Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Есту және тепе-теңдік сақтау мүшелері. Жалпы морфо- функциональдық сипаттамасы. Сыртқы және ортаңғы құлақ



бет18/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

50.Есту және тепе-теңдік сақтау мүшелері. Жалпы морфо- функциональдық сипаттамасы. Сыртқы және ортаңғы құлақ құрылысы.
Адамның есту және тепе – теңдікті сақтау мүшелері – күрделі аппарат. Олардың атқаратын қызметтері: ауа толқынын, дыбыстарды қабылдау және денені кеңістікте тепе теңдікте ұстау.
Гравитация мен дыбысты қабылдау механорецепцияға жатады. Механо- рецепция арқылы организм қан тамырындағы сұйықтың қысымын, еттердің жиырылуын, буындардың қозғалысын, жердің гравитациясын, вибрацияны және әр түрлі дыбыс- тарды қабылдайды. Механорецеп- торлар функциясын күрделі нерв ұштары атқарады.
Анотомиялық ерекшелігі бойын- ша есту және тепе – теңдік сақтау жүйесі сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ болып үшке бөлінеді. Ал физиологиялық ерекшелігі бой- ынша, онда екі жүйе болады: дыбысты өткізуші және дыбысты қабылдаушы.
Дыбысты өткізуші жүйеге сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтың кейбір элементтері жатады. Дыбысты қабылдаушы жүйеге ішкі құлақ немесе лабиринт жатады. Бұл бөлімде өте күрделі және маңызды акустикалық, вестибулярлық анализатордың рецепторлары орналасады.
Есту және тепе – теңдікті сақтау мүшесі мимен есту және вестибулярлы нервтермен байланысқан. Бұл нервтердің талшықтары спиральді және вестибулярлы түйіндердің нейроциттерінің өсінділері.
Есту және тепе-теңдікті сақтау мүшесі құлақ. Ол үшке бөлінеді.
Сыртқы құлаққа - құлақ қалқаны, сыртқы есту жолы, дабыл жарғағы жатады.
Құлақ қалқаны терімен қапталған эластикалық шеміршектен түзілген. Терінің көпқабатты жазық эпителий бетінде май безі өзектері орналасқан. Сыртқы есту жолының ішкі қабырғасы шеміршек тінінен түзіл- ген.
Дабыл жарғағы сопақша, аздап иілген болып келеді. Балғашық- тан дабыл жарғағына қарай қан тамырлары мен нервтер өтеді. Дабыл жарғағы коллогенді талшықтардан және фиброблас- тан түзілген екі қабаттан тұрады.
Ортаңғы құлақ. Ол дабыл қуысынан және есту сүйекше- лерінен тұрады. Дабыл қуысы бір қабатты жазық эпителимен астарланған. Оның медиалды бетінде екі тесіктері бар. Бірінде үзеңгінің негізі орналасса, ал екіншісі талшықты мембранамен қапталған.
51. Есту және тепе-теңдікті сақтау мүшелері. Ішкі құлақ. Жарғақты лабиринттің ұлулық бөлімі Спиральді мүшенің құрылысы. Жарғақты лабринттің вестибулярлы бөлімі:балғашық, қапшық, иілмелі өзек. Оның рецепторлық бөлімі: дақтар мен ампулярлы тарақшалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет