Адам анатомиясы


орналасқан мүшелердің атымен аталады. Со-



Pdf көрінісі
бет37/177
Дата06.10.2023
өлшемі11,6 Mb.
#113293
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   177
орналасқан мүшелердің атымен аталады. Со-
нымен катар, іш қуысындагы мүшелердің
куыска қараған беті, қозғалыс кезіндегі үйке-
лесті жеңілдету үшін сірлі қабықпен немесе
ішастармен, 
peritoneum,
жабылған.
Іш куысының арткы қабырғасында орна­
ласкан мүшелер көпшілік жағдайда даму ке-
зінде, ішастардың астынан кұрсақ қуысына
қарай ығысып, ішастарды өзімен бірге тар-
тып: жалғамаларды, 
ligamentum;
катпарлар-
ды, 
plicae;
 шұнкырларды, 
fossae;
 шажырқай-
ларды, 
mesenterium et mesocolon',
үлкен жэне
кіші шарбырларды, 
omentum majus et minus;
қаптарды, 
bursa;
 және т.б. ішастардың туын-
дыларын құрайды. Ішастардың әрбір туын-
дылары, ішастарды жекелеп талдаған кезде
толық баяндалады (ішастарды қараңыз).
Асқазан.
Асқазан немесе қарын, 
ventriculusseugaster,
өңеш пен он екі елі ішектің аралығында қал-
татәрізді кеңейген ас қорыту жүйесінің ірі
тұлгалы мүшесі болып саналады. Асқазанда
өңеш арқылы келген тамақ одан әрі асқазан
сөлінін құрамындағы ферменттер, белоктар,
майлар арқылы араластырылып, тамақ бот-
қасына айналады (№35 суретті қараңыз).
Асқазанның құрылысы.
Асқазанның алға және жоғары қарай ба-
ғытталған алдыңғы қабырғасы, 
paries anterior;
және артқы қабырғасы
paries posterior
 ажы-
ратылады. Сонымен қатар, асқазанның ал-
дыңғы және артқы қабырғасының түйіскен
жерінде жоғары және оң жаққа қарай ба-


Esophagus (pars abdominalis)
Pars superior duodeni
Curvatura ventriculi minor 
Pylorus 
Decussatio
Pars cardiaca 
Lig.gastrophrenicum
Curvatura ventriculi major
Incisura angularis
Tunica muscularis 
duodeni
Corpus
Incisura
cardiaca
Paries anterior
/
Pars descendens duodeni
Decussatio peritoneum et omentum majus
Antrum pyloricum
Tunica muscularis ventriculi 
pylorica Tunica serosa
35-сурет. А сқазан , о н екі елі іш ек (а сқ аза н н ы ң алды ң ғы қабы рғасы )
ғытталған асқазанның кіші иіні
curvatura
ventriculi minor;
төмен және сол жакқа қарай 
иіліп, ұзындау келген асқазанның үлкен иіні, 
curvatura ventriculi major,
ажыратылады.
Т оп ограф иялы қ орн аласуы н а қарай: 
өңештің асқазанға ашылатын жері кардиалді 
бөлігі, 
pars cardiaca
; кардиалді бөлігінің сол 
жағында дөңестеу о р н ал асқ ан асқазан
күмбезі, 
fundus seu fornix ventriculi;
денесі, 
corpus ventriculi,
томен және оң жакқа қарай 
бағытталып жіңішкелеу келген (қақпалық) 
пилорикалық бөлігі, 
pars pylorica,
ажыраты­
лады. Пилорикалық бөлігі: кіреберіс немесе 
қақпалық үңгірге, 
antrum pyloricum,
және пи-
лорикалық бөліктің өзегіне, 
canalis pyloricum,
бөлінеді. П илорикалық боліктің он екі елі 
ішек пен шектескен жерінде дөңгелек қақпа, 
pylorus,
орналасқан. Ол, асқазан мен он екі елі 
ішектің аралык шекарасы болып саналады.
Асқазанның сыртқы пішіні, өлшемі адам- 
ның дене бітіміне, ішкен тамақтын мөлшер- 
іне байланы сты өзгермелі келеді. Ересек 
адамдарда орташа тойып ішкен асқазаннын 
ұзындығы 24-26 см, асқазанның үлкен иіні 
мен кіші иінінің аралық қашықтығы 10-12 
см, алдыңғы қабырғасы мен артқы қабырға- 
сының артқы кашыктығы 18-20 см тең.


1. Ventriculus
2. Duodenum
3. XII os costale
1. А сқазан
2. О н екі елі іш ек
3. X II қаб ы р ға сүйегі
36-сурет. А сқазан н ы ң скелетоп и ясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет