Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет16/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Макрофаг жүйесі туралы түсінік
Бұл жүйеге тіндік сұйықтықтан бөгде заттарды, өлген жасушаларды, жасуша
емес құрылымдарды, бактериялар мен т.б. жұту қасиеті бар барлық жасушалар жиынтығы жатады.
Макрофаг жүйесін екіге бөледі:

  1. бос макрофагтар - өкпе макрофагі, қабыну макрофагі, болбыр талшықты дәнекер тіні макрофагі.

  2. Бекiтiлген макрофаг- сүйек тіні макрофагі, көк бауыр, лимфа түйіні, ішкі эпидермальді, плацента макрофагі, орталық нерв жүйесінің макрофагі (микроглия).

Тіндік базофильдер цитоплазмасында спецификалық түйіршіктер болады. Бұл жасушалар дәнекер тінінің жергілікті гомеостазын реттейді. Адамдарда тіндік базофильдер болбыр дәнекер тінінің қабаты бар түгел жерлерде кездеседі. Олар әсіресе асқазан, ішектер қабырғаларында, жатырда, сүт безінде, тимуста, миндалиналарда көп кездеседі. Тіндік базофильдердің пішіндері әр түрлі. Ядролары домалақ не сопақша болып келедіде, онда хроматин тығыз орналасады. Құрылысындағы ерекшелігі - цитоплазмасында ірі базофильді түйіршіктердің болуында. Цитоплазмасының көп бөлігі құрамында гепарин мен гистамині бар метахроматин бояуын сіңіретін түйіршіктерден тұрады. Базальді жасушалардың органеллалары нашар дамыған.
Тіндік базофильдер өздерінің гранулаларын жоғалтуы мүмкін. Бұл процесс кезінде гепарин бөлінеді. Гепарин қан ұюының төмендеуіне қатысады және қабынуға қарсы әсерін тигізеді. Гистамин секрециясы кезінде, керісінше жасуша қабығының бүтіндігі және гранулалар сақталады. Бұл заттардың бөлінуі жасуша аралық заттардың өзгеруіне әкеледі. Гистамин гепариннің антагонисі ретінде қатысады.
Плазмациттер - В-лимфоциттерiнен түзiлiп, гуморальді иммунитет реакциясына қатысады және токсиндерге, микроорганизмдер мен бөгде белоктарға қарсы антидене түзедi. Жасуша формасы домалақ не сопақша. Цитоплазмасы – базофильді, түйіршікті эндоплазмалық торы жақсы дамыған, жасуша орталығы, Гольджи кешені бар.
Плазмоциттерге антидене секрециясы мен синтездің жоғарғы жылдамдығы тән. Жақсы дамыған секреторлық аппарат секундына иммуноглобулиндердің бірнеше мың молекулоларын синтездеуге және секреттеуге мүмкіндік береді.
Адипоциттер – майдың жиналу көзі. Олар трофикалық, энергия түзу, тіндегі су метаболизмі қызметтерін атқарады. Адипоциттер қан тамырлары бойында топтасып жиналып, май тіндерін құрайды.
Дараланып орналасқан май жасушаларының пішіні - шар тәрізді. Жетілген май жасушасында нейтралды майдың бір тамшысы болады, цитоплазмада бұданда басқа липидтер: холестерин, фосфолипидтер, бос май қышқылдары кездеседі. Гистопрепараттарда липидтер Судан ІІІ боялып қызыл сары немесе осминмен боялып қара түс береді.
Адвентициалды жасушалар - аз маманданған жасушалар. Олар жалпақ не ұршық тәрізді болады, цитоплазмасы әлсіз базофильді, ядросы сопақша және органеллалары аз. Түрлену процесі барысында бұл жасушалар фибробластарға, миофибробластарға және адипоциттерге айналады.
Перициттер гемокапиллярларды қоршап, оның қабырғасы құрамына енеді.
Пигментоциттердің цитоплазмасында меланин пигменті бар. Олар қара және сары нәсілді адамдардың дәнекер тіндерінде көп болады. Пигментоциттердің өсінділері қысқа және тұрақсыз. Меланоциттерді орналасуына байланысты дәнекер тінініе жатқызады, бірақ ол мезенхимадан емес, нейроэктодерманың ганглиозды пластинкасынан дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет