Ультракүлгін микроскопиясы. Ол жарықтық микроскопияның бір түрі. Ультракүлгін микроскобында толқын ұзындығы шамамен 0,2 мкм болатын неғұрлым қысқа ультрокүлгін сәулелері қолданылады. Мұнда айқындағыштық ара қашықтығы 0,1 мкм жуық. Ультрокүлгін микроскобы қалыптастыратын көзге көрінбейтін бейнені микроскоптың арнайы бөлшектері (люминесцентті экран, оптикалық – электронды өзгерткіш) арқылы өзгертіп көруге болады.
Флюоресцентциялық микроскопия.Оның флюоресцентция құбылысына бір қатар заттардың атомдары мен молекулалары қысқа толқынды сәулелерді жұтып, қозған күйге айналуы жатады. Қозған күйден қайта қалыпты жағдайға ауысуы жарық көзін түсіру кезінде жүреді. Флюоресцентті микроскопта флюоресценцияның қозуы үшін жарық көзі ретінде сынап немесе ксенон шамдарын қолданады. Қозған күйінен қалыпты жағдайына кері қайтқанда, ультракүлгін сәулені жұтқан заттар толқын ұзындығы бастапқыдан да жоғары шашады. Тірі организмнің кез-келген жасушасының өзіндік флюоресценциясы болады. Мұндай біріншілік немесе өздік деп аталатын флюоресценция өте әлсіз. Екіншілік флюоресценция препараттарды арнайы бояғыштар - флюорхромдармен өңдегенде пайда болады. Мысалы, препараттарды өңдегенде акридинді флюорхром жиі қолданады. Бұл жағдайда ДНҚ және оның қосындыларының түсі ашық жасыл, ал РНҚ мен оның түзінділері - ашық қызыл түсті болады. Сонымен, сәулеленудің спектрлік құрамы объекттің ішкі құрылысы және оның химиялық құрамы туралы мәлімет береді.
Фазалық – контрасттық микроскопия. Бұл әдіс микроскопиялаудың қарапайым әдісі кезінде көрінбейтін мөлдір ж әне түссіз объектілердің контрасты бейнелерін көруге көмектеседі. Жарықтық микроскопта препаратты зерттеу үшін құрылымның қажетті контрасттылығы бояу арқылы орындалады. Зерттелетін боялмаған құрылымдардың контрасттылығын конденсорда салынған арнайы сақина тәрізді диафрагма арқасында фазалық - контрасттық әдіс қамтамасыз етеді. Контрастың артуы сындырушы көрсеткіштері бойынша ажырататын барлық құрылымдарды көруге мүмкіндік береді.
Фазалық - контрасттық микроскоп түрінің бірі – интерференциялық микроскоптажарықтандырғыштан шыққан жарық шоғыры екі ағынға бөлінеді: біріншісі объект арқалы өтіп, тербеліс фазасын өзгертеді, ал екіншісі-объекттен тыс, фазасын өзгертпей өтеді. Олар объективтің призмаларында бір шоғырға бірігіп, өзара интерференцияға ұшырайды. Нәтижесінде, окуляр жазығында қалыңдығы, тығыздығы және контрасттық дәрежесі әр түрлі объект бөліктерінің бейнесі қалыптасады.