Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет64/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
Коммитирлену – бұл детерминация салдарынан дамудың мүмкін жолдарын шектеу. Коммитирлену сатылы түрде іске асырылады. Алдымен сәйкес геномның қайта түзілуі, айналуы оның үлкен участоктарында (үлескілерінде) жүреді. Одан соң барлығы барынша нақтыланады, сондықтан басында көбірек жасушаның ортақ жалпы қасиеттері, ал кейіннен неғұрлым жеке қасиеттері детерминацияланады.
Гаструляция сатысында эмбриондық бастамалардың пайда болатыны белгілі жайт. Олардың құрамына кіретін жасушалар әлі де толығымен детерминацияланбаған, сол себепті бір бастамадан түрлі қасиеттерге ие жасушалық жиынтықтар туындайды. Сәйкесінше, бір эмбриондық бастама бірнеше тіндердің даму көзі бола алады.
21. Тіндердің эволюциясы мен заңдылықтары. Тіндердің жіктелуі. Жаңарып отыратын лабилді және тұрақты жасушалар популяциясының физиологиялық регенерациясы, реперативтік регенерациясы.
ТІНДЕР ЭВОЛЮЦИЯСЫ ТЕОРИЯСЫ
Біртекті жасушалық топтар потенциясын бірізділікпен өтетін сатылы детерминациялау және коммитирлеу — дивергентті процесс. Филогенез және онтогенез барысында тіндердің дивергентті дамуының эволюциялық концепциясының жалпы нұсқасын Н.Г.Хлопин ұсынған болатын. Қазіргі генетикалық концепциялар ғалым мәліметтерінің дұрыстығын дәлелдейді. Н.Г.Хлопин генетикалық тін типтері туралы түсінікті енгізген. Хлопин концепциясы тіндердің дамуы мен қалыптасуының қалай және қандай жолдармен жүргені жайындағы сұрақтардың дұрыс шешімін тауып береді. Дегенмен, даму жолдарын анықтайтын себептерге тоқталынбаған.
Тіндердің даму себептерінің аспектілерін А.А.Заварзиннің параллелизм (параллельдік қатар) теориясы ашып көрсетеді. Ол тіпті бір-бірімен өте алыс эволюциял1ық топтарға жататын жануарлардың өзінде бірдей қызмет атқаратын тіндердің құрылысының ұқсас келетініне назар аударған. Сонымен бірге эволюциялық тармақтар жаңа ғана айырылған тұстағы ортақ тектерде мұндай мамандандырылған тіндердің әлі де болмағаны белгілі. Сәйкесінше эволюция барысында филогенездік әр түрлі тармақтарда өздігінен, параллельді түрде ұқсас қызмет атқаратын бірдей тіндер қалыптасқан. Мұның себебі табиғи сұрыпталу болып табылады, яғни егер жасушалары, тіндері мен мүшелері құрылысының және қызметінің сәйкестігі бұзылған организмдер пайда болса, онда олардың тіршілік қабілеттіліктері неғұрлым төмен болушы еді. Заварзин теориясы тіндер эволюциясы казуалды аспектілерін ашып көрсететін тіндердің дамуының неге басқа жол емес сол жолмен жүргендігі жайындағы сұрақтарға оңтайлы жауап тауып береді.
А.А.Заварзин мен Н.Г.Хлопин концепцияларының екі жаққа тәуелсіз, байланыссыз жасалғанына қарамастан бір-бірін толықтыра түседі. Бұл концепцияларды А.А.Браун мен В.П.Михайлов біріктіріп, ұқсас тіндік құрылымдар дивергенттік даму барысында паралельді пайда болған деген тұжырым жасаған.
Эмбриогенез кезінде тіндердің дамуы жасушалардың дифференциациялануы нәтижесінде жүреді. Дифференциациялану жасушалардың генетикалық аппаратының белсенділігіне негізделген олардың функциялық мамандандырылуы нәтижесінде жасуша құрылымының өзгеруімен түсіндіріледі. Ұрық жасушасының дифференциациялануы оотиптік, бластомерлік, ұрықтық бастама (зачатка) және тіндік дифференциация деген негізгі төрт кезеңнен тұрады. Осы кезеңдерден өте отырып ұрық жасушалары тіндер түзеді (гистогенез).
ТІНДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Тіндердің жіктелуінің бірнеше түрі бар. Солардың ішінде барынша кең тараған морфофункциялық жіктеу (классификация) бойынша тіндердің төрт тобын бөліп қарастырады:

  1. эпителий тіндері;

  2. ішкі орта тіндері;

  3. бұлшық ет тіндері;

  4. жүйке тіні.

Ішкі орта тіндеріне дәнекер тін, қан және лимфа жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет