Суды қаншамөлшердеішукерек
Көріп отырғанымыздай, таза судың пайдасы айқын. Ендігі жерде оны қандай мөлшерде ішу керектігін түсіну керек. Төмендегі кестеде Профилактикалық медицина академиясының жынысы мен жасына байланысты күніне қанша су ішу керектігі жайында ұсыныстары беріліп отыр.
Жыныстық-жас топтары
|
Күніне қажет су мөлшері – литрде
|
Сәбилер – балалар
|
7 – 12 айлық
|
0,8
|
1 -3 жас
|
1,3
|
4 – 8 жас
|
1,7
|
ЖАСӨМПІРІМДЕР – ЕРЕСЕК ЕР АДАМДАР
|
9 – 13 жас
|
2,4
|
14 – 18 жас
|
3,3
|
19 жас және одан жоғары
|
3,7
|
ЖАСӨМПІРІМДЕР – ЕРЕСЕК ӘЙЕЛДЕР
|
9 – 13 жас
|
2,1
|
14 – 18 жас
|
2,3
|
19 жас және одан жоғары
|
2,7
|
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР
|
3
|
БАЛА ЕМІЗЕТІНДЕР
|
3,8
|
Орта есеппен күніне бір жарым-екі литр сүзілген, газдалмаған таза су ішу ұсынылады. Алайда, бұл мөлшер құбылмалы. Мәселен, дене салмағы 55 кг әйел адамның суды күніне бір жарым литрге дейін, ал салмағы 100 кг болатын ер адамның үш литрге дейін ішкені жөн. Әрине, ішілетін судың мөлшері климатқа, еңбек жағдайына және өмір салтына да байланысты. Ыстық климат жағдайында, термен бірге шығатын судың орнын толтыру үшін суды мол ішкен абзал. Сондай-ақ спортпен шүғылданғанда немесе дене еңбегімен айналысқанда да, суды көбірек ішу керек.
Қажетті су мөлшерін мүмкіндігінше, күні бойы теңдей бөліп ішіп, ұйықтар алдында шектеген жөн. Шөлдеу сезімін күтпеңіз, ол судың жетіспей жатқандығының белгісі. Түскі не кешкі ас кезінде бөлме температурасындағы бір стакан су ішу жеткілікті.NutriSteppe қосымшасы ішкен судың мөлшерін тіркеуге мүмкіндік береді.
Шай мен кофеге келетін болсақ, бұларды шамалап ішкен дұрыс — күніне екі кесеге дейін. Гарвард университетінде жүргізілген ғылыми зерттеулер, шектеулі мөлшердегі кофеиннің Паркинсон және Альцгеймер сырқаттарының алдын алуға, сондай-ақ 2-типтідиабеттің, кейбір жүрек ауруларының және тоқ ішек қатерлі ісігі қаупін азайтуға көмектесетіндігін көрсетті[32, 33]. Алайда мұның бәрі, кофені шамадан артық ішпеген жағдайда ғана пайдалы. Кофеге тым қатты әуестену, керісінше, зиянды болуы мүмкін.
Шайдың құрамында қан жасушалары үшін маңызды, темірдің сіңірілуін бұзатын заттар – таниндер болады[34]. Бұл әсіресе, жас әйелдерде анемияны туындатуы мүмкін. Сондықтан, терлеп-тепшіп жиі шай ішудің, әсіресе тәттілер косып ішудің орнына, бір стакан таза су ішкен әлдеқайда пайдалы. Су сізді жасартып, қуат береді және көңіл
күйіңізді де көтереді.
Неге екені белгісіз, кейбіреулер шайды тым ыстық етіп, кейде қайнап тұрған күйінде ішкенді жақсы көреді. Бұл дұрыс емес, өйткені ыстық шай ауыз қуысының, кеңірдек пен өңештің шырышты қабатын күйдіруі мүмкін. Егер үнемі, күніне бірнеше рет, осылай қайталанса, зардабы ауыр болуы ықтимал, тіпті өңештің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін[52]. Ыстық шайды қолыңызға құйып көріңізші, әрине, қатты күйіп қалуыңыз мүмкін. Күніне осылай бірнеше рет жасайтын болсаңыз не болатынын көз алдыңызға елестетіп көріңіз.
Шайды жылы күйінде ішкен жөн, сонда оның дәмін жақсы сезуге болады. Бұл сусынның отаны — Қытайда шайды жылылай ішеді, ыстық күйде емес. Айтпақшы, бұл кофеге де қатысты, оны жылылай ішсеңіз, хош иісін жақсы сезінесіз.
Достарыңызбен бөлісу: |