Адам денесінің шамамен үштен екі бөлігі, судан тұратындығы белгілі. Сонымен бірге, ми жасушаларының 85%-ы, адам сүйегінің 25%-ы судан тұрады. Адам баласы қорексіз 5-7 апта өмір сүре алады



бет4/5
Дата18.05.2023
өлшемі53,89 Kb.
#94627
1   2   3   4   5
Байланысты:
№16

Су көздері


Әрине, ең жақсысы — таза бұлақ суы. Ол бәрінен пайдалы. Мұндай су болмаған жағдайда, адамдар суды құбырдан, ал кейбірі үй сүзгіштерінен өткізіп, енді біреулер пластик ыдыстарға құйылған суды ішеді. Құбырдан алынған суда, организм үшін зиянды хлор және басқа да өнеркәсіптік тазалау кезіндегі жұғынды болады[26]. Оған қоса, бөтелкедегі су бактериялардың болмауына әрдайым кепілдік бермейді[27]. Пластик бөтелкелерге құйылып сатылатын суда, поливинил хлорид және бисфенол секілді уытты қоспалар болуы мүмкін [28]. Олар су азық-түлік дүкендерінің сөрелерінде сақтаулы тұрған кезде жиналады.
Сондықтан, суды өзіңіз сүзгіден өткізіп, аз уақыт қана сақтағаныңыз жөн.
Және де оны пластик емес, шыны ыдыста сақтаған абзал. Үйге қойылатын сүзгі құрылғылар, дүкендерде контейнерлерімен бірге сатылады, әрі бағасы да онша қымбат емес.
Қайсысын таңдау керек? Ең оңтайлысы сілтілік сүзгілер. Олар судың қышқылдығын азайтады, бұл денсаулыққа пайдалы. [29]. Су мен басқа сұйықтықтардың қышқылдық немесе сілтілік қасиеттері, рН латын әріптерімен белгіленетін химиялық тест көмегімен анықталады. 0-ден 14-ке дейінгі шкала бойынша белгіленген рН-нің 7,0 көрсеткіші бейтарап болып саналады. 7,0- ден төменнің бәрі қышқылдықты, 7-ден жоғарғысы сілтілігін көрсетеді.
Адам қанының рН денгейі тұрақты түрде 7,4 болады, яғни ол әлсіз сілтілік қасиетке ие [30]. Өкінішке қарай, адамдардың көбінің қанында, несеппен бірге шайылып кететін қышқылдар көп жиналады. Мұндай ахуалдар, организмнің уыттарды сыртқа шығару қабілетін нашарлатады. Денсаулықтағы көптеген кінәраттар, организмнің ішкі ортасының шамадан тыс қышқылдылығына байланысты деп есептеледі [31]. Бұл созылмалы шаршау, бұлшық еттегі ауырсынулар, сондай-ақ атеросклероз, қатерлі ісік, анемия, аутоиммундық аурулар секілді, әлгіден гөрі ауыр сырқаттар және басқа да созылмалы кеселдер тудыруы мүмкін[31, 47].
Көбісі су көзі ретінде тағамдарды қарастырмай жатады. Ал шынында, тағаммен бірге организмге күніне шамамен жарты литр су қабылдайды [49]. Мысалы, алманың 80 пайызы судан тұрады, ал қызанақ пен қарбыздағы су мөлшері — 90 пайыз. Нанда және ұннан даярланған басқа өнімдерде су аз. Көкөніс пен жемістерде дәрумендермен қатар, организм үшін аса пайдалы жасұнық (клетчатка) болады. Жасұнық уыттардың сыртқа шығуына көмектеседі және холестерин деңгейін төмендетеді[50, 51].Су сүт және қышқыл сүт өнімдерінде, сорпаларда және басқа да тағамдарда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет