Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру
Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіндіру Сәлемдесу, түгендеу
Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу.Компьютер мен теледидар суреттерін теріс қаратып партаның үстіне жайып қоямын ,оқушылар әрқайсысы келіп бір суреттен алады сол сурет бойынша топқа бөлемін. 1-топ «Компьютер» , 2-топ «Теледидар»
Алдыңғы білім
(Ж)«Миға шабуыл» әдісі көмегімен жаңа тақырыпқа көшу. Ол үшін оқушыларға ақпарат тақырыбына байланысты алдын ала дайындалған суреттер көрсетіледі және суреттің артында сұрақтар жазылған сол бойынша суретті түсіндіреді және сұраққа жауап береді.Бұл әдіс оқушылардың ойлау қабілетін дамытады және зейінін аударады,байқағыштығын дамытады.
Ақпарат дегеніміз не? (Ақпарат-сақтау , түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер)
Ақпараттың қандай түрлерін білесіндер? (дыбыстық,мәтіндік,сандық,графикалық,видео)
Ақпараттық үдеріс сөзін қалай түсіндіресін? (Ақпараттық үдерістер – бұл ақпаратты іздеумен, жинаумен, сақтаумен, өңдеумен, кодтаумен және қайта жіберумен байланысты үдеріс)
Ақпарат өлшем бірліктерін ата?( Бит,байт, Кбайт, Мбайт,Гбайт)
Екілік код деген не?(Ақпараттарды 0 және 1 символдарынан тұратын кодтар арқылы өрнектеу ыңғайлы екен. Осы символдардың көмегiмен әрiптердi, цифрларды, +, -, :, ? және тағы да басқа арнаулы таңбаларды кодтауға болады. Кодтаудың мұндай түрi екiлiк код деп аталады)
Адам ақпаратты қалай және кандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?(құлақ-есту,көз-көру, мұрын-иіскеу,ауыз-дәм сезу,қол арқылы –сипап сезу)
Дескриптор:
1. Оқушылар сұрақтарға жауап береді;
Анықтамасын айтады.
Суреттер мен сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.
|
1.Мұғаліммен амандасады.2.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
|
марапаттау
смайликтер арқылы бағалау.Жауап берген оқушыға жауап бергеніне байланысты смайликтер тартылады.
|
Электронды кесте
Электронды тақта
|