Адал азамат



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
31  
    
 
СЫЙЛЫ  АЗАМАТ 
 
Сәдуақас Нұрбол Әбділләұлы 
Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының 
Қазақ  әдебиеті  кафедрасының  меңгерушісі, 
филология  ғылымдарының  кандидаты, доцент 
 
Мен Беркін ағамен алғаш рет мұғалімдердің облыстық тамыз мәслихатында  танысқан  
едім.  Жиналыс  жүріп  жатыр.  Қатар  отырып қалған  көрші   жігіт  баяндамашылар  мен  
жарыссөзге шығып сөйлеушілердің  айтқандарына  орай  өз  пікірін  қасында  отырған  маған  
бір-екі  ауыз  сөзбен  жеткізіп,  ара-арасында  «сен  қалай  ойлайсың?»  деп мені  де  сөзге  
тартып  отырды.  Айтқан  сөздері  ойлы  да  мағыналы, көңілге  қонымды  болған  соң  мен  
де  көңіл   қойып,  қысқа-қысқа  тіл  қатып,   әңгімеге   араласып  отырдым.  Ол  кезде   мен  
институтты  жаңа бітіріп,   ауыл  мектебінде  мұғалім  болып  жүргенмін.  Беркін  ағаның  
менен көп  үлкендігін,  оның  да  бір  аудан  орталығынан  келіп  отырғандығын  байқап, оқу-
тәрбие    мәселесі    жөніндегі    ортақ    тақырыпта  сөйлесе  келе  оның  орнықты    сөздері    мен  
білімділігі  мені  еріксіз  өзіне тартты. Менің  Байғанин  ауданынан   келгенімді  білгенде,   
Беркін  аға  елең  етіп:  «Өзімнің   бауырым   екенсің  ғой»  деп  ерекше  ықылас  көрсетіп,  
қасынан  тастамай  ертіп  жүрді. Үзіліс  кезінде  де  бірге  жүріп, бірге  тамақтанып,  танысып   
кеттік.   Бұл  біздің  таныстығымыздың басы  болды.  Кейіннен  әр  жерде  Беркін  ағамен  
кездесіп    қалып,    ескі  таныстай    сәлемдесіп,  амандық-саулық    сұрасып    тұратын    болдық.  
Беркін  ағамен    жақындау    танысып,  білісуім    кейіннен    екеуміздің    де    бір    жоғарғы    оқу 
орнында жұмыс жасауымызбен одан әрі жалғасын тапты. Әрине, екеуміздің   мамандығымыз   
екі    басқа:    ол    –    тарихшы,    мен    тіл    маманы  болсам  да,  екеуміздің    де    білім    беру  
саласындағы қызметіміз бір-бірімізді одан  әрі танып білуімізге ықпал еткен сияқты. Тағдыр  
жазып  Беркін  ағамен  бір  мекемеде  жұмыс  жасауым  осы  бір абзал  жанның  парасат  пен  
ізгілікке  толы  аяулы  бейнесін  жадымда мәңгілікке  қалдыруға  себеп  болды.  
Дана халқымызда: «Жаңбыр жауса жер ырысы, жақсы туса ел тынысы»  деген  ежелден  
келе  жатқан  жақсы  мақал  бар.  Осы  ретте  Беркін  ағаның  ғалым   тарихшы   ретіндегі   
еліне сіңірген еңбегін ерекше  атаған  жөн.  Кешегі  кеңестік  заманның  пәрменінен  именіп,  
том-том  тарихымыз  мұражай  сөрелерінде шаң  басып,  жарыққа  шықпай қалғаны   баршаға  
аян.  Тәуелсіз   елдің   таңы   атқан  кезеңде  халқымыздың ғасырлар бойы жүріп өткен шын 
тарихын, ешкімге жалтақтамай, қайта зерделеп, азат елдің  асқақ  бейнесін  ұрпақ  санасына  
сіңіретін    кез    келді.    Беркін    аға    да    осы    кезде  тарихымызды  зерттеуде  өнімді  жұмыс 
атқарып,  студенттерге  тарихымызды  оқытуда  жемісті  еңбек  ете  білді.  Егемендік    алған  
кезеңнен    бастап    еліміздің  тарихын      қайта    қарап,    заман    талабына    сай    қайта    жазу  
мәселесі    туындаса,      бұл      бағытта      ғалым      Беркін    Құрманбековтің    атқарған    істерінің  
салмағы  ерекше  деп  айтуға  болады.  Оның  ғылыми жиындардағы баяндамалары мен түрлі 
тақырыптардағы  мақалалары,  баспадан  шыққан  кітаптары  өз  ісінің  нағыз  білгір  маманы 
екендігін танытады.  
Қазақ әдебиетінде Н.Байғанин шығармашылығы туралы зерттеу  жазылса  да,  ақынның  
жеке  өмір жолы, оның ұрпақтары  туралы  терең  айтылмаған  болса,  бұл  олқылық Беркін 
ағаның ізденістері арқылы  жан-жақты  қарастырылды.  Ақтөбе  мемлекеттік педагогикалық 
институтында Қазақ әдебиеті кафедрасының  ұйымдастыруымен  2010  жылы  халық  ақыны,  
әйгілі  жыршы  Нұрпейіс  Байғаниннің  туғанына  150  жыл  толуына арналған   «Нұрпейіс   
Байғанин    шығармашылығы    және    қазіргі    әдебиеттану  мәселелері»  атты  республикалық   
ғылыми-тәжірибелік  конференция  өткізілген болатын. Сол  кезде  мен кафедра  меңгерушісі 
ретінде  ғылыми  жиынға  баяндама   жасауға   Беркін  ағаны   шақырдым.   Ол  «Нұрпейіс  
ақынның   ұрпақтары»  деген  тақырыпта  байыпты баяндама жасап, жиналғандар  құрметіне   
бөленген   еді. 
Беркін   Құрманбеков   нағыз   ұлтжанды,  елін,  жерін  сүйген  азамат еді.   Оның   бұл  
қасиетін  шығармашылығы  мен  түрлі  жиындарда  сөйлеген  түйінді  сөздерінен  байқауға  

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
32  
    
 
болады.  Бірде  Бекеңнің  тіл  мәселесі  жөніндегі  жиында  айтқан  сөздеріне  риза  болып,  
оның  өзімен осы  бағытта  біраз  ой  бөліскеніміз  бар-ды.  Ол  жұрт  құсап  негізсіз  құр 
байбалам    салмай,    өз    сөзін    салмақты    дәлелдерімен    жалғап,  «тілді  құрметтеу  –  ұлтты 
құрметтеу», «ниет болса, тілді  үйрену  қиын  емес»  деген ойларын  ортаға  салды. 
Беркін    Құрманбековтің    алғашқы    таныс    болған    кезден    басталған  маған    деген  
ықылас-ниеті  менің  де  осы  бір  азаматты  құрметтеп,  аға ретінде  сыйлап  жүруіме  ықпал  
еткен  секілді.  Беркін  ағаның  жаны-жәнатта,  топырағы  торқа  болсын,  оның  ұрпақтары  
әке  атына  лайық азамат  болып  өсе  берсін  деп  тілеймін. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
33  
    
 
ИГІ ІСТЕРІҢІЗ  − МӘҢГІЛІК ЕСТЕ 
 
Қаңтарбай Сембай Ергалиевич 
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық  
институтының профессоры, 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
 
Беркін Құрманбековпен Қобда ауданына іс-сапармен барғанда танысқанмын. Ол кезде 
Қобда ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі  болып қызмет жасайды екен. Жұмысымен таныса 
келе  өз  ісінің  қыр-сырын  жете  білетін,  жауапкершілікті  сезінетін  заман  талабына  сай 
қызметкер екендігін байқатты. 
Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта  даярлау институтында істеп 
жүргенде  де  облыс  мұғалімдерінің  шығармашылық  жұмыстарына  шынайы  талдау  жасауы 
Беркіннің ерекшелігін сездірді. 
Екінші  кездесуім  институтта  жұмыс  жасап  жүрген  кезіміз.  Сонда  бір  әңгімелесіп 
отырғанда  ғылыми  жұмыспен  айналысып  жүргенін  айтты.  Сонан  бірде  облыс  бойынша 
шығармашылықпен  жұмыс  жасап  жүрген  «мұғалімдердің  тақырыптарын  алайық, 
талдайықшы»,  -  деген.  Біраз  тақырыпты  жинап,  талдадық  көптегенінің  шығармашылыққа 
сәйкес келе ме, келмей ме деген мәселелерінің бетін аштық.  
Қ.  Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  университетінде  кафедра  менгерушісі 
қызметін  істеп  жүргенде  ұжым  мүшелерінің  жетістіктерін  жылы  жүзімен,  өзіне  тән  ұяң 
қоңыр дауысымен баршаға ризашылығымен сезіндіретін. Ұжымды заман ағымына бағыттай 
алатын,  оның  қыр-сырын  терең  білетін,  тұла  бойы  адамгершілікке  толы,  қазіргі  заманның 
сыйлы  кафедра  меңгерушісі  еді.  Мен  сол  университетте  істеп    жүргенімде  оның  үлкенді 
үлкенше,  кішіні  кішідей  құрметтейтін,адам  көңілін  қалдырмайтын,  мейірімділігімен 
ризашылыққа  бөлейтін  жан  екендігі  еріксіз  еске  түсе  береді.  Мәншүктей  қызы  арқылы 
кейінгі  ұрпақты  қалай  тәрбиелегенін  білуімізге  болады.  Біздердің  мекен-жайымыз  бір 
бағыттас  еді.  Сондықтан  институтқа  бірге  келетін  болдық.  Автобуста  жиі-жиі  кездесетін 
едік. Оқу орнына жеткенше сырласатынбыз, жол Беркінді жоқтап тұрғандай. 
Тарихшы  ретінде  Ақтөбе  облысының  тарихына,  оның  сан-алуан  салаларына  зерттей 
зейін  аударуы  қуанарлық  жай.  Беркіннің  авторлығымен  жарық  көрген  ″Ойыл  жәрмеңкесі″, 
″Нұрлы  жүзді  Нұрпейіс″  еңбектерін  оқи  отырып,  оның  еңбекқорлығы,  туған  еліне  деген 
патриоттық сезімі жанға қуат бергендей. 
«Адам  дүниеге  бала  болып  келеді,  бала  болып  кетеді»  -  дейді  ғой.  Бірақ  ол  Беркінге 
жазылмаған сияқты. Ол артында мол рухани байлық  қалдырды.  Оның Ойыл, Ырғыз, Темір 
туралы еңбектері керемет. Менің ойымша ол облыс туралы үлкен көлемді жинақталған еңбек 
шығаруды  ойлаған  болуы  керек.  Осы  ойды  сіздер  кафедра  қызметкерлері  жүзеге 
асырыңыздар.  Облыс  аудандарының  тарихына  зерттей  қалам  жүгіртуі  үлкен  істің  бастауы 
сияқты. Аяқталуын өзі  басқарған кафедра мүшелеріне аманат қалдырғандай. Беркін! Сіздің 
аудандар  тарихының  әр  түрлі  салаларын  зерттеуіңіз  жалғасын  табады  деген  ойдамын.Тағы 
бір ұсынысым жыл сайын осы мамандыққа түскен студенттерге кафедраны аралатып, Беркін 
сияқты үлгілі тұлғаларымызды экскурсия жасап таныстырсақ, тәрбие молайар еді, Беркіннің 
рухы риза болар еді деп ойлаймын. Беркіннің жаны жәннатта болсын. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
34  
    
 
ЖАРАСЫМДЫ ЖҰП ЕДІ 
 
Есекенов Марат Нұрмұханбетұлы 
жолдасы, досы, полиция полковнигі   
 
Арманда өткен  жасын ғұмыр дарындар, 
Даңқы бөлек, 
Нарқы бөлек нар ұлдар, 
Күй сыңсиды шанағында күндердің 
Қорым жақта қобыз мұңдас сарын бар... 
 
Көшкен сеңдей, ескен желдей болған өмір толқыны толассыз. Әр күннің жақсы аты мен 
жаманаты қатар өрбейтіні және ақиқат. Ажал-аждаһа ортамыздан Беркін мен Сәулені әкетіп, 
қатарымыз тағы да сиреді. Кешегі жүрген достар жайлы естеліктер ғана мәңгілік жадымызда 
сақталмақ.  Сонау  1981-1984  жылдары  Беркін  Жолмұрзаұлы  Қобда  аудандық  партия 
ұйымында  қызмет  істейтін.  Мен  сол  тұстары  аудандық  ішкі  істер  бөлімінде  аға  тергеуші 
қызметіндемін.  Сол  жылдары  біз  отбасымызбен  араласып,  талай  той-мерекелерді  бірге 
өткізуші  едік.  Бекеңмен  де,  Сәулемен  де  сөзіміз,  көңіл-күйіміз  жарасқан  жолдас  болып 
кеттік.  Марқұм  Сәуле  ханыммен  біздің  Рекең  (жолдасым)  мектепте  бірге  қызмет  жасады, 
сырлас құрбы болды. Бекеңнің анасы- Бошай Ақмоншақ өте жаны жайсаң адам еді, еркелеп 
талай  тіл  үйірер  көжесінің  дәмін  татқанбыз.  Балаларымыз  да  қатар  өсті,  бір  балабақшаға 
барды, бір мектепте оқыды. Бекең өте бір ақжарқын ашық кісі еді, әдемі әзілдерімен ортаның 
сәнін келтіріп, шырайын шығарып отыратын, екінің бірі біле бермейтін мақал-мәтелдерді де, 
адамның өзіне сай келетін теңеулердіде орынды жерде, дөп айтушы еді. Жиын –тойда әдемі 
даусымен  ән  салғаны  қандай  десеңізші!  Біздің  балаларымыздың  тойында  «Бақыт 
құшағында» әнін тамылжыта орындағаны әлі есімде. 
Енді осындай абзал азаматтың жары Сәуле ханым да әйелдің сұлтаны деуге лайық еді-
ау. Ол үнемі аяулы жарының қас-қабағына қарап, ерінің емеурінен ішкі жан-дүниесін сезетін 
сезімтал,  парасатты  жан  болатын.  Кейін  біз  қызмет  бабымен  Жем  (Эмба)  қаласына  қоныс 
аудардық.  Араға  біраз  жыл  салып  Ақтөбе  қаласына    көшіп  келдік.  Бұл  кезде  Беркін 
Жолмұрзаұлы  Құдайберген  Жұбанов  атындағы  университетте  қызметте.  Мен  облыстық 
қаржы  полиция  бастығының  орынбасары  қызметіне  келдім.  Міне,  сөйтіп  отбасылық 
жолдастығымыз  қайта  жалғасты.  Бірде  Қобда  өңірінде  бір  жүрген  жолдастар  болып  біздің 
үйде  бас  қосқанымызда,  Бекең  «Нұрлы  жүзді  Нұрпейіс»  атты  кітабын  «Мәке,  мына 
шығармамды Сізге ұсынамын, ал мына гүл Рекеңе деп бір шоқ ақ хризантема гүлін» сыйға 
тартып  еді.  Кейін  білсем,  хризантеманың  қазақша  аудармасы  –  бақытгүл  екен.  Бұның  бәрі 
Бекең мен Сәуленің біздің отбасымызға деген ақ тілегінен туындаған ықыласы болатын. 
Әттең,  сол  жарқын  кездердің  куәсі  қимас  достарымыздан  ерте  көз  жазып  қалдық. 
«Қозы  менен  Баяндай,  бір  молада  өлсем-ау»  дегізетіндей  екеуінің  бір  –біріне  деген  ақ 
сезімдерінен  болар,  жан  жарының  соңынан  көп  ұзамай  Бекең  де  мәңгілік  мекеніне  жол 
тартып кетті. Аяулы достарымыздың жандары жәннатта  болғай. 
   Орнында бар оңалар деген, өнегелі отбасынан шыққан, ұлағатты ұстаз ата-анасының 
тәлім-тәрбиесін  көрген  қыздарымыз  қазір  жүрген    орталарына  сыйлы,  абыройлы 
қызметтерде. Біз соған шүкіршілік етеміз.  
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
35  
    
 
ӨМІР КӨРГЕН ҮЛГІЛІ АЗАМАТ  
 
Утарбаев Совет Игісінұлы 
Қ. Жұбанов атындағы 
Ақтөбе мемлекеттік университеті доценті, 
                 Ы. Алтынсарин атындағы медаль иегері  
 
Нағашы  інім  Беркінмен  бұрын  көрмеген,  кездеспегенмен  Алматыда  КазГУ-дің  бас 
ғимараты алдында анамның туған інісі Жолмырза (Беркіннің әкесі) туралы естеліктерін еске 
түсіріп  таңқаларлықтай  жағдайда  таныстым.  Әңгімеміз  қызық  және  қуанышты  жағдайда 
болды.  Беркін  КазГУ-дің  тарих  факультетіне  өте  жақсы  бағамен  емтихан  тапсырып, 
қуанышта  тұр  екен,  мен  КазГУ-дің  механика-математика  факультетін  бітіріп  Ақтөбе 
педагогика институтына жолдама алып тұрған (1969 ж.) кезім еді. 
Беркіннің  отбасымен  кейінірек,  ол  Қ.Жұбанов  атындағы  мемлекеттік  университетке 
жұмысқа ауысқаннан кейін толық отбастарымызбен таныстық.  
Беркіннің облыс өлкетарихы туралы жазған еңбектерінің тарихи мазмұндылығы, ресми 
құжаттарына  сүйене  көркем  жазылғандығы  оның  тек  тарихшы  болып  қоймай,  жазушылық 
дарындылығын байқатады. 
Үлкен  Нағашымның  кенжесі  Беркіннің  және  жұбайы  Сәуленің  ой  өрістері  кең, 
әңгімелесу  мәдениеттері  үлгі  боларлық,  қарым-қатынастары  үйлесімдіктері,  өздерін 
ұстаулары,  отбасындағы  қазақи  тәрбиелері,  қонақтарын  қабылдаудағы  ықыластары, 
ниеттерінің  шынайылықтары  үлкен  нағашым  мен  Бошай  апайдың  және  Сәуленің  ата-
анасының тәрбиелеулерінің қандай мазмұнды деңгейде болғаның көрсетеді. 
Университеттегі  жұмысында  Беркіннің  принциптілігі,  турашылығы,  өзімен  қызметтес 
азаматтарға  қамқорлығы  оны  университет  кафедра  меңгерушілері  арасында  «үздік  кафедра 
меңгерушісі» атына бөледі. 
Біз Беркінге жиен боламыз. Беркін мен Сәуле осы тумалығымызды жақсы сезінетін.  
Қыздары  да  ата-анасының  тәрбиесіне  сәйкес  тәрбиелі,  жоғары  білімді,  еліне  қызмет 
жасауда, өздерінің коллективтерінде сыйлы азаматтар қатарында. 
Елге  берері  әліде  көп  тарихшы  ініміздің,  жұбайы  Сәуленің  өмірден  ерте  кеткендері 
қатты қиналтады. Ел азаматтары қатарында жүрген қыздарына, отбасы тума-туысқандарына 
береке берсін деймін.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
36  
    
 
В ПАМЯТЬ О НАСТАВНИКЕ И СТАРШЕМ БРАТЕ 
 
Ботагариев Тулеген Амиржанович                 
доктор педагогических наук, профессор 
начальник учебно-методического управления   
Актюбинского государственного педагогического института                   
 
Беркина Жолмурзиновича я знал с 1999 года,  когда пришел работать в Актюбинский 
государственный университет им.К. Жубанова. Надо признаться и думаю, что каждый вновь 
прибывший на место работы работник в период адаптации старается найти людей, которые 
ему  помогли  бы  этот  период  успешно  пройти.  Одним  из  таких  людей  в  моей  жизни  был 
Беркин  Жолмурзинович.  В  нем  подкупала  его  уверенная,  несколько  размашистая  походка, 
которую нельзя было ни с кем спутать.  
Мы  часто  с  ним  встречались  на  заседаниях  ректоратов    и  ученых  советов  в  качестве 
заведующих кафедр. Беркин Жолмурзинович смело мог выступить на всех собраниях, имел 
собственное  мнение  по  каждому  вопросу.  При  всем  при  этом  он  всегда  говорил  спокойно, 
уверенно.  Это  свидетельствовало  о  его  глубоких  знаниях,  стойкости  характера,  большом 
жизненном опыте. Видимо эти его черты потянули меня к нему, в начале, как к человеку, к 
которому  можно  обратиться  за  профессиональным  советом.  Когда  я  заходил  к  нему  на 
кафедру,  то  всякий  раз  он  мне  показывал  результаты  деятельности  сотрудников.  На  дворе 
стоял  2003  год  и  в  то  время  электронные  учебники,  видеофильмы  были  на  начальных 
стадиях разработки. Беркин Жолмурзинович уже в то время активно занимался разработкой 
такой продукции для методического обеспечения дисциплин, которые он преподавал. Позже 
я узнал, что он активно пишет книги о родном крае.  
Беркин  Жолмурзинович  был  скромным  человеком,  никогда  не  выпячивался,  не 
кичился. На мой взгляд, он тоже приглядывался к окружающим людям и пытался передать 
свой опыт, знания тем, кого он считал, что это им нужно.  Потому, что как ученый, педагог, 
считаю,  что  уважающий  себя  профессионал  выражает  себя  через  передачу  своих  знаний 
другим. Часто у него в кабинете он неумышленно старался высказать свои соображения по 
тому или иному вопросу, так как нас, педагогов высшей школы, волновали чаще одни и те 
же проблемы.  
Анализируя  в  своей  памяти  его  профессиональный  путь,  думаю,  что  все,  что  он  не 
делал, было направлено на соответствие его внутренней духовной культуры статусу педагога 
высшей школы. Он преподавал так называемые общеобразовательные дисциплины, которые 
закладывают фундамент мировозренческого отношения человека к жизни. Считаю, что в нем 
сочеталась та гармония духовного, человечного, профессионального, которая позволяла ему 
быть востребованным для студентов в качестве преподавателя, для своих коллег в качестве 
педагога с большой буквы. Хотя он меня не считал своим учеником, но постепенно я начал 
понимать, что некоторые  позитивные вещи я у него перенимал. Это его профессиональное 
отношение  к  работе,  его  самообладание.  Думаю,  что  наставника  могут  и  назначить,  но  во 
взрослом  возрасте  мы  можем  сами  их  себе  выбирать  и  считать  их  таковыми.  Поэтому  я 
считаю  его  своим  жизненным  наставником,  старшим  братом.  После  того,  как  мы  с  апреля 
2004  года  стали  работать  в  разных  учебных  заведениях  (он  в  своем  университете,  я  в 
педагогическом институте), то мы стали встречаться уже реже. Но вышеотмеченное мною о 
его  востребованности  доказывалось  приглашением  его  на  мероприятия,  связанные  с  его 
профессиональной  деятельностью  (пропаганда  посланий  Президента  и  т.п.).  Свою 
востребованность  он  завоевывал  своим  авторитетом  не  только  среди  своих 
непосредственных  сослуживцев,  но  и  по  всей  области  и  в  Республике  Казахстан.  В 
последние  годы  им  написаны  несколько  книг  об  Актюбинской  области.  Как  отмечал 
Мукагали  Мукатаев,  каждая  личность  должна  отдавать  себе  отчет,  что  она  сделала  для 
своего народа, своей семьи, общества.   
Считаю,  что  Беркин  Жолмурзинович  прожил  достойную  жизнь  и  память  о  нем 
сохранится в наших сердцах! 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
37  
    
 
ҰСТАЗ­ҒАЛЫМ БЕРКІН ҚҰРМАНБЕКОВ 
 
Сағынаев Аманжан Төремұратұлы 
 химия ғылымдарыныңдокторы,профессор 
Атырау қаласы 
 
Мен, 1985 жылы Атыраудан Ақтөбе қаласына қоныс аудардым. Ақтөбе педагогикалық 
институтына  жұмысқа  тұрдым.  Ақтөбе  медицина  институтының  доценті  Жұмабаев 
Жангерей    деген  ағам  бар  еді,  сол  үйге  барып  анасы  Тойжан  апаммен,  Мәнсия  жеңгеймен 
амандасып  тұратынмын.  Бір  күні  Жәкең  Қобдаға  барып  қайтайық    деп  ұсыныс  айтты. 
Қобдада Мәнсия жеңгеміздің інісі Беркін тұрады, аудандық оқу бөлімін басқарады екен. Сол 
жерде  Беркінмен  және  Сәулемен  таныстым,  қонақ  болдым.  Беркін  қонақжай  адам    екен, 
жолдастарын  шақырып,  әңгімелесіп,пікірлесіп,біраз  ән  салып  жақсы  дем  алдық.  Тарихты, 
әсіресе  Қазақстан  тарихын  өте  жақсы  білетіндігін  әңгіме  барысында  байқадым.  Беркін  де, 
Сәуле де С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген 
екен.  Беркін  бір  мектепте  дәріс  береді,  әрі  аудандық  оқу  бөлімін  басқарады  екен.  Қолында 
анасы  бар,  бес  қызын  тәрбиелеп  отырған  ұлағатты  отбасы  екен.  Міне,осылайша  ұстаздар 
отбасымен  танысып,  үлкен  ғибрат  алып  қайтқан  едім.  Кейіннен  Жангерей  ағаның  үйінде 
Беркіндермен, ағасы Еркінмен, жеңгесі Зоямен бірнеше рет кездестік. Ерекеңнің де, Бәкеңнің 
де отбасында талай бас қостық. Беркін екеуміз құрдаспыз, ол 1952 жылдың қаңтар айында, 
мен  қазан  айында  туылғанбыз,әңгімеміз  жарасып,дос  болып  кеттік.  Әңгімені 
эмоциямен,қызуланып,көзін  бақырайтып  қойып  айтатын.  Құрдастар  –  Беркін  Құрманбеков, 
Төретай  Қоразов,  Бақтығали  Шапиев,  Көшкінбай  Ахметов,  Ахмет  Мырзағалиев  және  мен 
отбасымызбен  араласып,жақсы  қатынаста  болдық.  Беркін  біздің  старостамыз  болатын. 
Қ.Жұбанов  атындағы  университетке  орналасып,ғылыми  ізденістер  жүргізді.  Ресей 
қалаларындағы  мұрағаттарды  ақтарып,  патшалық  Ресейге  қарсы    ұлт-азаттық  көтерілістер 
туралы материалдар жинады. Көп кешікпей кандидаттық диссертациясын абыроймен қорғап 
шықты.  Бұл  Беркіннің    еңбекқорлығын,  табандылығын  көрсетті.  Беркін  өзінің  ұстаздық 
тәжірибесін,  білімін  университет  қабырғасында  студенттерге  беруге  жалықпайтын. 
Студенттер  Беркін  Жолмырзаұлының  дәрістерінен  қалмай,  ұйып  тыңдайтын  еді.  Кафедра 
меңгерушісі қызметін де абыроймен атқарды. Бірнеше рет марапатталды да. 
Мен Бекеңнің рухына бас иемін... 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
38  
    
 
АҚЫЛШЫ АҒА 
 
Тулемисов Болат Төлемісұлы 
Қазақвзрыв пром АҚ  бас  механигі 
 
Беркін  ағамен  мен  Тулемисов  Болат  Төлемісұлы  1986  жылы,қыркүйек  айында 
таныстым.  Ол  кезде  мен  29жаста  едім.Ақтөбе  облыстық  партия  комитетінің  нұсқауы 
бойынша, мен Қобда ауданының халыққа тұрмыс-қажетін өтеу комбинатына директор болып 
тағайындалдым.  Қобдаға  барғаннан  кейін  ең  алғашқы  танысқан  ағаларымыздың  бірі,  сол 
Беркін  Жолмырзаұлы  Құрманбеков  еді  –  ол  аудандық  партия  комитетінің  идеология 
бөлімінің  меңгерушісі  болып  қызмет  істеп  жүрген  кезі  болатын.  Сол  кезден  бастап  Беркін 
ағам- маған қамқоршы, ақылшы ағаларымның бірі бола білді, екеуміз рулас болып шықтық, 
іле  шала  жанұясымен  таныстырып,  үй  ішімен  -  жеңгеміз  Сәуле,  әжеміз  Бошай, 
қарындастарым  Айгүл,  Ляйля,  Мәншүк,  Марина,  Гүлдариямен  тығыз  қарым-қатынаста 
болдық. 
Мен  Беркін  ағамды  азамат  ретінде  де,  үлкен  шығармашылық  тұлға  ретінде,  керемет 
ұстаз деңгейіне жетуі үлкен адамгершілік қасиетіне байланысты деп білемін. 
Адам  ретінде  достыққа,жолдастыққа  адал,өсек-аяңнан  аулақ,  біреуді  қызғану,  көре 
алмау деген табиғатында жоқ азамат еді. 
Жоғарыдағы  1986  жылға  оралсақ  аудандық  партия  комитеті  Беркін  ағайды,  мен 
басқарған  мекемеге  куратор  етіп  тағайындады.  Осы  жылдан  бастап  ағаның  ақыл-кеңестері, 
маған  директорлық  қызметте  көп  көмек  болды,  адаммен  қалай  қарым-қатынаста  болу, 
жұмыста қандай ақпараттарды ойда сақтау керектігін үйретті. 
Ауданда  ауыл  шаруашылығы  қызметкерлерінің  мерекесі  өткізілетін  дәстүр  бар  еді. 
Оны көбінесе «Терісаққан» деген табиғаты жақсы жерде өткізетін. Осы мерекені Беркін ағай 
ұйымдастыратын.  Біз  тұрмыстық  қамту,сауда-саттық,  қызмет  етуді  жүзеге  асыратынбыз. 
Осы мерекені ұйымдастыруда Беркін ағай ойын-сауыққа,демалыс шараларына қазақи дәстүр, 
ұлттық  мазмұн,  бағыт  бергізетін.  Бұл  Қобда  сияқты  орыстанған  аудан  үшін  үлкен  жұмыс, 
батылдық болатын. 
Әр бейсенбі сайын аудан бойынша «Малшылар күні» өтетін еді, Райкомнан біз Беркін 
ағай  екеуміз  барлық  шаруашылықтарда,  фермаларда  график  бойынша  болатынбыз.  Ол  кісі 
шаруаларға елде, шет елдерде, қандай өзгеріс, жаңалықтар болып жатқанын баяндап берсе, 
біздің  мекеме  тұрмыстық  қамту  қызметін  көрсететін.  Еңбек  адамына  қызмет  ету  басты 
міндет болатын. Оны біз абыроймен атқардық. 
Беркін  ағаның  адамды    жан-жақты,  әңгімесімен,  мінезімен  үйіріп  алып  кететін 
қасиеттері таң қалдыратын. Бірде аудандық партия ұйымының жиналысы болып жатырған. 
Ауданның  бірінші  хатшысы  Луценко  Петр  Константинович  өз  қарамағындағы  адамдарды  
жерден  алып  жерге  салып  ұрысып  тұрған,  екінші,үшінші  хатшылар,  бөлім  меңгерушілері, 
мекеме бастықтары, аудандық исполком мүшелері- ешкім үн қатпай, төмен қарап отырғанда 
Беркін ағама ырза болғаным, бірінші хатшыны жай бір сөзбен сабасына түсірген еді.  
Сол жылдары жаудай жұмыстың кезеңінде уақыт тауып шығармашылық жұмыстарды 
жүргізіп  жүрді.  Қобда  ауданы  тарихына  байланысты  зерттеу,  іздеу  жұмыстарымен 
айналысты,  газеттерге  мақалалар  жазды.  Өзінің  тарихшы  мамандығын  естен  шығармады, 
қат-қабат жұмыс арасында өзінің сүйікті  ісіне көңіл бөлумен болды. Бізге де ылғи ел, жер, 
аудан  тарихынан,  атақты  адамдары  туралы,  қазақ  тілі,  мәдениеті,әдет-ғұрып,салт-дәстүрі 
туралы  айтып,  оны  өмірге  енгізіп  отырды,  сөйтіп,  Қобдаға  қазақшылықты  енгізді.  Қобда 
ауданы Батырлар  елі.  Ұлы Отан  соғысы кезінде ауданнан көп Кеңес Одағының Батырлары 
шықты.  Аты  әйгілі  Әлия  Молдағұлова,  А.Жанзақов,  Білтабанов  т.б.ардақталды.  Сөйтіп, 
Қобдадан  7  Кеңес  Одағының  батыры  шықты  деп  жүрсек,  бірде  Беркін  ағай  терең  зерттеу, 
архивтік  деректермен  дәлелдеп  Қобдалық  сегізінші  Кеңес  Одағының  батыры  Кошелев 
Михаил Трофимовичті тапты. Бұл үлкен жаңалық болатын. 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
39  
    
 
Беркін  ағаның  әркімде  бола  бермейтін  өзіне  тән  мінездеріне  таң  қалатынмын  өте 
сабырлы, мәдениетті, қай кездеде көңіл-күйі ашық, салмақты  қалпынан жаңылмайтын адам 
еді. Беркін ағамен Сәуле жеңгеміздің жанұясы өте бір жарқын мейірімділікпен сыйластықтан 
құрастырылған  секілді  көрінетін.  Сәуле  жеңгемізбен  –  Беркін  ағаның  бір  -  біріне  деген 
құрметін,  ынтызарлығын  көріп,  бір-біріне  лайық,  нағыз  жарасымды  жұп  екенін  көріп 
көңіліміз  толатын.  Бұл  кісілер  тек  қана  өз  отбасындағы  адамдарға  ғана  емес  айналаларына 
күн сәулесіндей шуақ шашып бәрімізді баулап алатын. Үлкен басымен біздің отбасымызды 
әр мейрам сайын телефон соғып құттықтап тұратын. Балаларымызды өздерінің балаларынан 
кем  көрмейтін.  Содан  шығар,  Астанада  ЕНУда  оқып  жүрген  баламыз  Барақсұлтанда 
қызымыз  Әсемгүлде  Беркін  ағаның  өмірден  озғанын  естігенде  қатты  күйзелді.  Олардың 
ойынша  мұндай  асқар  тау  ағалар  мәңгі  жасау  керек  сияқты.  Беркін  ағамен,  Сәуле 
жеңгеміздің  соңында  қалған  балаларына  әкесі  мен  анасының  аты-  рухани  паспорты  болып 
қалады деп ойлаймын, олар әке-шешесін мақтаныш ете алады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет