың сәнін келтіріп жіберетін.  
Әйелінің  артынан  қолынан  қаламы  түспей  сүйіктісі  туралы  кітап  жазып  кетті.  Мүмкін 
асыққан  болар,  ол  жазған  кітаптарын  әр  уақытта:  «Мен  былай  жаздым»  деп  айтушы  еді. 
Иманды болсын, әкелеріңіз  өте жақсы адам болды, оның өнегесін алу керек, оның ісін ары 
қарай  жалғастыру керек. Ал біздің қолымыздан келері Беркін Жолмырзаұлын есімізде ұстау, 
жатқан  жері  жайлы  болсын,  берілген  ас  қабыл  болсын!  Балалары  бақытты  болсын,  тек 
жақсылықтарда, келесі бір тойларда кездесуге жазсын,  
Рахмет! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
75  
    
 
БАЛАЛЫҚ ШАҚ 
 
 Құрманбекова Мадина  
Беркіннің апасы, 
Бухгалтер 
 
Біздің  әкеміз  Жолмырза  «Қызыл  әскер»  колхозында  басқарма  қызметінде  жүрген 
уақытта  дүние  салды.  Бізді  анамыз  Бошай  «Ақмоншақ»,  әжеміз  Марқа,  жақсы  тәрбиемен 
өсіріп жеткізді.  
Колхозда  тұрған  шағымызда  сол  жерде  тау  болатын,  жазда  соның  басына  шығып, 
қыста  шанамен  сырғанаушы  едік.  Әкеміз  дүниеден  өткен  сон  Қарауылкелдіге  Майтүбек 
аулына  келіп орнықтық, сол жерде біздің балалық шағымыз өтті. 
Беркін кішкентай кезінен бастап оқуға – жазуға құштар болатын. Оқуға бармай жатып – 
ақ  біздермен  бірге  жазу  жазып  оқып  үйренді.Дәптерге  толтырып  әріптерді  салып,  оны 
көршіміз Қожағали деген үлкен ағай болатын, сол кісіге  көрсетіп, ағай оған «100» деген баға 
қойып  беретін.Ол  кезде  Қожағали  Жазыковтың  батыр  екенін  мен,  бауырым  екеуміз  білген 
жоқпыз. Оқып мектепке барған уақытта «ондай баға жоқ екен, маған өтірік айтты» – дейтін. 
Бірақ  ол  ағай  барлық  бағаларды  қоссақ,  «100»  болады  деп  сендіретін.  Бірінші    класта 
Бұлжетпес деген оқытушы оқытты. Ол кезде сиямен, қаламсаппен жазамыз. Егерде дәптеріне 
сия тамызып, бүлдіріп алса, оны қайта көшіретін. Мектепті өте жақсы оқып бітірді. Әртүрлі 
үйірмеге  қатынасты.  Он  жылдықты  «Комсомолдың  30  жылдығы»  атындағы  мектептен 
бітірді. Содан соң Каз ГУ-ге оқуға түсті.  Сонда анамыз «азамат» болды деп қатты қуанған, 
оны  да бітіріп шықты. Кейін сүйген жары Сәуле Советқызына үйленді. Одан бес бала сүйді. 
Екі немересі бар.  
Біздер ер жеткен соң әрқайсысымыз әр жаққа қоныс тептік.  
Мен Байғанин ауданы Ноғайты селосында тұрамын, екі балам, үш немерем бар. Өмірде 
болып жатқан барлық жағдайларға көнеміз ғой. 
Менің  балаларым  Беркінді  нағашы  демейтін,  «Көке»  деп  сыйлайтын,  балаларыммен, 
немерелеріммен    қалжыңдасып  ойнағанды    жақсы  көретін.  Бауырым  Беркін  өзінің  артына 
өшпес із қалдырып, бірнеше кітаптар жазды, жолдасы Сәулеге арнап ән жазып кетті. Әлі де 
талай әңгімесі ішінде кетті ғой деп ойлаймын. Ағасы Еркіннің  50 жас тойында сол жердегі 
адамдарды  таң  қалдырып,  «Сағындым  Алматымды»    әнін  орындап  берді.  Ол  жұмысында, 
ортасында сыйлы жігіт болатын. Беркін білімге құштарлықтан өзін – өзі таныта білді. 60 жас 
өмір  сүрсе  де,  артында  өшпестей  із  қалдырды.  Қаншама  шәкірт  тәрбиелеп  шығарды. 
Олардың да есінде болады. 
Балаларына білімін алып берді, бәрі жұмыста. Әттең өзі жоқ... 
Беркін  екеуміз,  біріміз  Ақтөбеде,  біріміз  Ноғайтыда  болсақ  та,  бір-бірімізге  қамқор 
болдық.  Мен  бауырым  Беркінмен,  балалық  кезімізден    бері,  басқа  бауырларыма  қарағанда 
екеуміз бір – бірімізге жақын болдық. 
Соңғы  көргенімде  екі  қолымды  жүрегіне  басып  жібермей  көп  отырдық.  Сол  соңғы 
көргенім екен, әттең білсемші, мен сенен айырылып қалам деп ойламаппын. 
Бауырдың орны толмайды ғой... 
Қош бол деп қала бердім... 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
76  
    
 
НЬЮ-ЙОРКТЕН … 
 
Құрманбекова Айгүл,  үлкен қызы. 
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 
ағылшын тілі пәнінің оқытушысы 
 
Барша  қауымға  алыстан  сәлем  беріп,  өмірімдегі  ең  қиын  жағдайда  менің  сүйікті 
сіңілілерімнің қасында бар екендеріңе басымды иемін.  
Өмір бойы, әкем мен анам, жетістіктерге жету жолында, қандай қиыншылық болсада, 
жолымнан калдырмай жіберетін еді. Осы кезде де солай болды. 
Кетерде,  әкемнің  құлағына  "Мен  келгенше  жазылып  кетесін,  мені  күт"  деп 
сыбырламай, айқайлап кетуім керек еді. Кім біледі сыбырлағаным жетпеді... 
Адамның  бір  ғұмырында  болатын  жақсылықтар  мен  қиыншылықтар,  бізде  соңғы  бір 
жылдын ішінде өтті. Анамыз бен әкеміз өмір бойы қол ұстасып бірге болып келді, қай жерде 
жүрседе  бір-бірін  іздеп,  бір-бірін  көруге  асығатын  еді.  Әкеміз,  анамыз  тірі  кезінде  айтып 
үлгермеген  сөздері  мен көрсете алмағанын, соңғы бір жылдын ішінде асығып іске асырды. 
Өздеріңіз  білетіндей,  жүрегіндегі  әдемі  сезімдерін  -  өлеңге,  ойларын-кітапқа  салып, 
анамыздың  сұлулығын  экслибрис  суретіне,  гобеленге,  мүсінге  атақты  суретшілерге 
салғызып, барша қауымға жеткізді.  
Әкеміздің өмірі анамызсыз мүмкін емес екенін енді түсіндім... 
Осы  сөздерді  жазып  отырғанымда,  мен  өзімді  сабырлы  және  мықты  екенімді  сезіп, 
ойландым - "Осындай өмірдегі ең қиын кезде маған күш қайрат қайдан пайда болады?".  
Күн  жарықта,  әке  мен  ана  тірі  кезде,  бәріміз  жиналып,  күліп,  ойнап,  әңгіме  айтып 
отырғанда, өзімізді басқа әлемде екенімізді сезінетінбіз. 
Сол әлем махаббатқа, өмірге деген сүйіспеншілікке толы болатын. Әкеміз бен анамыз 
бізді, өмірді, жакын адамдарды, тіпті жұмысында өздерінің үлкен жүрегімен сүйген еді.  
Үнемі  бізге,  өмірдің  жақсылықтарын  үйретіп  қана  қоймай,  қиыншылықтардың  жақсы 
жағында көрсете білді.  
Міне  бүгін  -  НЕГЕ?  НЕ  Үшін?  бізге  осы  қиындық  түсті  деп  мен  өзіме    сұрақ 
қойғанымда,  маған  әкем  мен  анам  -"Алдағы  өмірің  не  болады,  алдыңдағы  өміріңде  не 
істейсін? соны ойла" дер еді.  
Бұл әдемі әлемдегі әкем мен анамның махаббатының күші. Сіздердің, біздің әкеміз бен 
анамызды  қалай  және  каншалықты  жаксы  көретініңіз  бізге  белгілі.  Ал  олар  сіздерді-  яғни 
жақындар  мен  достарды,  үлкені  мен  кішісін  сыйлағанын,  сүйгенін,  жақсы  танып  білгенін, 
бізге әрдайым айтып отыратын.  
Мен, менің сіңілілерім, осы кезді пайдаланып, сіздерді жақсы біліп сыйлайтынымызды 
сізге жеткізгім келеді.  
Әкеміз анамызға арналған кітабында - Басты байлығымыз – балаларымыз, - деген еді, 
олардың өмірінің мәні мен сәні де - біз. Әкем мен анам бізге әдемі өмір сыйлады. Сол өмір 
жалғасуда, олар бізге, сізге істеген жақсылықтарын мәңгі ұмытпаймыз. Асыл бейнелері мен 
"Айналайын" деген сөздері жадымыздан кетпейді.   Олардың өмірлерін, өзіміздің өмірімізбен 
әдемі қылып жалғастырамыз.  
Айналайын, сіңілілерім, жүрегім мен ойым сендерде.  
Барша қауым көріскенше, аман сау болыңдар.  
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
77  
    
 
СОЛ КҮНДЕРДІ САҒЫНАМЫН 
 
Құрманбекова Айгүл Беркінқызы 
                              үлкен қызы, Ақтөбе гуманитарлық  
                                                         колледжінің ағылшын тілі оқытушысы 
 
Біреу көп өмір сүрсе де айналасына белгісіз болып қалады, ал біреу аз болса да халқына 
қалаулы,  еліне  елеулі,  өз  ортасында  беделді  әрі  көпшіл  келеді.  Болар  бала  жасынан 
жақсылыққа  жаны  жақын  болып,  жанындағыларға  шапағатын  тигізеді.  Өзі  үшін  емес, 
өзгелер  үшін  өмір  сүреді.  Қоғамның  жақсы  болып  қалыптасуына  осындай  тұлғалардың 
тамшыдай болса да ілтипаты себеп.  
Өміріндегі өзгерістердің тікедей байланысты болғандығы көп ой салатыны рас. Сол бір 
өткен кезеңдердің біздің және бізден кейінгі ұрпақтарға сабақ болып қалатыны ақиқат.  
Сондықтан әкем Беркін Жолмырзаұлының өмірі, ой-толғамдары мен атқарған қызметі, 
білім, ғылым саласына сіңірген еңбектерге толы болды. Әкеміз жайында ашық айтып беруді 
перзенттік парызым  деп  санаймын. Және  менің  жазғандарым  әкемнің  өмірінің  сәл  ғана  бір 
сәттеріне пара-пар болар. Сондай-ақ өткенге ой жүгірте отырып, әкешімнің істеріне артында 
қалған ұрпағына жеткізуді мақсат еттім. Мен әкемнің ішкі жан дүниесін толық аша алмасам 
да, бала мен әкенің арасындағы көзге көріне бермейтін нәзік сүйіспеншілік сезімді білдіргім 
келді.  Кейбір  тұстарында  мүмкін  артық  кетермін,  мүмкін  кемшім  түсермін,  бірақ  жүрек 
түпкірімнің түбіндегі сағынышымды осылайша басқым келді. Мен үшін әкемнен асқан адам, 
адал жан енді табылмас... 
Ата-баба  қасиеті  қонған  тектілікті  өзінен  кейінгілерге  дарыта  білді.  Оқыды  және 
өзгелерге  дәріс  берді.  Ат  жалын  тартып  ер  жеткен  шағында  бар  жақсылықты  өзі  сүйген 
еңбегінен  тапты.  Үнемі,  бізге  өскен  жері  туралы  айтып  отыратын,  кейін  ойларын 
«Майтүбек»  деген  поэмаға  (өлеңге)    салды.Әкеміз  ана  тілінің  дамуына  аса  назар  аударды, 
дегенімен  заманның  талабына  байланысты  орыс  тілінде  еркін  сөйлеп,  мақалаларды 
дажазатын,  сонымен  қатар  араб  тілінде  оқу  және  жазубілетін.  Қобдада  тұрғанда,  айсайын 
почтальон араб тілінде шығатын  «Шалқар»  газетін алып келетін еді. Ол газетті  үйде менің 
әжем  мен  әкем  оқитінеді.  Біздерді  білімді  болғанын,  өзі  секілді  бірнеше  тіл  білуін  тіледі. 
Заманына  сәйкес  орыс  тілін  жетік  меңгерсе  де  үйде  тек  қазақ  тілінде  ғана  сөйлеп,  қазақша 
дастан-жырларды  айтатын.  Әкемнің  ерекше  дауысы  болатын.  Ал  анам  болса  ақырын  ғана 
әуендетіп  дем  беріп  қоятын.  Әкемхалық  әндерін,  Абайдың  «Көзімнің  қарасын»  қара 
домбыраның  қағысына  қосып  айтқаны  ерекше  сезімге  бөлеуші  еді.  Ал  той-думанда,  үйге 
қонақ  келіп,  үй  көңілге  толы  болған  кезде,  әкем  өзінің  әдемі  дауысымен  «Сағындым 
Алматымды»  деген  әңді  шырқайды.  Сол  кезде  анам  екеуі  бір-біріне  қарап,  күлімдегенін 
көргенде,  олардың  Алматыдағы  сезімдеріне  сағынышын  байқауға  болатынеді.  Ол  ең  ғажап 
ұмытылмас  жастықшақ  кездер  деп  ойлаймын.  Әкеміздің  жан-жақтылығын  көріп  біздің 
өнерге деген талғамымыз өсіп, Қобда ауданында Айтбаев Айберген аға басқарған балаларға 
арналған  музыкалық  мектебінде,  мен  және  Марина  фортепиано  классында,  Ляйля  мен 
Мәншүк  домбыра  классында  оқып,  сольфеджио  және  хор  сабақтарына  қатыстық.  Қазіргі 
таңда  мен  Ақтөбеге  келген  концерттерді  жібермей  тамашалаймын.  Кішкентай  кезімнен 
есімде  қалғаны  келген  концерттік  ұжымдардың  бәріне  үнемі  анам  екеуі  жақсы  киініп, 
жарасымды  жұп  болып  баратын.  Соңғы  жылдары  үйдің  қасындағы  Ғазиза  Жубанова 
атындағы  филармонияға  концертті  тамашалауға  әкем  мен  анамды  жиі  алып  баратын  едім. 
Есімде  қалғаны  Қобда  ауданында  тұрғанымызда  біздің  үйден  үнемі  әнші-жыршылар, 
жазушы-ақындар және саяси қызметкерлер үзілмейтін. Әкем, олардың үйден дәм татқандары 
дұрыс деп отыратын. Сыртынан қарап тұрып әке-шешемізді  мақтан тұтатынбыз. Есейгенде 
білдік,  Қобда  ауданына  атақты  адамдардың  келетініне,  әкеміздің  тікелей  байланысы  бар 
екенін,  себебі  ол  ұйымдастырушы  болды.  Әлі  есімде,  елімізге  тәуелсіздік  енді  келіп 
жатқанда,  ауданда  ең  алғаш  рет  қазақтың  дәстүрлі  мейрамы  Наурызды  ел  болып  қарсы 
алғанбыз. Біз бала болып, қуанып, ойнап жүрдік. Дала сахнасында көрініс, ағаш үйлерде той-

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
78  
    
 
думан. Халық өлең айтып, билеп жүрсе менің әкем осының бәрін ұйымдастырып жүргенін, 
фотограф  суретке  түсіріп  алды.  Кейін  жұмысы  жоғары  нәтижеде  өткесін  шығар,  әкемді 
ауданның атынан облыстық Наурыз мейрамына бір топ адамдармен жіберді. 
Қасиетіңді қанша айтып жырласам да тауыса алмаймын.Бүгінде сол күндерді сағынам. 
Әсіресе,  жеке  қалғанда  көп  ойланам.  Әкеммен  болған  сәттер  қайта  бір  айналып  келсе  ғой. 
Әрине, өмір қайта оралмайтынын білемін. Әр перзент ата-анасын кие тұтады. Олар үшін әке-
шешесінің басқан жері мен тұтынған заттары, киген киімі және тұрған үйі ерекше қасиетті. 
Бүгін  асыл  мұра  болып  қалған  әкемнің  жазған  қолтаңбалары,  өлеңдері,  хаттары  бізге  өте 
ыстық.  Себебі,  әр  қағазын  оқып  отырғанда  әкемнің  жұмыс  жасап,  кітап  оқып,  анам  екеуі 
әңгімелесіп  отырғандары  көз  алдымда.  Бес  бөлмеде  анам  мен  әкемнің  күлкісі,  көңілді  бір 
отырыстары  есіме  оралады.  Әсіресе,  кешке  барлығымыз  кешкі  асқа  жиналып  бір-бірімізге 
жаңалықтарды  айтып  отырып,  әңгімелесетінбіз.  Бүгін  де  басымыз  біріге  қалса  әкемнің 
айтқан  сөздерін  айтамыз.  Сол  бір  сәттер  арқылы  ата-анамызды  еске  аламыз, 
сағынышымызды басамыз. Бауырлар бар болғанына не жетсін. Бізді дүниеге әкелген, өсірген 
әке-шешемізге  алғысымыз  шексіз,  тәубе  дейміз.  Қайда  болса  да  балалар  үшін  барлық 
жақсылықты  аямады.  Сыртымыздан  тілеуімізді  тілеп  жүрді.  Әлі  күнге  дейін  аруағымен  де 
қорғап келеді...  
Ата-ана  үшін  әр  баланың  орыны  бөлек.  Әкеміз  анамызға  арнаған  өз  кітабінда 
«Балаларымыз  -  басты  бақытымыз»  деген.  Әкем  мен  анам    бізге  ерекше  мән  беріп  өсірді. 
Өмірдегі  орнымызды  табуға  бағыт-бағдарын  да  аяған  емес.  Қалаған  мамандықтарды  оқып, 
меңгеріп өсуіне көңіл бөлді. Әркімнің өзіндік жолы болуын ойластырды. Тіпті сабағымызды 
қолы қалт етсе бірге дайындайтынбыз. Не істесе де жанын беріп атқаратын. Әдетте үлкендер 
балалардың  тірлігіне  араласпайды.  Біздің  әкеміз  болса,  керісінше  баламен  балаша  түсініп, 
соны  үлкендердің  деңгейіне  көтеруге  тырысатын.  Бізге  «осылай  жасайсың»  деп  үйреткен 
емес,  қандай  іс  болмасын,  бізге  «осыны  жасайсың  ғой»  деп  үлкен  сенім  артатын.    Біз 
шындықты  көріп  тұрсақ  оны  қорықпай  аянбай  әділін  айтуға  үйрендік.  Бізді  үлкен  өмірге 
қайрап салатын, өзі балажан нағыз қамқор әке еді. 
Әкемнен  қалған:  «өмірде  тек  өз  күшіңе  сен,  қиындықтарды  жеңе  біл!»  деген 
ұстанымдарын  ұстанып,  сіңілілеріме,  жастарға  мен  де  әкем  сияқты  халықтың  қалаулы 
азаматы ретінде іс-әрекеттеріммен, еңбегіммен үлгі болып келемін. Әкемнің өмірлік жасаған 
еңбектеріне зер салып, барлық мақсатыма өз күшіммен жетудемін. 
Соңғы  бес  жылдың  ішінде  мен  ағылшын  тілінен  терең  білім  алуды  мақсат  еткен 
балаларды Англияға, Америкаға алып баратын жетекші ретінде іс атқарудамын.  Бұл менің 
хобби  болса,  негізгі  жұмысым  Әлия  Молдагулова  атындағы  гуманитарлық  колледжде 
арнайы топтарға ағылшын тілінің оқытушысы болып қызмет жасаймын.  
Әкеміз Беркін мен шешеміз Сәуле мәпелеп өсірген бес қызы  қызметтерін жасап үлкен 
жетістіктерге жетуде.  Олар бар кезде біздің табыстарымызға қуаныштары қойнына сыймай 
қуанып,  үнемі  жүрек  тебіренісіне  бөленетін.  Әттен,  осы  жыл  қандай  қиын  болсада, 
қызметімізде жоғары нәтижелерге жеткенімізді көрсе ғой?! Барлығымыз жиналғанда Әмина 
мен  Аққұдашқа  әке-анамыздың  үлгілері  туралы  әңгіме  қозғап,  олардың  сол  жолымен 
тәрбиеленуін  қалайтынымызды  айтамыз.  Себебі  Әмина  мен  Құдайберген  олардың  көз 
қуаныштары болып жүрді. 
Менің    Анам  мен  Әкемнің  өмір  жастары  қысқалау  болғанымен  олар  немере  көріп 
дүниеден  өтті.Ақ  сүтімен  нәр  беріп  өмірге  алып  келген  анамыздың  біздерге  бергені  де, 
үйреткені  де,  көңілге  тоқығаны  да  көп  еді.  Ұрпақтарына  мейірім-шапағатымен  қарап,  ақ-
қараның  парқын,  ұят-намыстың  нарқын  ұғындырған  жандар.  Нендей  жағдай  болса  да 
жаймашуақ ақылға салып, жай сөзбен жеткізетін. Бір ауыз сөзбен айтсам Анам мен Әкемнің 
жүрген  жүрістері,  отырыстары,  тұрыстары,  адамдық  қарым-қатынасы,  даналық  сөздері  бір 
ұлағат тәлім тәрбие еді.  
Әрине  есейген,  заманға  сай  білім  алған,  жаңаша  өмір  сүріп  жүрген  балалардың  ата-
әжеміздің өмір сүрген уақыты, ортасы басқа ғой деп ойлауы мүмкін деп, оларға «Ескіні еске 
алмай, жаңа жарыққа шықпайды» деген мақалды естеріне саламыз. Ата-ананы сыйлау әрбір 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
79  
    
 
адамның борышы екенін айтып, бір ғұламаның «Алла тағала адамға екі тізе бергенде, біреуін 
ананың алдына, біреуін әке алдына ғана бүгу үшін берген екен» деген сөздерін ескертеміз.  
Әке туралы әрбір ісін өнеге етіп, әрбір сөзін тұмар етіп, көп жазуға болады.  
Күн өткен сайын әкемнің бейнесі алыстамай, керісінше жақындай түседі. Есімде қалған 
әкемнің  әрбір  қимыл-қозғалысы  қымбат,  әр  іс-әрекеті  үлгі-өнеге  болып,  ойымда  сақталып 
қалыпты.  Өмірімнің  әр  сәтін,  әр  қадамын,  әкемнің  ізгі  жолымен,  сондай-ақ  үлгісімен 
жасаймын. Соның бәрін бүгінгі күнмен таразылап, салыстырып көргенімде әкемнің бейнесі 
одан әрі биіктейді.  
Табиғатынан  қайсар,  өмірдің  сындарына  шыңдалып  өскен,  барлық  ұрпақтарын 
жетілдіріп  кеткен  асыл  жанның  өмірі  өзгелерге  үлгі  болсын  деймін.  Асыл  ойлы  Әкеміздің 
еске алу жыл садақасы қабыл болсын. 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
80  
    
 
«ӘКЕМ АНАМА ӘН АРНАДЫ» 
 
Құрманбекова Ляйля, қызы 
Ақтөбе қаласы ІІБ зауыт ПБ әкімшілік полиция бөлімшісінің  
кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі  
аға учаскелік полиция инспекторы  
полиция майоры  
 
Әкемді  көбіне  парасатты  ғылыми  қайраткер,  жазушы  ретінде  білсе,  тек  кейбіреулері 
оның  табиғи  сезімталдығымен  таныды.  Ол  домбырада  ойнағанда  және  өзінің  сүйікті  әні 
«Сағындым  Алматымды»  айтқанда  музыкаға  жақын  болып  кетеді.  Әкемде  тамаша  опера 
даусы болды, ән айтқан кезінде сезімге беріліп кететін. Оның дауыс ырғағынан музыканың 
әдемілігі мен сөздерінен суйсінушілік пен қуаныш есіп тұрады.  
Ал біз кішкентай кезімізде Қобда ауданында тұрғанымызда, әкеміз бізге өте қатал және 
үндемейтін  кісі  болып  көрінетін.  Мүмкін  мамандығы  өзінің  таңбасын  салған  болуы  керек. 
Сол кезде ол аудандық  партия комитетінде қызмет атқарды. Әкеміздің суық  көз-қарасынан 
біз  түгілі  сыныптастарымызбен,  достарымыз  да  қорқып  жүрді.  Олармен  өзі  әңгімелескен 
кездері  де  болды,  сол  уақытта  оның  қандай  мейірімді  және  көңілді  екенін  көріп,  түсінді. 
Әкеміз барлық үлкендермен және балалармен де тез тіл табыса білді. 
Музыкаға  деген  махаббатқа  әкеміз  бізді  де  үйретті.  Айгүл  мен  Марина  фортепиано 
класы  бойынша  музыка  мектебінде  оқыды.  Ал  мен  домбырада  ойнауды  ұйғардым.  Әлі 
есімде, бала кезімде әкем домбыра тартып болғанша тізесінде отыратынмын. Сол кезде осы 
аспапта  өзім  ойнап  отырғандай  сезім  болған.  Әкем  музыка  жайында  бәрін  білді,  тек  нота 
туралы білмеді. Маған шығармашылықтарды таңдай отыра, күйдің  шығу тарихы мен оның 
авторы туралы әңгімелеп айтып отыратын  еді. Кейіннен осы шығармаларды маған орындап 
беріп жүрді. Сол күйдің кейпін өзімнің тыңдаушыларыма жеткізуіме көмектесті.  
Әкемнің  күйді  нақты  ырғағына  келтіріп  ойнағанда  мен  таң  қалатынмын,  өйткені  ол 
нотаны оқымай, есту қабілетімен үйренген.  
Уақыт өте келе мені мектеп оркестрі құрамына алып, біз жиі облыс және аудандарды 
аралап  концерт  қоятынбыз.  Әкем  менің  жетістіктерім  туралы  мақтанып  өзінің  балдызы 
Ерназарға  сондай  мақтанышпен  айтып,  әңгімелеп  отыратын.  Марқұм  Ыбраев  Ерназар  сол 
уақытта  солтүстік  Қазақстан  облысы,  Совет  ауданы,  Арал-ағаш  селосындағы  музыка 
мектебінің  директоры  болған.Ол  асқан  шеберлікпен  тек  домбырада  ғана  емес,  ұлттық 
аспаптарда яғни, сыбызғы, қылқобыз, шаңқобыз, сырнай және сазсырнайда жақсы ойнаған. 
Ол  аздай  Ерназар  аға  аспаптарды  өзі  жасап  шығарады.  Ерназар  ағаның  өз  қолынан  маған 
жасап  берген  оркестрлік  домбырам  менің  сүйікті  аспабыма  айналып,  басқа  аспаптарға 
ұқсамай ерекше үн шығарды. 
Айтып кететіндей, әкеміз тек қана ән айтып, музыкамен әуестеніп қана қоймай, ол өзі 
ән  жазып  жүрді.Ол  біздің  анамызға,  яғни  сүйікті  зайыбын  еске  алып  «Сәулешім  келші 
маған»  әнін  арнады.  Оның  барлық  сезімдері  мен  барлық  жалғызсырау    күйініштері  осы 
әнмен жеткізіледі. 
Әкеміз  өзінің  шығармаларын  нотада  жаза  алмады,  бірақ  музыка  әуенінде  орындап 
жүріп, артынан музыкалық аспапқа салып өңдеп жүрді. Осы жұмысын аяқтамайынша әкеміз 
бірнеше  айлар  бойына  осы  әнмен  ауырып  жүретін.    Анамызың  жоқтығы,  оған  бүкіл  әлем 
олсыз  ашық  жарқын  бояуларын  және  мән-мағынасын  жоғалтқандай,  осының  бәрін  осы  ән 
арқылы тағы да жеткізгісі келді. 
Осы  әні  әкеміздің  тек  жалғыз  шығармасы  ғана  емес  екен.  Әкеміз    «Сәулешім  келші 
маған»  әніне,  ал  2011  жылдың  желтоқсан  айында  «Туған  елім»  өлеңіне  музыкасын  жазып 
беруді сұрағанын  Сағынбаев Әділден кейін естіп білдік. 
«Сәуле  ғұмыр»  атты  кітабында  әкем  бала  тәрбиесімен  біздің  анамыз  бен  әжеміздің 
айналысқандығы туралы жазған. Бірақ әкеміз бізге барлық жағынан үлгі болды. Бізге ұқыпты 
болуды,  берілген  тапсырмалар  мен  істерді  нақты  және  уақытылы  орындауды  әкеміздің  тек 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
81  
    
 
өзі үйретті. 
Бізге  оның  тек  адалдығы,  өнегелілігі,  ойды  дәл  жеткізуі  ғана  емес,  сонымен  қатар 
көркем  жазуы  да  бізге  берілген.  Адамның  жазуынан  мінез-құлқын  тануға  болады  деген 
нақыл сөз бекер айтылмаған. 
Ол  әр  кез  түсінігі  мол,  тиянақты,  жақсы  адам  болуға  ұмтылды.  Өзінің  ұлы 
Құдайбергенге  қарап,  оны  Аққұдаш  деп  еркелететін,кейде  мен  әкемнің  жауапкершілік, 
орындаушылық, әдептілік қасиеттерін ұлы Құдайбергеннің бойынан байқаймын. Тек біз ғана 
емес, оның балалары, немерелері де жақсы қасиеттерін бойларына сіңіріп өсті. 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет